Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский (1) / тест 600.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
728.06 Кб
Скачать

1. Зат есімнен болған қос сөзді көрсетіңіз

A) көре-көре

B) қадір-қасиет

C) қызыл-жасыл

D) сарт-сұрт

E) айта-айта

2. Қандай сөз табын сын есім дейміз?

А) өлшемін, санын білдіреді

B) қимыл-әрекетін білдіреді

C) заттың түр-түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табы

D) заттың атауын білдіреді

E) заттың мекенін, мезгілін, себебін білдіреді

3. Заттың түсін білдіретін сөздерді табыңыз

А) жасыл, қызыл

B) дәмді, суық

C) ыстық, жылы

D) аяз, боран

E) тәтті, дәмді

4. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

А) бұл, осы, мынау

В) мен, сен

С) өз, өзім

D) бәрі, бүкіл

Е) ешкім, ешқандай

5. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз

А) танысқан екен

В) танысты

С) танып тұрмын

D) таниды

Е) танитынмын

6. Қазақ тілі қай жылы Мемлекеттік мәртебеге ие болды?

A) 1990 жылы

B) 1989 жылы

C) 1988 жылы

D) 1998 жылы

E) 1987 жылы

7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз

А) Сара қуанды.

В) Жиырма - тақ сан.

С) Байқаусызда сүрініп кетті.

D) Мен келдім.

Е) Ол отыр.

8. ІІІ жақта тұрған етістікті анықтаңыз

A) келдім

B) келді

C) келдің

D) келдік

E) келдіңдер

9. Салыстырмалы шырай жұрнағын көрсетіңіз

А) -мақ, -мек, -бақ, -бек

В) -сыз, -сіз, -лық, -лік

С) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек

D) -ып, -іп, -п

Е) өте, тым аса

10. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.

В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтаққа қонып, шықылықтай беріпті.

С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.

D) Бәкен екі-үш күнге шейін үй қорасын көрмеді.

E) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.

11. Жіңішке дауысты дыбыстардың тізбегін көрсетіңіз

A) ә,и,а

B) и,ө,і

C) у,ә,о

D) і,о,ы

E) ә,ұ,о

12. Көптік жалғаулы және жатыс септікті сөздер бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Балам жайлауға кетті.

B) Қызық кітапты оқыды.

C) Дәрігерлер мерекесінде кездестік.

D) Ойы бөлініп кетті.

E) Студент көп дайындалды.

13. Тәуелдік жалғауларын көрсет

A) ды,ді,ты,ті

B) мын,мін,бын,бін,сын,сін

C) ға, ге,қа,ке,на,не,а,е

D) мен, бен,пен,да,де,та,те

E) м,ым,ім,ың,ің,іңіз,сы,сі

14. Табыс септігіндегі сөйлемді көрсетіңіз

A) Ағаңды сыйла.

B) Біз демалысқа шықтық.

C) Айжан жақсы қыз.

D) Аялдамада тұр.

E) Үйдің іші.

15. Үстеу дегеніміз не?

А) Іс-әрекет, қимылды білдіреді.

В) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді.

С) Заттың сапасын, көлемін білдіреді.

D) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.

Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.

16. Хабарлы сөйлемді табыңыз

A) Қайда тұрып жатырсың

B) Қош келдіңіздер

C) Бүгін бізде емтихан болып жатыр

D) Бері келіңіз

E) Есікті жап

17. Сан есімнің аудармасы

А) глагол

B) местоимение

C) имя существительное

D) союз

E) имя числительное

18. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз

A) мақтаншақ, ашпалы

B) таудай, түнгі

C) үлкендеу, кішілеу

D) ақсақ, жастық

E) сұлу қыз

19. Туынды сын есім қалай жасалады?

А) жалғау арқылы

B) жұрнақ арқылы

C) есімше арқылы

D) көсемше арқылы

E) есімше, көсемше арқылы.

20. Көмекші есімдерді табыңыз

А) бері, басқа, бұрын

В) үсті, алды, іші

С) ғана, ғой, әсіресе

D) –ма/ме, -па/-пе, -ба/-бе

Е) керек, сияқты, әрине

21. Белгісіздік есімдігін табыңыз

А) әлдеқайда

В) ештеме

С) нешеу

D) мынау

Е) сол

22. Күрделі нақ осы шақ тұлғасындағы етістікті табыңыз

А) Бір ақыл табар.

