Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция когнитив.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
667.65 Кб
Скачать

• Сабақ 1 «Кіріспе. Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі нысаны, мақсат-міндеттері. Тіл мен таным. Таным теориясы. Тіл және ойлау» (1 сағат)

«Кіріспе.

Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі нысаны, мақсат-міндеттері. Тіл мен таным. Таным теориясы. Тіл және ойлау» (2 сағат)

Жоспары:

1.Когнитивтік лингвистика пәнінің тіл білімінде алатын орны, негізгі нысандары мен мәселелері.

2. Когнитивтік лингвистиканың ғылымдар саласында алатын орны.

3. Когнитивтік лингвистиканың қоғамдық, жаратылыстану ғылымдарымен байланысы.

4. Когниивтік лингвистиканың ХХ ғасырда туған ғылым саласымен байланысты.

5. Тіл мен танымның байланысы.

6. Тіл мен таным – этникалық белгі.

7. Когниивтік лингвистика оның мәні, объектісі.

8. Тіл мен танымның байланысы жөніндегі лингвистикадағы көзқарастар.

9. Тіл мен танымның байланысын зерттеу аспектілері

1. 1.1 Когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі нысаны, мақсат-міндеттері. Когнитивтік лингвистика ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Ол – тіл мен танымның бірлестігін қарайтын ғылыми пән. «Когнитивтік лингвистика» пәнінің алға қоятын мақсаты – студенттердің теориялық тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, тіл мен танымның бірлестігінің негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты-басты проблемалардан оқу бағдарламасы талабына сай жүйелі білім беру. Когнитивтік лингвистика ғылымы тіл мен танымның бірлестігін қарастыратын тілдердің барлығына немесе басым көпшілгіне тән универсалды (жалпы) мәселелерді қарастырады.

Бұл проблемалар – тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланысты мәселелер. Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.

Лингвист ғалымдар тілді сан алуан аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің пікірлері бірнеше жікке жарылады. Олардың біразы тілді қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, келесі біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу ерекшелігіне жатқызып, оны психология ғылымының қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама беруде пікір қайшылықтарына әкеп тіреді. Көтерілген мәселелерді шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар, әр түрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер болды.

Тіл білімін зерттеудегі жоғарыда айтылған түрлі ғылыми бағыттар мен олардың ұстанған принциптері алуан түрлі болсада негізгі үш бағыт аясында жүргізіліп келе жатқанын тіл білімі тарихына көз жүгірту арқылы аңғаруға болады. Олар біріншіден, Структуралистік (құрылымдық) бағыт. Бұл бағыттың негізгі ұстанымы тілді өз ішінен зерттеу болды. Структуралистік бағыт ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басына дейін кең қанат жайып, тілді өз ішінен зерттеу мәселесінде көптеген жетістіктерге жетті. Соның негізінде бүгінгі күні жекелеген тіл білімінде болсын, жалпы тіл білімінде болсын тіл білімінің грамматика саласындағы түйіткілді мәселелерді біршама толық шешті, соның нәтижесінде әлемдік грамматикада қазіргі күні дау тудыратындай аса күрделі мәселелер жоқтың қасы деп, шартты түрде айтуға болады. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және көп тарғандарының бірі – структурализм. Ол струтуралды лингвистикадеп те аталынады.

Әрине структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағын Ф.де. Соссюр салған болатын. Ол: «Тіл өзара шарттас, бір-біріне тәуелді элементтерден тұратын күрделі бір тұтас құрылым», - дейді. Структуралистер өз зерттеулерінде Ф.де. Соссюрдің осы пікірін әрі қарай дамытты. Структуралистік тіл білімінде ғалымның аталған концепциясы күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ.

Структурализмнің көпшілікке танымал үш мектебі бар. Олар: Прага (Чехословакия),Копенгаген(Дания) жәнедескриптивтік(Америка) мектептері. Әр мектептің өзіндік ерекшеліктері мен жекелеген принциптері бар. Алайда ол ерекшеліктері мен принциптері сол структуралистік ағымға қызмет етеді. Демек аталған мектептердің ғылыми бағыттары бір арнаға келіп тоғысады.

