Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / обж билет ответы.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
65.41 Кб
Скачать

БИЛЕТ № 1

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің міндеттері мен мақсаты

1.«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» пәні студенттерді қажетті теориялық білімдер мен практикалық іс-әрекеттер көлемін игеруіне жәрдемдесу: еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау; адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру; техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіз және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану; шаруашылық жүргізуші және техникалық жүйе объектілерінің дағдылы мен төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығы; төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау; халықты өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жөніндегі шешімдер мен шараларды қабылдау мақсатын алға қояды.

Пәннің міндеттері мынадай: тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары оқыту; адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары; жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру; шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері; ТЖ мен оның салдарын болжау; төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу; тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік-техникалық және ұйымдық негіздері.

2.Альфа-сәулелену-протондар мен нейтрондардан құралған ауыр бөлшектердің тасқыны. Ол қағаз бетімен тоқталатылады және адамның терісінен өте алмайды. Бірақ егер ол организмнің ішіне отып кетсе, өте қауіпті болып кетеді. Бета-сәулеленудің өтудің аса жоғары қабілеттілігі бар және адам терісіне 1-2 см-ге өтеді. Гамма – сәулеленуді тек қалын қорғасын және бетон плитасы ғана тоқтата алады.

3.Бейбіт және соғыс уақытындағы жергілікті халықты инженерлік қорғау. Ғимараттарды қорғаудың түрлері Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады

Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады.

Билет № 2

Қазақстан Республикасындағы Азаматтық Қорғаныстың қалыптасуы мен құрылым принциптері және талаптары. АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған.

Улану, улы заттардың әсері кезіндегі кәсіби және тұрмыстық аурулар.улы заттармен улануға мысалға айтсақ аммиак,хлор жатады.аммиакпен уланса адамбасында ауырады содан соң көзі ашиды,жалпы жөтел п.б дауысы қырылдап асқазаны ауырады.егер аммиак әсерін токтатпаса өкпе суға толып кетеді.Хлормен уланса адамның көзінен жас ағып жөтел п.б содан сон кеуде тұсы ауырады.егер хлор әсерін токтатпаса өкпе ісінеді.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі Қорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде мыналардың сақталуы, қамтамасыз етiлуi тиiс:        1) тұтас алғанда ғимараттарды, сондай-ақ оның жекелеген элементтерiн: кiретiн және шығатын авариялық есiктерi, қорғану-герметикалық және герметикалық есiктерi мен терезе қақпақтары, жарылысқа қарсы қондырғылар;        2) бүкiл қорғану ғимараттарының герметизациясы мен гидрооқшады;        3) инженерлiк-техникалық жабдықтар және оны кез келген уақытта соғыс кезiндегi режимде пайдалануға көшiру мүмкiндiгi.        Қорғану ғимараттарында бөлмелердi қайта жобалауға, сақтандырушы конструкцияларды тесуге немесе ойық жасауға және жобада көрсетiлмеген жабдықтарды бөлшектеуге тиым салынады. Қорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде бөлмелердiң жарамдылығын белгiленген уақытта қорғану ғимараттары тәртiбiне ауыстыруды және соғыс уақытында адамдардың қорғану ғимараттарында болуына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн барлық талаптар орындалуға тиiс.  

Билет № 3

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің саласындағы зандық және құқықтық актілер Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 5 маусым 1996 ж. Қазақстан Республикасының заңы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау мен ескерту бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді. - 28.02.04 жыл "Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік" туралы;

- 19.05.97 жылы өзгерген ҚР "Денсаулықты қорғау туралы" заңы, 13.01.04 жылы толықтырылған;- 10.12.99 жылғы "ҚР еңбек қорғау туралы";- 03.04.02 жылғы "Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы ";- 27.03.97 жылы өзгерген "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы",21.12.04 жылы толықтырылған,- "ҚР Азаматтық кодексі";- "Өрт қауіпсіздігі туралы".Сонымен қатар "Еңбекті қорғаудың" Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлер.

Хлор және аммиакпен уланған кезіндегі алғашқы медициналық көмек.аммиакпен сірке қышқылынын 5% ерітіндісін иіскету керек респиратор кигізу керек у сіңірген киімді таза киімге ауыстыру керек зардап шеккен адамды қаранғы жерге жатқызу керек ерітіндімен ауызын шайып,мұрнына зәйтүн майын тамызу керек.Хлормен уланған адамға респиратор кигізу таза киім кигізу керек және ас содасымен ауызын шайдырту ол адамға сүт немесе минералды су беру керек.

БИЛЕТ № 4

Азаматтық Қорғаныстың қалыптасуы мен құрылым принциптері АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған.

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері. Дозиметриялық бақылаулар мен радиациялық барлаудың құралдары Радиоактивтік ластану адам және оның өмір сүру ортасы үшін ерекші қауіп төндіреді. Бүл ионизирлік радиацияның тірі организмдерге интенсивті және тұрақты зиянды әсер етуіне байланасты, ал бүл радиацияның көздері қоршаған ортада кең таралған. ДП-22В жеке дозиметр құрамына ДКП-50А дозиметірі мен 3Д-5 зарядтау қондырғысы кіреді.Дозиметрлердің жұмысы температураның -40+50градус аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы 98пайыз кезінде қамтамасыз етіледі.Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалынған. Ал радиациялық барау құралдары,қолданыстағы барлық дозиметрлік құралдар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді.Газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді.Егер осы көлемде екі электрод орналастырылса,газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр торы өтеді.Оның көлемін өлшей отыра радиоактивті сәулеленудің жиілігін бағалауға болады.

Техногенді сипаттағы ТЖ түрлері мен сипаттамалары Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.

Оның түрлері:

- Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с).

- Көлік жүйесіндегі апаттар.

- Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).

Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады.

Соседние файлы в папке shpory