В) Кетіп қалмақшы емес.

С) Құс ұшады.

D) Ол қайтып кетті.

Е) Біз оқып отырған жоқпыз.

23. Университет студенттері үшін қандай газет шығады?

A) «Хабаршы»

B) «Университет тарихы»

C) «За политехнические знания»

D) «Этнография және табиғат»

E) «Бейнелеу өнері»

24. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) жинады

B) жинаған

C) жинау

D) жинапты

E) жинамақ

25. Өзгелік етісті табыңыз

А) айтып, қалған.

В) жинас, сөйлесті.

С) жаздыр, сөйлет.

D) таран, мақтан.

Е) оқыр, болар.

26. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз

А) пысықтауыш, анықтауыш, толықтауыш

В) бастауыш, баяндауыш

С) толықтауыш, бастауыш, баяндауыш

D) анықтауыш, пысықтауыш, бастауыш

Е) толықтауыш, бастауыш, баяндауыш

27. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз

А) екінші, алтыншы

B) екі, алты

C) алпыс шакты

D) екіден, алтыдан

E) елу, алпыс

28. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз

A) жұдырық

B) әңғіме

C) көнбеді

D) көрінбеді

E) құлын

29. Туынды үстеу қалай жасалады

А) қос сөз арқылы

В) біріккен сөздер арқылы

С) дефис арқылы

D) жұрнақ жалғану арқылы

Е) бөлек жазылу арқылы

30.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

A) 3

B) 6

C) 5

D) 4

E) 2

31. Бұйрықты сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте, леп белгісі

32. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз

А) таңертең

В) быйыл

С) амалсыздан

D) биыл

Е) жанында

33. Еркін сөз тіркесін табыңыз

A)Қой аузынан шөп алмайды

B)Көзді ашып-жұмғанша

C) Төбе шашы тік тұрды

D)Әдемі табиғат

E) Ойлы

34. Зат есімнен жасалған баяндауышты табыңыз

А) Шәкірттер өсіп қанат қақты.

В) Ауыл кешке жиналысқа барады.

С) Ол оқуға құмар.

D) Мен де жаудан қорықпаспын.

Е) Мен университетте оқимын.

35. Сөйлемде сан есім қандай қызмет атқарып тұр?

Биыл оның жасы он бесте.

А) бастауыш

B) толықтауыш

C) пысықтауыш

D) баяндауыш

E) анықтауыш

36. Күрделі естістікті табыңыз

А) әңгімелесіп отыр.

В) әңгімелескенмін.

С) жоғалмайды.

D) қоштасу.

Е) болдырды.

37. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын көрсетіңіз

A) жетіген, қобыз, сырнай.

B) жидек, құлпынай, бүлдірген

C) сәукеле, кимешек, шекпен.

D) тон, тақия, орамал

E) домбыра, камзол, спорт киімі

38. ІІ жақта тұрған етістікті табыңыз

A) жазды

В)жаздым

C) жаздың

D) жаздық

E) Жазып отыр

39. Күрделі нақ осы шақты табыңыз

А) айтып тұрды

В) алып жүрген

С) бара жатыр еді

D) оқымай жүр

Е) сурет салып отырмақшы

40. Есімдіктен жасалған бастауышты көрсетіңіз

А) Маған сыйлық әкелді.

B) Мен еңбекті бағалаймын.

С) Ана сүтін ардақта.

D) Онның төрттен бірін ал.

Е) Сыйлық бәріне жетті.

41. Зат есімді табыңыз

A) бүрсігүні, орысша, бұрын

B) әдемі, жақсы, таза

C) мың, жиырма, жеті жүз

D) ағаш, адам, уақыт

E) бойшаң, ұйымшыл, ауылдық

42. Модаль сөздерді табыңыз

А) Алақай! Аһа!