Ал екінші бағыт антропоцентристік парадигма деп аталады. Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Жалпы «антропоцентристік» немесе «антропоцентризм» деген терминді осы бағытты зерттеуші ғалымдар екі түрлі қолданады. Олардың кейбіреуі «антропоцентризм» дегенді «этнолингвистика» деген термин мен ауыстырып та, қолданатын кездері бар. Ал, кейбіреуі сол қалпында «антропоцентризм» терминін қолданады. Алайда антропоцентристік парадигманың аясы өте үлкен ғылым саласы. Сол салаларының біреуі этнолингвистика деп аталады. Демек, бұл жерде терминнің тұрақтылығын сақтай отыра, этнолингвистиканың өзі антропоцентризмнің бір саласы болғандықтан, оның аясы антропоцентризмге қарағанда, тарлау болатындықтан, антропоцентризм деп қолдану орынды болмақ. Антропоцентристік парадигманың негізгі көзқарастарыэтнографиялық тіл білімі, психологиялық тіл білімі, ХХ ғасыр тіл білімінзерттеушілердің еңбектерінде баяндалады.

Этнографиялық тіл білімі. Тіл білімі тарихында тіл мәселелерін сол тілде сөйлеуші халықтың мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болады. Бұл жөніндегі алғашқы пікір В. фон. Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрпымен, салт-санасымен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, арнайы еңбектер жазу ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ерекше белең алды. Осы негізде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда. Бұлардың екеуі де этнолингвистика (этнографиялық лингвистика) деген шартты атаумен аталады.

Америка этнолингвистикасын қалыптастырушылар – Эдуард Сепир(1884-1939) менБ. Уорф(1897-1941). Э. Сепирдің «Тіл» (1921), «Лингвистиканың жайы» (1929) деген, ал Б. Уорфтың «Тіл, ойлау және дүние (әлем)» (1956) деген еңбектері бар. Б. Уорф тілді асыра бағалады да, ал ойлау мен дүниенің (шындықтың) рөлін шектен тыс кемітті.

Германия этнолингвтстикалық мектебін қалыптастыруда көрнекті рөл атқарған – Лео Вейсгербер. Оның «Неміс тілінің күші туралы» (1950) деген 4 томдық еңбегі бар.

Бұл екі мектептің бір-бірімен жақын, ортақ жағы – екеуінің де тіл мәселелерін мәдениетпен, халықтың рухани өмірімен байланыстыра қарайтыны. Екеуіде өз зерттеулерінде В. Гумбольдттың дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын ролі жөніндегі ілімін басшылыққа алады.

Тіл білімі салаларының үшінші бір үлкен тобы салыстырмалы-тарихи тіл білімідеп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі де іргелі ғылым салаларының қатарыны жатады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізінде генологиялық жағынан туыстас тілдерді, сонымен қатар генологиялық жағынан әртектес типологиялық құрылымы сан алуан тілдерді салыстыра зерттеуде біршама табыстарға қол жеткізген ғылым саласы болып табылады.

Салыстырмалы – тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді біртіндеп дамып, өзгеріп, отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан, яғни ХІХ ғасырдың басынан басталады.

1816 ж. Неміс ғалымы Франц Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парыс, герман тілдіріндегі етсітіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейінірек те ол бұл тілдерден жинаған материалдарын иран славян, балтық, армян тілдері мәнбілерімен толықтыра келіп, 1833-49 жылдары «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Тіл білімі тарихында Франц Бопп салыстырмалы- тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.

Салыстырмалы - тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі – дат ғалымы Расмус Раск (1787-1832ж.). Ол өзінің 1817 ж. басылып шыққан «Көне исланд тілінің шығу тегін зерттеу» деген еңбегінде « Тілдердің сөздік жағын бір- біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді. Тіл туыстығының белгісі – олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуында. Өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды»,- деп өте дұрыс қорытынды шығарады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген Европа тілдерін бір – бірімен салыстыра зерттейді.

Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың тағы бірі – неміс ғалымы Якоб Гримм (1785-1863ж.). Оның төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы» атты еңбегенің бірінші кітабы 1819 жылы басылды. Гримм өзінің еңбегенде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын салыстыра зерттеуге баса көңіл бөлді. Бұрын тіл мәнбілері қалай болса солай салыстыратын еді. Гримм тілдік мәнбілерді тек хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Сөйтіп, ол тілдегі өзгерістердің қай- қайсысы да оның бірте- бірте дамуының нәтижесі екенін дәлелдеді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен тығыз байланысты екендігін баса айтты. Тіл дамуындағы заңдылық дегенді ол «сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылығы» деп түсіндірді. Бұл жаңалық ХІХ ғасыр лингвистерінің елеулі табысы еді.

