Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жапонияны б.б.ж реферат.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
54.13 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» Академиясы

Реферат

Тақырыбы: « Жапония мемлекетінің білім беру жүйесі».

Орындағандар: ПиП 13-2 тобының

студенттері

Дүйсенова Л.Н.,Әшімова Т.Т.

Тексерген: аға оқытушы

Искакова Д.М.

Қарағанды 2015

Жоспар:

I Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Жапония мектебі туралы мағлұмат.

  2. Жапон мектептеріндегі Lesson study

  3. Кәсіптік білім беру.

  4. Жоғары білім беру жүйесі

  5. Киото университеті.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Жапонияда 1984 жылы XXI ғасырға арналған халыққа білім беру реформасының алғашқы дайындығы басталған. Жапондықтар оны реформа эпохасының басталуы деп сипаттаған және жекелеген жақтары ғана емес білім беру жүйесінің негізі реформалануы тиіс деп есептейді. Жаңа реформаның негізгі міндеттері:

-Әрбір адамға өмір бойы әсер ететін, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру.

-Балалар мен жасөспірімдердің білім алу кезеңінде оқытудың құрамы мен әдісін қайта жасау.

-Компьютерлендіру мен ақпараттандырудың жоғарғы деңгейі, сондай-ақ жаңа өмірдің интернализациясы сияқты процесстер мен құбылыстарға сәйкес тәрбиелеу және білім берудің құрамы мен әдісінің құрылымын жасау болып отыр.

Білім беру жүйесіндегі жапон елінің негізгі саяси көзқарастары әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік структураларда қызмет ете алатын шығармашыл, ерекше ойлай алатын, жан дүниесі бай тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Барлық білім беру жүйелері тығыз байланысты және бір мақсатқа – өсіп келе жатқан ұрпаққа дамыған жапон қоғамының ұлттық мәдени құндылықтарын беру мақсатында жұмылдырылған. Міне сондықтан да негізінде американдық модель жатқан жапонияның білім беру жүйесі еуропалық мәдениеттің әсеріне ұшырамай ұлттық құндылықтарын сақтап қалған.

Жапонияда мектепке дейінгі білім беруге үлкен көңіл бөлінген. Себебі психологтардың дәлелдеуі бойынша адам 7 жасқа дейін бүкіл өмір бойы алатын білімінің 70% – ын, ал одан кейін 30% -ын ғана алады екен. Балалық шақта баланың өзге адамдармен сөйлесу мәнері қалыптасады, ал, ұжым құндылықтарына негізделген жапон қоғамы үшін бұл маңызды сипатқа ие екендігі даусыз.

Басқа мемлекеттерден ерекшелігі жапон азаматы мемелекеттік мектеп мұғалімі болуы үшін мұғалім дипломын алумен қатар арнайы емтиханнан өтуі қажет екен.

Орта білім беру жүйесінің тағы бір ерекшелігі оқу жоспарында химия, физика, биология, география, тарих сияқты пәндердің болмауы болып табылады. Олардың орнына дүниетану және қоғамтану курстары өткізіледі екен.

Жапония бастауыш және орта білім беру жүйесінің маңызды ерекшелігі «кокоро» ұғымы болып табылады. Әр бір жапондық үшін «кокоро» сөзі тек білім алу ғана емес, адамның мінез – құлқының қалыптасуы деген мағынаны білдіреді. Жапондықтар «кокороны» білім берудің негізі деп есептейді.

Жапонияда мектеп курсы 12 жылдық, және оның жартысы ана тілін үйренудің қиындығына байланысты бастауыш мектепте өтеді. Өз елінің тарихын үйрену де көп еңбекті қажет етеді.

Әр күні оқуларын аяқтағаннан соң балалар тағы да мектепке барады. Бірақ ол міндетті емес, алайда университетке түсу үшін қажетті болып саналады. Бұл мектептерді «дзюку» деп атайды, – аударғанда «шеберлік мектебі», дұрысырақ «репетиторлық мектеп» деп аударуға болады. Онда арнайы жалданған мұғалімдер балаларға мектепте күндіз өткендерін қайта түсіндіреді, соған қосымша жаңа білімдерді де береді.