В) арқылы, туралы, үшін

С) –па/-пе, -ба/-бе, -ма/-ме

D) қажет, екен, сияқты

Е) дейін, бойында, соң

43. Тұлғасына қарай сан есімнің түрлері

А) негізгі, туынды

B) топтау, бөлшектік

C) дара, күрделі

D) есептік, реттік

E) жалқы, жалпы

44. Лепті сөйлемді табыңыз

A) Сіз қазақша сөйлей білесіз бе

B) Ауа қандай таза

C) Біз сабаққа бардық

D) Сен қашан тұрдың

E) Қазақстанның жері үлкен

45. Үстеуді табыңыз.

А) оқу, орын, ғылым

В) қызыл, жасыл, көк

С) ертең, кеше, биыл

D) біз, сендер, олар

Е) он, сегіз, тоғыз

46. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

A) суретшісің

B) суретшіге

C) күзде

D) күзгі

E) суретшінің

47. Ілік септігіндегі сөзді табыңыз

A)көркемөнер

B)маңайда

C)клубтан

D)ағаштың

E)сөзге

48. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз

А) ата, ана, бала

B) биіктеу, кішірек

C) он, жүз, мың

D) сары, қоңыр, көк

E) сендер, олар, біздер

49. Тәуелдік жалғаудың 2 ж. сыпайы түрін көрсетіңіз

A) Курстық жұмысты тапсырдым.

B) Сіздің досыңыз жақсы оқиды.

C) Кеше жаңбыр жауды.

D) Жаз басталды.

E) Мына бала жақсы оқиды.

50. Жуан дауысты дыбыстардың тізбегін көрсетіңіз

A) а,е,ү

B) а,и,е

C) ы,і,н

D) о,ы,ұ

E) ұ,ы,ә

51. Сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз

А) Оқыған кісілер айтты.

В) Көрмес - түйені де көрмес.

С) Жақсы адам ісімен жақсы.

D) Өнерлі өрге жүзеді.

Е) Жасыл жайлауды тамашалап тұрмын.

52. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екі талай еді.

В) Университетке дейін жаяу жүрді.

С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төтеп жауып тұр.

D) Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.

E) Әйгерім ас әзірлеп жатыр.

53. Сұраулы сөйлемді табыңыз

А) Бұл кітап емес.

В) Менің уақытым жоқ.

С) Сен айттың ба?

D) Сен айтпа.

Е) Сен келген жоқсың.

54. Өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

A) барамын

B) бардым

C) барармын

D) бармақшымын

E) барасың

55. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз

А) сырласатын

В) демалып жатыр

С) пісірді

D) ызаландырмақ

Е) оқыса игі еді

56. «Крылатый конь» сөзінің аудармасы

A) мекен-жай

B) біртұтас ел

C) шаңырақ көтеру

D) қанатты тұлпар

E) өзгеріс болды

57. Дара сын есімді көрсетіңіз

А) ақ, сұр, көк

B) қап-қара, ең биік

C) ана, ата, әке

D) дала, қала, ауа

E) бар, кел, жүр

58. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз

А) сен, мен

В) ешкім, ешқашан

С) бәрі, бүкіл

D) сіз, біз

Е) өз, өзім

59. Зат есімді синоним қатарын көрсетіңіз

A) ардақты, қадірлі, құрметті

B) құдірет, жасаған, жаратқан

C) әжептәуір, бірталай, біраз

D) аз, саяқ

E) керемет, әдемі, жаман.

60. Сын есімнің сұрақтары

А) қанша? неше?

B) қандай? қай?

C) қайда? қашан?

D) қанша? неге?

E) қайдан? қандай?

61. Туынды зат есімді тап

A) көрнекті

B) етікші

C) көркем

D) жұрнақ

E) балалар

62. Сын есім мағынасы мен құрылысына қарай қалай бөлінеді?

А) күшейтпелі және жай шырай

B) салыстырмалы және асырмалы

C) сапалық

D) негізгі және туынды

E) сапалық және қатыстық

63. Күшейтпелі шырайды табыңыз

А) аппақ, көкпеңбек

B) жалқау, еріншек

C) қиғаш, қисық

D) түзу, үлкен

E) әдемірек, күштілеу

64. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді табыңыз

А) Ешкім кітапты алған жоқ.

В) Бұл менің кітабым.

С) Менің кітабым.

D) Мен кітап аламын.