Салыстырмалы - тарихи тіл білімін қалыптастырушылардың аса көрнекті өкілі – неміс ғалымы Вильгельм Гумбольдт ( 1767- 1835 ж.). Ол санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, т.б. көптеген тілдерді білген. Және соларды салыстыра зерттеген. Оның лингвистикалық ой- өрісі мейлінше аумақты еді. Тілдің құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл ғылымының салалары дегендер Гумбольдт зерттегн мәселелер.

В. Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: «лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара - пар келетін басқа бір ғалымды атау қиын»,- деп жазды.

Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықтан Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан ХІХ ғасырдағы тіл білімі траихында ол өзгелерден оқшау тұрады, ерекше жоғары бағаланады.

Салыстырмалы- тарихи әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне айналдыруда славян тілдерінң маманы, Санкт- Петербург академиясының академигі А.Х. Востоковтың (1781-7861ж.) еңбегі зор. Ол 1820 жылы жариялаған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілдері мәнбірлерін бір - біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар ме өзгешеліктерді көрсетеді.

Қорыта келгенде біз ең алдымен когнитивті лингвистика ғылымына бармас бұрын, лингвистика ғылымының қалыптасуы, даму тарихы, лингвистика ғылымын қалыптастыруда ерекше ықпал еткен лингвистикалық ғылыми бағыттар мен лингвистикалық мектептер, сол мектептердің өкілдері мен олардың негізгі еңбектеріне тоқталып, олар мен жете таныс болғаннан соң ғана , когнитивті лингвистика пәніне арнайы тоқтауды жөн санадық. Себебі қандай да болмасын ғылымды игеру үшін оның ең алдымен тарихынан хабардар болу арқылы ғана, оның өзге де өзекті теориялық мәселелерімен таныс болуға болады. Біз бұдан кейінгі лекцияларымызда когнитивті лингвистика ғылымына арнайы тоқталамыз. Когнитивті лингвистика ғылымы антропоцентристік парадигма аясындағы ғылым саласы болып табылады. Және тіл білімінің философия ғылымымен өзара сабақтастығынан туындаған ғылым саласы деп айтуға да негіз бар. Сонымен қатар біз «Тіл біліміндегі ғылыми бағыттар мен олардың салалары және лингвистикалық мектептер» деп аталатын лекциямызда профессор Байынқол Қалиұлының «Жалпы тіл білімі» (Алматы,2000ж, -115 б) атты оқулығын пайдаландық. Тіл тарихы мен тілдің теориясымен, тіл білімінің зерттеу әдісімен жете таныс болғысы келетіндер осы еңбекті қолдарына алып қарауға болады.

Когнитивтік лингвистика – көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілілігің, қиындығының басты себебі – нысанының қыр-сыры молдығында. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жатады.

Когнитивтік лингвистика – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Сөйлеу тілі – сан-салалы, өте күрделі құбылыс. Когнитивтік лингвистиканың ішіндегі күрделі, өзекті проблемалары: тіл мен танымның бірлестігі, дыбыс тілінің табиғаты мен өзіндік мәні (тіл білімі тарихында бұрын-соңды болған әр түрлі лингвистикалық мектептердің, бағыт-бағдарлардың барлығы да осы мәселенің қалай шешілуіне қарай аталып жіктелген); тілдің функциясы, ол функцияның қандай жолдармен іске асатынын айқындау; тілдің тіршілігі, оның таныммен, оның қоғаммен, ой-санамен қарым-қатынасы; тілдік элементтерде болатын өзгеріс-құбылыстар, тілдің дамуы, оның ішкі-сыртқы себептері; тілдің диалектілік және әлеуметтік салалары, т.б.

Қатынас құралы болу – тілдің ең маңызды қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы да осы негізгі қызметке тәуелді.

Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады.

Тілдің шығуы туралы ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келісім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық. «Тіл - қоғамдық» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, рөлі деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі-ақ айналысты. Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды.

