Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / __АЗА__ __ДЕБИЕТН О__ЫТУ __ДСТЕМЕС Силабусс.docx
Скачиваний:
142
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
209.14 Кб
Скачать

\Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

пәні бойынша

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін оқу әдістемелік кешен

Қарағанды 2011

Құрастырған

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешенінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелер, әдебиетті оқытудың жалпы маңызы мен принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығарманы жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері негізінде талданып зерделенеді.

Оқу-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік бірлестігі қолданысқа ұсынған «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

.

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен./– Қарағанды „Болашақ“ баспасы, 2010. - 116 б.

© Қарағанды «Болашақ» университеті, 2011

1. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН – SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Оқу жоспарының көшірмесі:

Оқу түрі

Оқу мерзімі

Курс

Семестр

Кредиттер

Лекция

Семинар

Лаборатор

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі

Күндізгі

4

3

6

3

30

15

-

45

45

135

Емтихан

1.3 Пререквизиттері: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнін игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы:

- күнтізбелік жоспар жасай білу;

- сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгеру;

- әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игеру.

1.4. Постреквизиттері: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бйынша студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің оқытылу тарихы, оқулықтары мен бағарламаларының түзілісі, ерекшелік сипаттары кеңінен көрсетіледі. Педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады. Қазақ орта мектептерінде көркем әдебиеттің оқытылу жайы, сапасы, оқулықтары мен бағдарламаларының түзілісі кеңінен сөз болады.

«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні өзге де тіл білімі, әдебиеттану, тарих, философия, педагогика, психология, география, экология пәндермен байланыстырыла оқытылады.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны: Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы(мектеп, лицей, гимназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.

Оқыту барысында студентке мынандай мәселелерді игерту ісі қолға алынады: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі курсының құрылымы мен мазмұнын ондағы теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері, әдебиет теориясының оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері, әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері, әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары, көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.