Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / tarikh_2 (1).doc
Скачиваний:
76
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
525.82 Кб
Скачать

1.Қт пәні , оның кезеңдері , маңызы

ҚТ Евразиядағы ең ірі ұлысытар түркі тектестер мен славяндар соңғы мыңжылыдықтағы қарым- қатынасының Т. ҚТ Дон мен Днепр, Карпат пен Гималай арасындағы, Алтай мен Мысыр, Сібір мен Парсы оқиғаларын қамтиды:қт қазақ халкынын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы 3 белестен тұрады.1)Т-та «Отырар апаты» аталып кеткен халықтың Отырардағы ерлігі . 2) Қазақтардың ұлттық мемлекетін сақтап қалу үшін жоңғар басқыншыларына жүргізген күресі. 3) 1986 ж Желтоқсан оқиғасы. ҚТ-да қазақ халқы бірде қырғыз- қайсақ, қырғыз- қазақ т.б. д.а. 1925ж аяғында қазақ аты өзіне қайтарылды.

ҚТ 5 кезеңі :1) ежелгі Қ 2,5млн жыл бұрын б.з.д. 5 ғ дейін. Қола ,тас ,темір ғасыры, сақ, ғұн,үйсін кіреді. 2) орта ғасырлардағы Қ 6-17 ғ. ертефеодалдық мемелекеттер, 12ғ аяғы монғол империясы. Қазақ хандығының құрылуы 15ғ. 3) Қ Ресейге қосылу кезеңі. 4) Қ СССР тоталитарлық кезеңде. 5) Қазіргі Қ

2.Қазақстан тас ғасыры дәуірінде

Тастан жасалған еңбек құралдары ежелгі адамзат өмірінің материалдық жағының негізгі мәліметін береді. Адамзат тарихы үлкен 4 дәуірге бөлінеді: тас, қола, темір және ортағасырлар дәуірі. Тас дәуірі 3 периодқа бөлінеді: палеолит, мезолит, неолит. Адамзат және оның шаруашылығының тұрақтылығы тас дәуірі болып саналады. Бұның бәрі еңбектің төмен өндіргіштігімен сипатталады. Шаруашылықтары табиғи дайын өнімдерді пайдаланумен ғана шектелген. Алғашқы адамдар жеміс-жидек теріп, аңдарды аулады. Адамдар өзара қарым-қатынастары экономикалық тепе-теңдікте, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде бөлісуге негізделді, өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болды.

Ерте палеолит . Ерте палеолит 3 дәуірге бөлінеді: олдувай (2,6 млн. – 700 мың жыл бұрын), ашель(700 мың – 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың – 30 мың жыл бұрын). Күллі тас ғасыры бойына еңбек құралын жасау жолындағы басты рөлді тас атқарды. Адам тастың қасиетін жақсы білген. Тас түрі көптеген жағдайда құралдың түріне байланысты болды. Түрі мен ерекше сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, үшкіртас, соққыш, бұрғы, пышақ, тескір т.б. болып бөлінген.

Кейінгі палеолит (35-30 мыңж.) Бұл кезенде адамдар нәсілдер мен нәсілдік топтарға бөліне бастады. Саналы адамның пайда болуы мен адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің ілгері дами беруі арасында тікелей байланыс бар. Рулық ұйым барлық жерде де матрилиниялық, ал әйелдің қауымдағы жай-жағдайы өте мықты болған. Кейінгі палеолит дәуірі адамның дүние танымы күрделіне түседі. Адамның жаны өлгеннен кейінгі өмірі жалғасады деген ой-түсінігі оны жерлеу рәсімін қиындатып жібереді. Өлген кісінің мәйітіне жоса ұлпасын сеуіп, жыртқыштардың тістерінен тізілген моншақты кеудесіне әспеттеп қойып, бақайларына мамонттың сойдақ-сойынан бұршақ салып, кебенегін әртүрлі жылтырақ моншақтармен әшекейлеген.

Неолит (5 мыңж.) Бұл кезенде еңбек құралдарын жетілдіру технологиясы дамыды: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болдралау пайда болдашылығы мен егіншілікке икемдене бастады. Неолит дәуірі – рулық бірліктер, тайпа-ң пайда болу, тайпалық бірлестіктер уақыты. Тайпа бірнеше рулық бірлестіктерден тұрды. Олар бір-бірімен қандық жақындастықпен және шаруашылықтың ұқсастығымен байланысты болды

Соседние файлы в папке shpory