2.1 Тіл және қоғам. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды. Бір тілдің немесе бір территориялық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас-құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілділік немесе көптілділік пайда болады. Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Тіл басқалығы барлық дәуірде де адамдар қарым-қатынасына бөгет болған. Осы бөгеттен құтылудың жолын халықтар ежелгі заманнан бастап-ақ іздестірген. Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды. Солардың ең елеулісі – волапюк, эсперанто жасанды тілдері. Волапюк - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола және пюк деген 2 сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл жобаны 1880 жылы неміс католигі Шлейер жасаған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады Жалпы тіл білімінің анықтамасы Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса , екіншіден, оқу пәні болып есептелетіні .Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті . Жалпы тіл біліміннің нысаны адамдардың дыбыстық тіл. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын , сыртқы дүниемен , қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан- жақты зертейтіні .Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән ортақ мәселелерді ,ортақ заңдылықтарды сөз ететін. Зерттейтін нысаны- жалпы тілдік болғандықтан , одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория екені.Курста қамтылуға тиісті негізгі мәселелер:

  1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, таныммен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі .

  2. Тілдің құрылымы, құрылымдық элементерінің бір- бірімен байланысы, арақатынасы .

  3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

  4. Тіл деңгейлері.

  5. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық ( даралану ), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, тілдік таным т.б.

  6. зерттеу әдістері.

  7. Когнитивтік лингвистиканың негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.

  8. Когнитивтік лингвистиканың тарихы,ондағы басты кезеңдер.

  9. Когнитивтік лингвистиканың тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер екендігі.

Зерттеу сипатына қарай қазіргі заман тіл білімі қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық т.б. тіл білімі болып бөлінетіні.

Жалпы тіл білімінің әлемдік ғылымда теориялық саласы ретінде танылуы- 19 ғасырдың басында, салыстырмалы- тарихи әдістің тіл білімінің зерттеу әдісіне айналуы нәтижесінде қалыптасқаны. Ол әлемдік тілдердің универсалды, барлығына ортақ мәселелерін зерттеп , соның негізінде жалпы тілдік теорияны қалыптастырғаны.Сондықтан жалпы тіл білімі бүкіл тіл ғылымының бағыт- бағдар сілтейтін жетекші, бағдарлағыш ғылым деп есептелетіні .

Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты екені.

Тіл- өзінің пайда болуы, дамуы жағынан адамзат қоғамымен тікелей байланысты қоғамдық құбылыс, ол- қоғамда аса маңызды қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Сонымен бірге тіл, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық санамен , ойлаумен тығыз байланысты. Сол себепті тіл білімі адамды, адамзат қоғамын зерттейтін қоғамдық ( әлеуметтік) ғылымдарға жататыны.

Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс- тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар екені. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық , этнографиялық , эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жататыны

1. Когнитивтік лингвистиканың мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.

2. Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің когнитологиялық, коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар

3. Тілдің табиғаты және мәні. Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны.Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт- бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсінетіндіктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.

Кеңес тіл мамандары басшылыққа алған қағидалар.

4.Тіл мен сөйлеу . Бұл екеуі арасындағы бірлік және өзгешеліктер . Сөйлеуде болатын индивидуалдық сипаттар . Сөйлеудің психологиялық жақтары, пайда болу жолдары. Тіл тіршілігі , оның дамуы , өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алуы сөйлеуге байланысты екені, сөйлеу тілдің жаны болып есептелетіні. Сөйлеу әрекеті мәселесін шешуде тіл білімі мен психология ғылымдарының өзара байланыста екені. Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынастарды айқындауда Ф.де Соссюр заманынан бері қарай болып келе жатқан пікір таластары.

5. Тіл мен ой–сана арасындағы қарым-қатынас. Бұл проблеманың замандық тарихы барлығы.Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе- теңдік бірлікте қарау , бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деушілер.

6. Тілдің жүйелік , структуралық сипаттары. Бұл екі термин жөніндегі көзқарастар. Тілдің структуралық элементтерін зерттеу мен структурализм. Бұл екеуі арасындағы өзгешеліктер. Тілдің структуралық салалары , олардың әрқайсының өзіндік сипаттары , арақатынастары , жүйенің анықтылығы , оның мәні. Жүйе элементтері арасында жүйесіздіктің де болатыны.

7. Тілдің таңбалық сипаты .Жалпы семотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері: графикалық , акустикалық , заттық , ақша таңбалары мен ықдау, нұсқау . Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Семиотиканы сипаттаудағы философтардың арасындағы қайшылықтар.