Бұрын дзюку мектебінде оқу тек алдыңғы қатарлы университеттер мен мектептерге түсу үшін ғана керек болса, қазір қатардағы мектепке түсу үшін де дзюку мектебінде оқу керек. Дзюкуда 3 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар білім алады. Бастауыш мектептің 1/6 бөлігі, орта мектептің жартысы және жоғары мектептің барлығына жуығы білім алады. Барлық дзюку мектептерінің жылдық табысы елдің қорғаныс саласына жұмсалатын қаржы көлемімен салыстыруға келеді. Себебі Жапонияда білім алуға қаржы жұмсау ең дұрыс каритал болып саналады.

Жапон мектебінде мұғалім құрметті орынға ие. Мұның негізінде конфуцияндық тәрбие жатыр. Жапон мұғалімі тек білім беруші ғана емес, тәрбиелеуші, жасөспірімдердің өмір жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға көмектесуші ақылшысы. Сондықтан да ұстаздардың ер адам болуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта бастауыш мектеп мұғалімдерінің 40%-ы, жартылай орта мектептің 65%-ы, орта мектеп мұғалімдерінің 80% -ы ер мұғалімдер.

Жапонияда жоғарғы оқу орынының мамандық бөлімі және мамандық мектептерінің жоғарғы курс, ( жоғарғы мамандық мектебі) және жоғарғы мектеп программасы сияқты мамандық білімдеріне қамтылады:

Мектеп

Сыныптама және игеретін білім, тәрбиесі

Мерзімі

Бастауыш мектеп

Балабақша жасының негізгі мағұлматтарын үйретумен қатар, өзін дамыту білу сияқты негізгі құндылықтарды үйретеді.

6- жыл6-жастан  12-жас

Орта мектеп

Бастауыш сыныптың негізгі біліміне сәйкесорта сыныптың негізгі білімдерін тереңдете оқытады

3-жыл12-жастан 15- жас

Аға мектеп

Орта сынып білімін тереңдете оқып болашақ мамандығына дайындау

3-жыл 15-жастан 18-жас

Мамандық мектебі

Өзінің таңдаған мамандығы туралы толық меңгеріп, тәжірибесін жоғарлату

2-жыл

Қысқа мерзімді мамандық жоғарғы оқу орыны

Жоғарғы оқу орнында алатын мамандық білімін қысқа мерзімде үйреніп өмірде іске асыра білу

2-жыл

Жоғарғы оқу орыны

4 жыл мерзімде үйреніп зерттеулер жасап өзін өзі дамытып қоғамға шығуға дайын болу

4-жыл

Магистрантура және   Докторантура .

Тереңдете оқып , мамандық деңгейінде игеру.

2- 2.5 жыл

Жапония мемлекетінің жалпы білім ордалары бала- бақшадан басталып ( 6 жыл), орта сынып (3 жыл) алғашқы мағұлмат білімі ( 9 жыл) игергеннен кейін жоғарғы сыныпта ( 3 жыл) оқиды. Сонымен қатар білімін жоғарлатып оқығысы келгендер университелер, қысқа мерзімді оқу орындары, кәсіптік мектептер сияқты жоғарғы оқу орындарында білім ала алады.

Жапония елінде оқу жылы сәуір айында басталады және ол триместрлерге бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі – қаңтар – наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.

Жапонияда мектеп мұғалімі - ежелден бері ер адамдардың мамандығы болып есептелінеді. Жапония мектептерінің көбісінде асхана жоқ, оқушылар сыныпта тамақтанады.

Жапония мемлекетінің 47 қала және аудандарындағы бастауыш, орта, аға мектептер саны:

  • Бастауыш мектептер саны 22000 –і мектеп, 419776- ы ұстаз қызметкерлер, 6993000 оқушы бастауыш мектепте білім алуда.

  • Орта мектептер саны 10815- і мектеп, 25899- ұстаз, қызметкерлер,3558000 оқушы орта мектепте білім алуда.

  • Аға мектептер саны 5116-ы мектеп, 307812- ұстаз, қызметкерлер,3369000-н оқушы білім алумен қатар көп салалы қыздар мектебі және көп салалы ұлдар мектептері деп бөлінеді.