Е) Өзің кітапты ал

65. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

А) естіген болатын

В) бара жатыр

С) келмекші

D) ұғыпты

Е) қарармын

66. Сөйлемді аяқтаңыз. Мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ...

A) өмір сүремін

B) оқиды

C) оқимын

D) жаңалық ашылды

E) күн суытты

67. Құрамды етістікті табыңыз.

А) уәде бер.

В) айта бар.

С) келе сал.

D) айтып сал.

Е) барып қал.

68. ІІ жақта тұрған етістікті табыңыз.

A) жазды

В)жаздым

C) жаздың

D) жаздық

E) жазып отыр

69. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау тұлғалы сан есімнен болғанда, екеуінің арасына қандай белгі қойылады?

А) сызықша қойылады.

В) тыныс белгісі қойылмайды.

С) қос нүкте қойылады.

D) сызықша және үтір қойылады.

Е) үтір қойылады.

70. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Сабағыңды жақсы оқы.

B) Жақсы оқысаң, «бес» аласың.

C) Олар келгенде, біз кеттік.

D) Олар кете берсін.

E) Жақсы студент жақсы оқиды.

71. Қысаң дауысты дыбыстарды табыңыз

A) у,и,а

B) ы,ұ,і

C) і,е,ө

D) ұ,э,а

E) ү,ә,ғ

72. Барыс септікте тұрған сөзді табыңыз

A) әкеммен, атаммен, ағаммен

B) әкемнің, атамның, ағамның

C) кітапты, досымды, талды

D) университетке, қалаға, үйге

E) дүкенде, менде, сенде

73. Көптік жалғауларын табыңыз

A)-ға,-ге, -қа,-ке, -на,-не

B)-лар,-лер, -дар,-дер, -тар,-тер

C)-ды,-ді, -ты,-ті

D)-да,-де, -та,-те

Е) –ма,-ме, -ба,-бе, -па,-пе

74. «Қарындасыма» сөзіне қандай септік жалғауы жалғанып тұр?

A) барыс септік

B) жатыс септік

C) атау септік

D) көмектес септік

E) табыс септік

75. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.

А) отыр, тұр, жүр

В) ақ, қара, сары

С) қазір, бүгін, биыл

D) он төрт, он бес, он алты

Е) үш, пәтер, бала

76. Күрделі сан есімді табыңыз

A) мың

B) қырық

C) жүз он жеті

D) миллион

E) үш жүз

77. Болжалды модаль сөздерді табыңыз

А) рас, әрине, шынында

В) мүмкін, меніңше, шығар

С) керек, қажет, расында

D) ғой, рас, керек

Е) бәсе, шынын айту керек

78. Хабарлы сөйлемнен кейін .... қойылады

A) нүкте

B) сұрақ белгісі

C) леп белгісі

D) үтір

E) қос нүкте

79. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз

А) сызғыш, кұрал

B) оқыған, ойнар

С) соған, онысына

D) мен, сен

Е) бірдей, кейбір

80. Зат есімнен зат есім тудырушы жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз

A) мінбе

B) күйзеліс

C) Қазақстан

D) қырғыш

E) сызық

81. Сын есімді табыңыз

А) бес, алты

B) бүгін, кеше

C) ақ, көк

D) аға, іні

E) мен, сен

82. Есімшенің жұрнағы арқылы жасалған шақ түрін табыңыз.

А) барғалы жүр

В) келе алмады

С) алып қайтты

D) төлейтін еді

Е) оқи алмайды

83. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Бүгін кезекші Асан емес.

В) Менде кітап жоқ.

С) Сен ғана келген жоқсың.

Д) Уақытың я бар, я жоқ.

Е) Бұл кітап қызық қызық емес.

84. Ұлттық киімдерді көрсетіңіз.

A) бешпент, тымақ, сәукеле

B) шалбар, көйлек, жейде

C) етік, юбка, пальто

D) тон, тақия, орамал

E) кимешек, камзол, спорт киімі

85. Етістік нені білдіреді?

A) заттың қимылын, амалын, жай – күйін білдіреді

B) заттың сынын, сапасын, көлемін білдіреді

C) іс - әрекеттің мекенін, мезгілін білдіреді

D) заттың, құбылыстың атын білдіреді

E) заттың қатарын, мөлшерін білдіреді

86. «Косвенное дополнение» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А) жанама толықтауыш

В) қисық толықтауыш

С) тура толықтауыш

D) доға толықтауыш

Е) тік толықтауыш

87. Жұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз.