8. Тіл және қоғам. Социологиялық тіл білімі , оның объектісі. Дыбыс тілінің пайда болуы, бұған байланысты көзқарастар .Тіл және этникалық бірлік . Дүние жүзіндегі тілдердің сандық шамасы мен жіктелу түрлері. Тілдердің бір-біріне қосылу ( интерграция ) және бір-бірінен бөліну (дифферренциация) , жекелену процестері, бұлардың қоғаммен, қоғамдық формациялармен байланысы, соңғыларының тілге тигізетін әсері мен ықпалы. Билингвизм, оны туғызатын себептер, әлемдік тілдің болу қажеттігі, бұл жөніндегі пікірлер , әрекеттер.

Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері.Әдеби тіл. Тілдік дәстүр (узус) және әдеби тіл нормасы.

9.Тілдің даму заңдылықтары . Бұл мәселеге байланысты айтылып жүрген пікірлер. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер.Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екені. Тілдің қай саласында болса да тұрақты тұлғалар мен тұрақсыз, өзгерімпаз тұлғалардың болатыны.

10. Тіл деңгейлері. Олардың қалыптасуындағы негізгі шарттар, тіл деңгейлерінің түрлері жайындағы пікірлер.

11. Грамматикалық категория. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары, грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны туралы пікірле

4 Тіл және ойлау. Тіл және сана. Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.

Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.

Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, екіншісі – ішкі мазмұндық, логикалық жағы.

Когнитивтік лингвистиканың тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Дыбыстық тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалады. Оның айқындалуы адам баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсал құбылыстарды зерттейтін, соның негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дүниеге келтірді.

Когнитивтік лингвистика – тіл мен танымның, тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. «Когнитивтік лингвистика» пәнінің алға қоятын мақсаты – студенттерді теориялық тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның тіл мен танымның, тіл ғылымының өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты-басты проблемалардан оқу бағдарламасы талабына сай жүйелі білім беру.

Когнитивтік лингвистиканың нысаны – тіл мен танымның бірлестігі, адамдардың дыбыстық тілі. Когнитивтік лингвистика ғылымы тілдің танымдық қасиетін, тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейді. Когнитивтік лингвистиканың дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілгіне тән универсалды (жалпы) мәселелерді қарастырады. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс. Ондай өзекті проблемалар қатарына мыналар жатады:

1. Тілдің танымдық сипатымен, тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен, байланысы, атқаратын қызметі.

2. Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

4. Дыбыс тілінің шығуы. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ, т.б.

5. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.

6. Когнитивтік лингвистиканың негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.

7. Когнитивтік лингвистиканың тарихы, ондағы басты кезеңдер.

8. Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер.

Бұл проблемалар – тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланысты мәселелер. Когнитивтік лингвистиканың қарастыратын проблемаларды сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырымдар жасағанда, жеке тілдерді немесе тілдік топтарды зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топшылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жасалады. Сондықтан ғылыми негізде зерттелген тілдер неғұрлым көп болса, жинақталатын, қорытылатын, материалдар да солғұрлым көп болса, когнитивтік лингвистиканың мазмұны тереңдей, ғылыми нәтижесі молая түседі.

Когнитивтік лингвистика – көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілілігің, қиындығының басты себебі – нысанының қыр-сыры молдығында. Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар. Олар:

1. Интралингвистика (лат. - ішкі) тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Оның негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.

2. Экстрлингвистика (лат. - cыртқы) тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Оның социолингвистика, менталингвистика дейтін 2 саласы бар.

Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жатады.

Ғылым – шындық өмірдің ақиқат заңдылықтары туралы білімнің жоғарғы формасы, теоиялық ойлаудың жемісі. Ғылым адам баласының ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте туып қалыптасады. Әдетте, ғылымға нысан болатын мәселелерді жаратылыс құбылыстарына және қоғамдық құбылысқа жататын мәселелер деп ажыратып сол нысандарға орай бар ғылымды жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.Бұл екеуіне қосылмайтын ғылым да бар: ол – философия ғылымы. Мұның оқшау болатын себебі – ол жоғарыда аталған екі топтағы ғылымның екеуіне де қатысы бар жалпы заңдылықты зерттейді. Бұл – табиғаттың да, қоғам мен ойлаудың да жалпы заңдылықтарын қарастыратын методологиялық ғылым. Тіл білімінің тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді. Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды. Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшіншілер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты. Ал, шындығына келгенде, тілде аталған сипатттардың бәрі бар.

