Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / ekologia_otvety_na_bilety.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
226.47 Кб
Скачать

Билет №1

  1. Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.

  2. демэкология деген не?

  3. Ауыл шаруашылығының экожүйелерге тигізетін кері әсері (ауыл шаруашылығының алты проблемасы).

Жауаптар:

1.Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым.

Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.

1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына :

а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.

2. Демэкология 2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3. Синэкология - қауымдастық экологиясы.

Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

3, Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:

  1. ауыл шаруашылығы алқаптары адам қызметімен ықшамдалған экожүйелер-дің әдеттегі картинасын білдіреді. Оларда өсімдік түрлерінің саны тіпті монодақылға дейін төмендетілген; жануарлар әлемі айрықша дерлік ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен берілген. Адамның қызметі жұтаңданған түрлік құрамды қолдауға тікелей бағытталған: адам арам шөптермен және өсірілетін өсімдіктер зиянкестерімен белсенді күреседі. Осының барлығы экожүйе тұрақтылығының жоғалуына әкеледі: зиянкестердің көбеюі, өсірілетін түрлердің құрғақшылыққа немесе қатты ылғалдануға жоғары сезімталдық және т.б.;

  2. мәдени дақылдардың аз төзімділігі және бәсекеге қабілеттілігі адамның ара-ласуының табиғи іріктеудің жасанды іріктеумен ауыстырылуына әкелуімен де анықталады; өсімдіктер үшін пайдалы сапаға емес, адам үшін маңызды сапаға іріктеу жүреді. Нәтижесінде агроэкожүйелер дербестілігін жоғалтады, мұндай жүйелер «жабайы» түрлер қауымдастықтарымен жылдам ығыстырылады;

  3. агроэкожүйелерде айналымның толық емес болуының маңызы үлкен: жыл сайын экожүйелерден астық түрінде өнімнің көп бөлігі қайтарусыз алынады; тыңайтқыштардың жартылай ғана орны толтырылып пайдаланылатын топырақтың бағытталған жұтаңдануы байқалады;

  4. агроэкожүйелер қоршаған биоценоздарға әсер етеді. Агроэкожүйелердің даму кезеңдері биомассаның жинақталу кезеңінде агроэкожүйелерге сырттан бірқатар түрлердің келуін және алқаптарды машинамен өңдеу және астық жинау кезеңдерінде олардың қоршаған пайдаланылған жерлерге кері жылыс-тауын тудырады. Бұл жылдық тіршілік әрекеті және жәндіктердің, кеміргіштер-дің және басқа жануарлардың бірқатар түрлері санының динамикасы циклдеріне елеулі түзетулер енгізеді;

  5. тарихи масштабтарда ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсер етуі ландшафттар эволюциясының түбегейлі факторы болуы мүмкін;

  6. сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы, инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.).

Билет №2

1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.

2.РК екінші баяндамасы, авторы кім, қай жылы жасалды. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: гомогенді тұтас, жергілікті апаттар, жаһандық масштабтағы шаралар, дифференциацияланған өсу, экологиялық дағдарыс.

3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.

Жауаптар:

1.XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

  • организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

  • табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

  • адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

  • биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

  • биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

  • көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;

  • экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

2. Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі – осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.

Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.

Соседние файлы в папке shpory