Жапон елінің 6 жылдық бастауыш сыныптарда балаларға рухани-адамгершілік және дене тәрбиесі пәндері барлық жүктеменің 51% - ы көлемінде оқытылатын болса, қарастырылып отырған стандартта тек 30 пайыз көлемінде ғана оқыту жоспарланған.

Жапон мектептерiнде сабақ тек мемлекеттiк тiлде жүредi. Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес Таджиричоу мектебінде ең көп сағат саны кокуго (мемлекеттiк тiл) пәнiне бөлiнген. Бiрiншi сынып балалары бұл сабақты аптасына 9 сағат, жылына 306 сағат оқыса, математикаға 136 сағат бөлiнген. Екiншi сынып балалары кокугоны аптасына 9 сағат, жылына 315 сағат оқиды. Ал математикаға жетiсiне 5 (жылына 175 сағат) бөлiнген. Шет тiлi жалпы бiлiм беру бағдарламасына сәйкес орта мектепте бесiншi сыныптан бастап үйретiледi. Оның өзi де аптасына 1 сағат қана! Бұл жапон балалары ағылшын немесе басқа да шет тiлдерiн бiлмей қалады деген сөз емес. Бізде өскелең ұрпақтың шет тілдерін меңгермей қалу қаупі жоқ.

Жапония мектебі:

  • 1.Жапонияда балалар 6 жыл бастауыш мектепте, 3 жыл орта мектепте, 3 жыл жоғарғы мектепте және 4 жыл университетте оқиды.

  • Балдырғандар 3 жасынан бастап балабақшаға міндетті түрде барады. Осы жерде жүріп хирагана мен катакананы оқып үйреніп, арифметиканың негіздерімен таныса бастайды.

  • Барлық бала мектепке қабылдану үшін экзамен тапсырады. Экзаменнен өте алмағандар қосымша дайындық мектебіне барып, келер жылы қайта тапсырады.

  • Бастауыш және орта мектептегі білім тегін. Ал жоғарғы мектеп пен университетте тек ақылы бөлімде оқиды.

  • Бастауыш мектепте үй тапсырмасын бермейді. Есесіне, орта және жоғарғы мектеп оқушыларына үй тапсырмасы көп мөлшерде беріледі. Осы кезеңде жапон оқушылары мемлекеттің ең жұмысбасты азаматына айналады.

  • Әр мектептің өзіне ғана тән дара формысы бар.

  • Көп мектепте шашқа байланысты сақталуы тиіс қатаң ережелер тізімі бар. Ол ережеге сәйкес оқушылар шашының түсі тек табиғи болуы керек.

  • Оқушылар тек қара, ақ, қара көк түсті шұлық киіп жүре алады. Студент мектеп ережесіне қарсы келіп, басқа түсті шұлық киген жағдайда оны тәркілейді.

  • Әдетте бір сыныпта 30-40 оқушы оқиды.

  • Ұстаздар сыныптан сыныпқа көшіп жүргенімен, оқушылар кабинет ауыстырмайды.

  • Оқушылар жапонша жазып, кітап оқып үйрену үшін 2 500 таңбаны жатқа білуі тиіс.

  • Жапон оқушылары оқу мен жазуды дұрыс жапон иероглифтерінің, қытайлық иероглифтердің және латын әліпбиінің көмегімен үйренеді.

  • Жапония мектептерінде негізгі пән ретінде математика, жапон тілі, қоғамдық ғылымдар, музыка, дене шынықтыру және қолөнер оқытылады. Дәл қазір ағылшын тілі бастауыш мектептен бастап қолға алынуда.

  • Оқушылар техниканы білімдерін жетілдіру мақсатында пайдаланады. Барлық мектеп интернетпен қамтылған.

  • Жапон мектептерінде еден жуушылар болмайды. Барлық оқушы кішігірім топтарға бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі сынып бөлмесін, ауланы жинастыру, гүлге су құю сынды жұмыстармен айналысады.

  • Мектептердің барлығында дерлік футбол, кендо, бейсбол, дзюдо, теннис, жеңіл атлетика, жүзу, волейбол, регби сынды клубтар бар. Сабақтан кейін клуб мүшелері бас қосып, уақыттарын бірге өткізеді.