Ешнәрсемен байланыссыз томаға-тұйық болып тұратын құбылыс қоғам өмірінде де, табиғатта да кездеспейді. Бұл – ғылымға да тән. Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады. Ғылым жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір құбылысты, затты өзіне нысан етіп тұтас алуы да немесе оның белгілі бір жағын, бір саласын ғана алуы да мүмкін. Осыдан барып жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ нысан болады. Мысалы, тіл білімі мен философия ғылымының байланысына тоқталайық. Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады. 19 ғасырға дейін тіл білімі, көп жағдайда, философия ғылымының бір саласы ретінде қаралды.Тіл мәселелерімен айналысқандардың басым көпшілігі философтар немесе әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады. Тіл білімі мен философия арасындағы байланыс екі жақты: философия жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде тіл біліміне методологиялық негіз болса, тіл білімі ойды қалыптастыруда, оны жарыққа шығаруда тілдің қандай қызметтер атқаратыны және қалай атқаратыны жөнінде философияға материалдар береді. Дегенмен, философия үшін тіл – жалпы заңдылықтар тұрғысында ғана қаралатын жанама нысан.

Когнитивтік лингвистика – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Сөйлеу тілі – сан-салалы, өте күрделі құбылыс. Когнитивтік лингвистиканың ішіндегі күрделі, өзекті проблемалары: тілдің танымдық қасиеті, дыбыс тілінің табиғаты мен өзіндік мәні (тіл білімі тарихында бұрын-соңды болған әр түрлі лингвистикалық мектептердің, бағыт-бағдарлардың барлығы да осы мәселенің қалай шешілуіне қарай аталып жіктелген); тілдің функциясы, ол функцияның қандай жолдармен іске асатынын айқындау; тілдің тіршілігі, оның таныммен, оның қоғаммен, ой-санамен қарым-қатынасы; тілдік элементтерде болатын өзгеріс-құбылыстар, тілдің дамуы, оның ішкі-сыртқы себептері; тілдің диалектілік және әлеуметтік салалары, т.б.

Дыбыс тілін анықтауда оған – тіл дегеніміз не? деген бір сұрау қою да, бұл сұрауға бір сөйлеммен жауап беруді талап ету де дұрыс бола қоймайды. Өйткені дыбыс тілінің өзіндік сипаттары бір сұраудың да, бір сөйлеммен құралған анықтаманың да шеңберіне сыймайды. Әңгіменің түйіні дыбыс тілінің несін, қай сипатын айқындағымыз келетіндігінде. Егер дыбыс тілін қоғамдағы қызметі жағынан айқындағымыз келсе, оған – дыбыс тілі дегеніміз - «адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы» деп, егер дыбыс тілінің таныммен, ой-санамен қарым-қатынасын айқындағымыз келсе, «ойды қалыптастырып, жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы, ақиқат, шын сана» деген анықтама береміз. Дыбыс тілін құрылымдық, матеиалдық жағынан айқындағымыз келсе, «қатынас жасауға қажетті элементтердің, ереже, үлгілердің жиынтығы», қоғам өміріндегі рөлін, алатын орнын байқатқымыз келсе, «қоғамның күресі мен дамуының құралы, мәдени өмір формаларының ең негізгілерінің бірі» деп атаймыз, т.б. Бұлардың ішінде ең негізгісі – адам қатынасының аса маңызды құралы дейтін жалпы анықтама.

Тілдің қатынас құралы болу қызметі, танымдық сипаты, коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады. Қатынас құралы болу – тілдің ең маңызды қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы да осы негізгі қызметке тәуелді.

Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тілі білімі тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс – демалу, қоректену, жүріп-тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп саналады. Бұлай болғанда тіл атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырылуы керек. Бірақ өмір тәжірибесі тілдің тұқым қуалайтын биологиялық қасиет емес екендігін, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйренентіндігін көрсетеді. Қандай халыққа, қандай нәсілге жататындығына қарамастан, жас баланың өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе, сол тілде сөйлеп кететіндігі тілдің биологиялық құбылыс еместігін білдіреді. Сондай-ақ, тіл жеке адамның рухани қасиетіне тән психикалық құбылыс та емес. Олай болғанда, әр адамның тілі әр басқа болар еді де, халықтық, ұлттық тіл деген болмас еді. Сонымен, тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.

