Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кукык негіздері

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
29.17 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» университеті

Баяндама

Тақырыбы: «Инновациялық қызметті құқықтық реттеу

Орындаған: ПиП – 13-2 тобының студенті

Әшімова Т.Т.

Тексерген: аға оқытушы Көпжасарова С.И.

Қарағанды 2015

Инновациялық қызметті құқықтық реттеу.

Қоғам экономика, адамзат қажеттілігі, жаңа үрдіс бір-бірімен тығыз байланыста. Инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру инновацияның жүзеге асырылуының ең тегізгі құралы. Инновация үшін қолдаудың қаржылық құралдары кеңейтіліп, жаңа салықтық жеңілдіктер мен жоғары технология саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдіктер енгізілген. Инновациялық қызметті реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі кешенді және көп аспектілі сипатқа ие. Инновациялық қызметті құқықтық реттеу жүйесіне интеллектуалдық меншік туралы, ғылым туралы инвестициялық заңнамалар, Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасынан тұрады. Инновациялық заңнамалардың ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерде бар нормалар - дефиницияларды саралауымыз қажет.

Дефиниция- түсінікті анықтау, түсінікті оның белгілері арқылы анықтау. Бұл жерде инновацияның түсінігі мен мазмұны, инновациялық қызмет субъектілері, инновациялық қызметті реттейтін органдардың уәкілеттілігі туралы болып отыр.

Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет[1]. Инновациялық қызметтегі қалыптастыру және жүзеге асыру оны азаматтық айналымға енгізу дегенді білдірсе, новация (жаңа) және оның негізінде жаңа өнім түріндегі тәжірибеде нәтиже алу, өндірістің жаңа тәсілі, яғни жаңа технология, сонымен қатар ұйымдастырушылық, өндірістік техникалық, әлеуметтік - экономикалық сипаттағы тәжірибеде жүзеге асырылған шешімдер және ол шешімдер нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн әсер ететін шешімдер ретінде қарастырылады. Инновациялық саясат концепциясына сәйкес «инновация- тәжірибелік қызметте қолданылатын технологиялық үрдістің жаңа немесе жетілдірілген рынокта таратылатын өнімнің жаңа немесе жетілдірілген инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі». Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасынан инновациялық қызмет - аяқталған ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң, не өзге ғылыми-техникалық жетiстiктердiң нәтижелерiн рынокта сатылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмде, практикалық қызметте пайдаланылатын жаңа технологиялық процесс екендігін аңғарамыз. Қазіргі кезде инновациялық қызметті құқықтық реттеуге байланысты ауқымды қадамдар жасалғанымен заңдағы ақтаңдақтардың барлығы жасырын емес. Атап айтқанда инновациялық қызмет субъектілері және олардың құқықтық жағдайына қатысты сұрақтар, инновациялық қызметті реттейтін органдардың уәкілеттілігі, мемлекеттік қолдау механизмдері. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі оны бюджеттік қаржыландыру. Жыл сайын бекітілетін бюджет мақсатты ғылыми және инновациялық бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруды тиісті жылға бекітеді. Бірақ бюджеттік жоспарлау қысқа мерзімге жоспарланумен байланысты қиыншылықтар бар. Инновациялық жүйенің инфрақұрылымын құрайтын ұйымдарды дамытудың қиыншылығы олардың мүмкіншілігіне қарағанда қысқа мерзімге қаржыландыру болуы. Инновациялық үрдістің қатысушыларының бірі ғылыми білім беру ұйымдары және олар мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша ұйымдастырылуы. Заңға сәйкес мемлекеттік мекеме– басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым. Жеке мекемелерде интеллектуальдық меншік объектілерін жарғылық капиталға салым ретінде салады. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады. Ғылыми қызмет және ғылыми-техникалық қызмет инновациялық үрдістің сатысы және олардың «материалдық» жиынтығы инновациялық қызметтің циклы ретінде қарастырылады. Инновациялық қызметте дербестік, тәуекел және пайда табуға бағытталғандық белгілері болады. Бірақ пайда табу инновацияның соңғы өнімін жүзеге асыру және осы өнімнің сапасымен анықталады. Алғашқы сатысында пайда табу мүмкін емес. Инновациялық қызмет өндірістің тиімділігін көтеру арқылы қосымша пайда табуға бағытталған және бәсекелестікте басымдылық алуға бағытталғандық. Сондықтан бұл кәсіпкерлік ретінде қарастырылады. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері [2]. Яғни, инновациялық қызмет нәтижесі ғылыми-техникалық өнім, яғни жаңалықтар, гипотезалар, теориялар, моделдер-фундаментальды зерттеулер өнімі, өнертабыс, ғылыми және конструкторлық өңдеулер, жобалар, жаңа техниканың тәжірибелік үлгілері, информатика өнімдері.

Жаңаның екі негізгі деңгейі қарастырылады: - тауардың жаңа түрі; - рынокта белгілі тауардың жаңа компоненттерін енгізу. Интеллектуальдық меншікті қорғаудың негізгі үш белгісі бар:

-патент;

-авторлық құқық;

-тауар белгісі.