  • Жазғы демалыс 40 күнге созылады. Ережеге сәйкес 20 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды. Ал қысқы демалыс 26 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында 10 күнге созылады. Көктемгі демалыс та 25 наурыз бен 5 сәуір аралығында 10 күнге жуықтайды.

  • Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады.

  • Әрбір мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ететін диетолог мамандар жұмыс істейді.

  • Жұмыс берушілер тарапынан ЖОО-ға түсу балы жоғары студенттерге сұраныс арта түседі. Студент ЖОО-ны бітірген соң оқу ақысын төлеген компанияға жұмысқа орналасады. Ал компания өз кезегінде оқуға төлеген ақшаны студенттің жалақысынан ұстап қалады.

  • Студенттер ЖОО-ны тәмамдаған кезде курстық, дипломдық жұмыстар жазбайды. Тек оқытушыларға бірнеше беттік есеп ұсынады.

Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда бол- ды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте ба- стады. Соңында бұл үдерістерді Lesson study деп атады. Содан кейін Lesson study тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілді.

Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты білім беруге қарағанда, тәрбиеге көп мән береді. Жапондардың мектепке, ұстазға деген дәстүрлі құрметі, қарым-қатынасы сыйлауға лайық. Ұстаз оқушылар үшін адамгершілігі жоғары тұлға моделі, үлгі тұтарлық мысал болып табылады. «Ұстаз – ұлт игілігі» деп есептейді жапондар. «Үш қадам артқа шегін, бірақ мұғалімнің көлеңкесін баспа» дейді ежелгі даналық. Жапония – өзінің бүкіл тарихы бойында жас ұрпақты тәрбиелеуге зор көңіл бөлген ел. «Қытай білімпаздығы және жапон рухы» (кансай-вакон) ұраны «Жапон рухы және батыс технологиясы» (вакон-есай) ұранына ауыстырылды. «Вакон-есай» – «шетелдіктер жасаған білімді алу, бірақ оларға жапон рухы мен жапондық ойлау қалпының негіздерін әлсіретуге мүмкіндік бермеу» дегенді білдіреді. Осы күнге дейін «вакон-есай» ұстанымы Жапониядағы білім беруді дамыту стратегиясын қолданады

Кəсіптік орта білім беру. Жапондық колледждер – ресейлік орта арнаулы оқу орындарына ұқсас келеді. Олар кіші технологиялық жəне арнайы даярлау колледждері болып бөлінеді. Кіші колледждер екі жылдық бағдарлама бойынша оқытады. Бұлар, əсіресе қыз балаларға арналған колледждер болып табылады. Бұл колледждердің басым көпшілігі жекеменшік болып табылады. Гуманитарлық, медициналық, жаратылыстану жəне техникалық бейіндер бойынша білім береді. Оқуға түсу үшін талапкердің қолында толық орта мектепті аяқтау жөніндегі куəлік болуы жəне түсу емтихандарын тапсыруы қажет. Кіші колледжді тəмамдаған бітірушілердің бірден университеттің екінші немесе үшінші курсына оқуға түсу құқығы бар. Қызметтің əртүрлі саласы үшін жоғары білікті мамандар бес жылдық бағдарлама бойынша (толық емес орта мектеп курсы үшін) жəне екі жылдық бағдарлама бойынша (толық орта мектеп курсы үшін) технологиялық колледждерде оқиды. Бұл оқу ор- нында электрониканы, машина жасауды, құрылысты жəне т.б. оқытады. Арнайы кəсіптік даярлау колледждері (мектептер) кіші немесе техникалық коллед- ждерде жəне жоғары оқу орнында оқуларын жалғастыру құқығынсыз кəсіптік білім береді. Мұнда білім алушылар дизайнер, автомеханик, тігінші, аспаз мамандықтарын алып шығады.

Жоғары білім беру жүйесі. Жапония жоғары білім беру жүйесінде толық циклдегі университеттер (оқу мерзімі – 4 жыл), жеделдетілген циклдегі универси- теттер (оқу ұзақтығы – 2 жыл) жəне техникалық институттар (оқу мерзімі – 5 жыл) жұмыс істейді. Жапония университеттері мемлекеттік жəне жекеменшік болып бөлінеді. Жапонияда 726 университет бар, оқу екі деңгейлік сызба бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат (4 жыл) жəне магистратура (тағы 2 жыл). Жапонияның ең үздік университеттері Осакадағы Киото университеті жəне Токио университеті, сонымен қатар, Кэйо жəне Васэда университеттері əлемдік рейтингте жоғары позицияларға ие.