Тілдің шығуы туралы ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келісім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық. «Тіл – қоғамдық» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, рөлі деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі-ақ айналысты. Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр мектебі де ерекше мән берді. Тіл қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететінқоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Пікір алысу, сөйлесу қоғамдасқан адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ. Адам қоғамы қашан туған болса, тіл де осы кезеңде пайда болған.

2.3 Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды. Тіл мен қоғам арасында болатын қарым-қатынас - өте күрделі, көп қабатты, кең салалы проблема. Бұл проблеманың қарауына жататын басты тараулар мыналар жатады: тілдің табиғаты мен әлеуметтік мәні, оның шығу, даму тарихының адам қоғамы тарихымен бірлігі, тілдің адамдардың этникалық бірліктерімен, қоғамдық формациямен байланыстылығы, тіл қызметінің салалары, олардың әлеуметтік сыры, қоғамның тілге, тілдің қоғамға тигізетін әсерлері, тілдің қоғам мәдениетімен, ғылыми-техникалық прогреспен қарым-қатынасы, олардың тілдегі көрінсітері, тілдер араларында болатын қарым-қатынастар, халықаралық қарым-қатынастағы тілдік бөгет, одан құтылудың жолдары, т.б.

Дыбыс тілінің шығуына байланысты ежелгі заман ойшылдары айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай-қайсысы да ғылыми тұрғыдан сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама-қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Өз дәуірі тұрғысынан қарағанда, бұл үлкен жетістік болғанымен, қойылып отырған мәселені ғылыми шешкендік емес. Ф.Энгельс өзінің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі», «Табиғат диалектикасы» сынды еңбектерінде дыбыс тілінің пайда болуы үшін екі түрлі шарт қажет: бірі және ең алғашқысы – биологиялық, екіншісі - әлеуметтік алғы шарт. Ф.Энгельс Ч. Дарвиннің іліміне сүйене отырып, адам баласының арғы тегі бір кездерде ағаш басын паналап, ағаштарда өсетін әр түрлі жемістерді жеп күнелткен адам тектес маймылдар екенін айтады. Дыбыстық сигналдарға қосымша маймыл-адамдар ымдау, нұсқау сияқты әр түрлі дене қимылдарын да қатынас құралы ретінде пайдаланған болу керек дегенді де айтады. Қалай болған күнде де, өз дамуының алғашқы басқышында тұрған кезде дыбыс тілінің өте қарапайым, тым жұпыны, сөздік құрамы өте тапшы болуы табиғи нәрсе.

Ғылым атаулының қай-қайсысы да зерттеуді, түсінуді жеңілдету үшін, өз нысанын түрлі топтарға бөліп, жіктеп қарайды. Бұл тәсілді тіл білімінде латын тілінен ауысқан термин бойынша классификация деп атайды. Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды. Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында екі түрлі процесс болды. Оның біріншісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі. Бұл процесс – тіл білімінде дифференциация деп аталады. (лат.-өзгелену, ажырасу). Екіншісі – жеке диалектілердің, тілдердің бір-бірімен жақындасу, бірігу процесі. Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады (лат.-қосылу, жақындасу).

Бір тілдің немесе бір территориялық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі. Тілдік жағдаяттың сандық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатыстьы тілдердің саны, олардың әрқайсысында сөйлеушілердің саны, қоғамдық қатынаста әр тілдің қолданылу аясының мөлшері, қолдануда басым тілдердің саны т.б. жатады. Тілдік жағдаяттың сапалық белгілеріне: тілдік жағдаятқа қатысты тілдердің бір тектес немесе әр тектес болатыны; тілдердің функционалдық сипаты тең немесе тең емес екендігі; мемлекет аумағында басымдық ететін жергілікті ті ме, әлде кірме тіл ме екендігі жатады. Мысалы, Мали Республикасында француз тілі, Ганада ағылшын тілі басымдық етеді.

Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас-құралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді. Осыдан барып екітілділік немесе көптілділік пайда болады. Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.

Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршылдарының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин тілдердің қалыптасуымен байланысты. Бұл процесс жергілікті халық тілдері мен одан тегі бөлек келімсектер тілдерінің қарым-қатынасындағы тілдік жағдаятқа байланысты туған. Пиджин тілдер бір кездегі отарлау саясатына байланысты еуропалық келімсектер тілінің жергілікті этностар тілімен үнемі және жаппай қарым-қатынасы жағдайында жаңарып өзгеруінен пайда болған тілдер.