Интеллектуальдық меншікке ноу-хауда жатады. Ноу-хау-өндірістің түрін ұйымдастыру үшін қажетті техникалық, коммерциялық және өзге де білімдердің жиынтығы. Ноу-хауды қорғау заңнамалармен реттелмейді. Инновациялық қызмет субъектілері ғылыми-техникалық аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер. Олар өнертапқыштар, құрастырушылар, технологтар және жаңаны өңдейтін және тарататын өзге де творчество иелері. Ғылыми-техникалық өңдеулер азаматтармен жасалады, бірақ инновациялық қызметтің алдыңғы қатарлы субъектілері меншік нысанына қарамастан ғылыми-зерттеу және жобалау- конструкторлық ұйымдары, экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, жоғары оқу орындары. Инновациялық қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары шаруашылық серіктестіктер, мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер. Инновациялық қызмет үрдісіндегі орындалатын функцияларына байланысты субъектілер өңдеушілер (орындаушылар), тапсырыс берушілер жаңа өнімді өндірушілер, инновациялық өнімді тұтынушылар ретінде қатысады. Инновациялық ұйымдарға қолданбалы және іргелі зерттеулерді жүргізетін ғылыми-зерттеу ұйымдары және зерттеу орталықтары; конструкторлық өңдеулер және жобаларды жүргізетін жобалау- конструкторлық ұйымдары және мамандандырылған конструкторлық бюролар; тауарларды өндірудің технологиялық жүйесін өңдейтін және дайындайтын жобалау-технологиялық ұйымдары; ҒЗТКЖ нәтижелерін іске асыруға мамандандырылған инновациялық кәсіпорындар жатады. Инновацияларды құру және таратудың құқықтық нысаны- инновациялық қызмет субъектілері арасындағы өзара байланыстылықты қамтамасыз ететін әртүрлі шарттар. Қолданбалы және іргелі зерттеулер сатысында жобалау және іздестіру, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарына мердігерлік шарттарының маңызы зор. Сонымен қатар инновациялық қызметте лицензиялық келісімдер қолданылады. Лицензиялық келісімдер берілетін құқықтардың көлеміне қарай айрықша және айрықша емес болуы мүмкін.

Инновациялық қызметте сонымен қатар ғылыми-техникалық құжаттарды беруге байланысты шарттар, ноу-хауды беру туралы шарттар, коммерциялық концессия шарты, инвестициялық шарттар, маркетингтік қызмет көрсету туралы шарттар да болуы мүмкін. Инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі қайнар көзі ұйымның жеке қаражаттары. Сонымен қатар-бюджеттік инвестициялар, бюджеттен тыс қорлардан алынатын қаражаттар болуы да мүмкін. Инновациялық қызметті қаржыландыруда халықаралық ұйымдардың қаражатары да пайдаланылуы мүмкін. Инновациялық ұйымдар жүзеге асырылатын инновациялық қызметінің көлеміне қарай шағын, орта, ірі болуы мүмкін. Бірақ инновациялық қызметтің нәтижесі шағын фирмаларда қалыпты жүзеге асырлады, себебі шағын фирмалар жаңа құрылғыларды, өнімді шығару арқылы бәсекеқабілеттігін ұстап тұра алады. Қазіргі кездегі заңнамалардағы кемшілік инновациялық қызметтің субъектілерін қолдау механизмі қарастырылмаған.

Құқықтарды жүзеге асыру механизмі дегеніміз құқықтар мен еркіндікті жүзеге асыруға жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін шаралар екендігін ескерсек, қазіргі кезде бұл шараларды бекіту қажеттілігі айқын көрінуде. Инновациялық қызмет субъектілері негізгі екі топқа топтастырылуы мүмкін: инновациялық қызметті тікелей жүзеге асыратын субъектілер жəне инновациялық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін субъектілер. Ендеше осы субъектілерді қолдау механизмі заңды түрде бекітілуі инновациялық қызметті жүзеге асыруға серпіліс береді. Жалпы инновациялық қызмет əлі де көптеген сұрақтардың құқықтық реттелуін қажет етеді жəне бұл инновациялық қызметті дамыту мемлекеттің ертеңгі келешегінің, жарқын болашағының кепілі.

ХХІ ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары болып оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары дамыту болып отыр.

Дамыған елдерде инновациялық (ноу – хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70 – 85 % беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде дамымай отыруы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп отыр. Мұндай жағдайдан шығудың бірден – бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Теориялық талдау негізінде инновацияның түсіндіруде екі көз қарастың қалыптасқанын анықталды:

  1. Инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап оны қолдану арқылы өз қасиеттері бойынша ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық – техникалық – экономикалық үрдіс ретінде қарастырған.

  2. Инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарының нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіріледі. Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми зерттеу және басқа салаларды жаңалықтар енгізу болып табылады.

Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтық барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, ілгері міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептеледі.

Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибе мен өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту инвестициялық ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулердің негізінде тұжырымдамалауға болады.

Инновацияның дамуына қозғаушы тетік – бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тарауын өткізетін жаңа нарықтық іздестірумен болады. Сондықтан инновацияны бірініші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай шағын шабақтар қайраңдап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарды сервистік – технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.

ҚР- ның инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емесе қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму институттары, венчурлық қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық цикылды қамтамасыз ететін құрал -жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады, және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Қазақстанның ғылыми – техникалық саясаты инновациялық үдерісті белсендіру, жаңа технологиялық құрылыстар енгізу, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеберлерді игеруге, ұлттық ғылыми – техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсертуге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертын қамтамассыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы.

Аташева Д.О. “Шағын кәсіпкерлік: тәжірибесі, өзекті мәселелері және дамуын кешенді бағалау” 2004 жыл.

2. Кулбаева М.А. “Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері” 2009 жыл.

3.Жакипбекова Д.С. “Экономический внутренного аудита сбыта и реализаций” 2003 жыл.

4. Усенова Н.Н. “Проблемы развития малого предпринимательство в отраслях промышленности” 2003 год.

5. Байжанова Б.Н. “шығындарды есептеу әдістері мен өндірістік шаруашылық кәсіпорындарының нәтижелерін жоғарлату” 2006 жыл.

6. Асан Д.С. “Экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру” 2006жыл.