Киото университеті - Жапония Киото қаласында орналасқан ең маңызды ұлттық оқу орындарының бірі. Ертеректе императорлық университеттердің қатарына кірген. Жапон елінде Токио университетінен кейінгі ең ескі университеттің бірі болып есептеледі. Киото университетінде шамамен 22 мың студент білім алады. Университет құрамында 10 факультет, 15 жоғары мектеп, 12 зерттеу институты және 21 ғылыми орталық бар. Kyoto University – әлем универсиеттері арасында «Global universities ranking» рейтингісі бойынша 11-орында болса, «Times Higher Education-QS World University Rankings» рейтингісінде 25-орынды иеленді. Қазіргі таңда Киото университетінің 5 түлегі Нобель сыйлығы лауреаттары.

Мамандықтар

Политология

Юриспруденция

Биоинженерлік

Құрылыс

Электроника және микроэлектроника

Қаржы.

Программалар

Магистратура,

Ғылым докторы

Бакалавриат,

Машықтану

Тіл үйрену курстары.

Қабылдау мерзімі

Қабылдау мерзімі ақпан-наурыз айларында басталады.

Дайындық курстары

Киото университетінде талапкерлерге дайындық курстары қарастырылмаған. Жапон тілі курстары тек ЖОО студенттеріне немесе ауысу программалары бойынша келгендерге ғана болады.

Оқу құны

Бакалавриат – 6430$, емтиханы бағасы – 204$.

Магистратура – 6430$, емтихан бағасы – 360$.

Құқық мектебі - 9650$, емтихан бағасы - 360$.

Қазақстан және Жапония университеттері арасындағы әріптестік жайлы алғаш меморандумға қол қойылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жапонияның жетекші жоғары оқу орны – Васэда (Waseda University) университетімен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Қос университет бекіткен өзара түсіністік жайлы келісімнің басты мазмұны әріптестіктің перспективалы бағыттарын дамыту, оқытушылар мен студенттер арасындағы білім беру, кәсіби және мәдени байланыстарды нығайтуға келіп саяды. Академиялық қызметті дамыту, ғылыми-зерттеу саласындағы әріптестік, студенттер мен мамандарды оқыту өзара қызығушылық тудыратын салалар болып танылды. Васэда университеті дүние жүзінде Жапонияның ең беделді екі жоғары оқу орнының бірі (екіншісі - Кэйо университеті) ретінде белгілі. Жапондық классикалық білім берудің принциптеріне берік 130 жылдық тарихы бар Васэда университетінің негізін ғалым және саясаткер Окума Сигэнобу қалаған.

Үкіметтен білім саласына аса мән беріп көптеген жобалар іске асырады мұнда шетел студенттерінің стипендия бағдарламасы және мемлекет қаржысымен оқитын студенттерге қойылатын талаптар:

-Магистр дәрежесін қорғаушы үміткер өз мемлекетінде жақсы маман иегерген болу

-Жапония University_of_Tokyo_-_Gogetsusai_2010_лекетімен дипломатиялық қарым қатынас құрған мемлекет болуы шарт / қатар екі елдің азаматы болуға болмайды

-Әскер немесе қандай бір әскери саламен байланысы болса стипендияға қамтыла алмайды

-Степендия asuda-auditorium-tokyoендияға қамтылатын студент жапон тілін жақсы меңгерген болу және жапон тарихы, заңдарын жапон тілінде зерттеген болу, және денсаулығы сол елдің қойған талаптарына сай болуы шарт

-Өз мемлекетінде жалпы орта және жоғарғы білімдерін 16 жыл немесе одан жоғарғы жыл курс, оқуларда бітірген \ бітіретін сынып\ оқушы болуы шарт

-Магистр дәрежесін қорғаушылар жоғарғы оқу орынын бітірген немесе соған теңкелетін дәрежеде білім игерген 22 жастан жоғары / медицина ғылымы бетеринерлік салалары бойынша доктарантура дәрежесін қорғаушылар 24 жасқа толған болуы шарт.