Тіл басқалығы барлық дәуірде де адамдар қарым-қатынасына бөгет болған. Осы бөгеттен құтылудың жолын халықтар ежелгі заманнан бастап-ақ іздестірген. Бірыңғай ортақ тілдің болуын өзіне дейінгі қоғамдық формациялардың қай-қайсысынан да көбірек қажет еткен – капиталистік қоғам. Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет шеңберінде қалмай, дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу фактілері бар. Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі жетті. Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ. Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатты. Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды. Солардың ең елеулісі – волапюк, эсперанто жасанды тілдері. Волапюк - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола және пюк деген 2 сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл жобаны 1880 жылы неміс католигі Шлейер жасаған.

Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады. Эсперанто 19 ғасырдың ІІ жартысынан бері қарай белгілі болып келеді. Оны қалыптастырушы және осы атауды беруші – поляк дәрігері Заменгоф. Ол 1887 жылы жарық көрген «Лингвоинтернация» (халықаралық тіл) деген кітабына эсперанто деген бүркеншік атты автор еткен. Эсперанто үміттенуші деген мағынаны білдіреді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 56 елде эсперантистердің ұлттық бірлестіктері бар көрінеді. 25-тей радиостанция эсперанто тілімен хабар таратып тұратын көрінеді. Лондондағы арнаулы эсперанто кітапханасында осы тілде жазылған 30 мыңдай еңбек жиналған көрінеді. Ресейде эсперанто одағы 1920 жылы құрылып, жұмыс істеп келеді. Эсперантоның тілі жеңіл де қарапайым. Оның сөздік құрамы үндіеуропа және басқа да тілдерге белгілі ортақ сөздер негізінде жасалған. Эсперантода не бары 16 грамматикалық ереже, 40-қа жуық жұрнақ пен сөз алды қосымша бар. Әліппесі латын графикасы неізінде жасалған, ол 28 таңбадан тұрады. Ғылыми-техникалық терминдер есебінен эсперантоның сөздік қоры молайып отырады: түбір сөздер саны 1887 жылы 927 болса, 1970 жылы 16000-ға дейін көбейген. Эсперанто – нағыз тіл емес, тілге көмекші, тәжірибе ретіндегі дүние. Оның сипаты мен мәні, қызметі, болашағы туралы ғалымдар арасында бірізділік жоқ. Эсперантоның тар шеңберлігі, материалдық құрылымының тапшылығы, тым қарапайым жұпынылығы, қызметтік мүмкіндік өрісінің тарлығы оның болашағына күдікпен қарауды арттыра түседі.

5 Тіл және ойлау. Тіл және сана. Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді. Бұл саладағы пікірлерді былайша топтауға болады:

1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Шлейермахер, Гаман, 18-19 ғ.).

2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғалымы Бенеке, 19 ғ.).

3. Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы Гумбольдт, фран. ғалымы Леви-Брюль, 18-19 ғ.).

4. Тіл мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-тең бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатысы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді. Менталингвистика нысандары ішіндегі қиын да актуалды проблемалардың бірі – тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы – тіл мен ойлау табиғатының күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында.

Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, екіншісі – ішкі мазмұндық, логикалық жағы. Тілдің, тілдік элементтердің логикалық жағы дейтініміз – олардың білдіретін мағыналары, атқаратын қызметтері. Тілдік элементтер сөйлеу процесінде қандай қызмет атқарса, сол олардың мәні, мазмұны, мағынасы болмақ. Басқаша айтқанда, мағына деп тілдік тұлғалардың семантикалық функциясын айтады. Тілдік элементтердің мағыналары дамудың ұзақ замандық тарихы бойында бірте-бірте қалыптасады да, келе-келе әбден орнығып, сол тілде сөйлейтіндердің барлығына бірдей түсінікті және міндетті жалпылық сипат алады. Тілдік ұжым мүшелері сөйлеу процесінде сөздің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оны ауыспалы, келтірінді мағынада қолдана береді, ал, грамматикалық мағыналарыды олай түрлендіре алмайды. Бұл жағдайлар тілдік семантиканың сапалық жағынан да, сандық жағынан да, құрылымдық және қызметі жағынан да әр қилы екендігін байқатады. Тілдік мағыналардың сол түрлерін дұрыс айқындап, жан-жақты талдап шешу менталингвистика мен лингвистикалық концептологияның негізгі міндетттерінің бірі.