А) екіеу

В) төртеу

С) алтыау

D) бірәу

E) жетіеу

88. Қате жазылған сөзді табыңыз

A) көкпеңбек

B) мектепім

C) қонақ үй

D) жәрдем

E) шағала

89. «Вечером» сөзінің аудармасы қандай үстеу екенін анықтаңыз.

А) кеш, кеше

В) ертең, бүгін

С) таңертең

Д) кешке

Е) бүрсігүні

90. Ресей мен Қазақстан үш кенішті бірлесіп пайдаланады. Қандай сөйлем түріне жатады?

A) лепті

B) сұраулы

C) хабарлы

D) бұйрықты

E) құрмалас

91. Зат есімді табыңыз

A) жылтыр

B) табиғат

C) секір

D) күндіз

E) жасыл

92. Сын есімді көрсетіңіз

А) Біз азаматтарды санадық.

B) Санасына жетті.

C) Жеті саны.

D) Біз саналы азаматпыз.

E) Олар ойнады.

93. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз

А) ата, ана, бала

B) биіктеу, кішірек

C) он, жүз, мың

D) сары, қоңыр, көк

E) сендер, олар, біздер

94. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Бұл менің кітабым.

В) Мен кітапты аламын.

С) Өзім кітапты алдым.

D) Ешкім кітапты алмады.

Е) Бәрі кітапты алуға келді.

95. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз

А) сөйледі

В) сөйлеген

С) сөйлер

D) сөйлейді

Е) сөйлеп отыр

96.Мемлекеттік егемендігіміз туралы декларация қашан қабылданды?

A) 1992 жылы 26 қазанда

B) 1990 жылы 25 қазанда

C) 1991 жылы 16 желтоқсанда

D) 1993 жылы 2 наурызда

E) 1995 жылғы тамыздың 30-ында

97. Күрделі естістікті табыңыз

А) әуре-сарсаңға түсті

В) әңгімелескенмін

С) жоғалмайды

D) қоштасу

Е) болдырды

98.Етістік нені білдіреді?

A) заттың қимылын, амалын, жай – күйін білдіреді

B) заттың сынын, сапасын, көлемін білдіреді

C) іс - әрекеттің мекенін, мезгілін білдіреді

D) заттың, құбылыстың атын білдіреді

E) заттың қатарын, мөлшерін білдіреді

99. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз

А) есім сөздер

В) бастауыш, баяндауыш

С) толықтауыш, пысықтауыш

D) одағай, шылау

Е) анықтауыш, қыстырма сөздер

100. Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып

шықты.

B) Екі көзі қанталған, денесі ашумен булығып қалшылдайды.

C) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.

D) Жолаушылар Алматыдан келді.

E) Қолынан келер бөтен жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен

қайрат береді.

101. Қай сөз омоним бола алмайды?

A) бас

B) ара

C) түс

D) сөйле

E) ер

102. Екінші жақтың жекеше түрінде тұрған жіктеулі сөзді көрсетіңіз

A) студентсіз, экономистсіз, инженерсіз

B) студенттер, экономистер, инженерлер

C) студент, экономист, инженер

D) студентпін, экономистпін, инженермін

E) студентке, экономистке, инженерге

103. Одағайды табыңыз

А) сосын

В) алда

С) қап

D) сірә

Е) сеніңше

104. ІІІ жақтағы тәуелдеулі сөзді көрсет

A)мектебім,балам

B)мектептер,балалар

C)мектеп,бала

D)мектебі,баласы

E)мектебің,балаң

105.Сөз қатаң дауыссызға аяқталса, қандай көптік жалғау жалғанады?

A) –тар, -тер,

B) –дар,-дер,

C) –дер,-тер,

D) –лар,-лер,

E) –ыңыз, -іңіз,

106. «Қанша? Неше?» сұрақтары қандай үстеуге жауап береді?

А) мекен үстеу

В) мезгіл үстеу

С) мөлшер үстеу

D) қимыл-сын үстеу

Е) мақсат үстеу

107. Сан есімді тіркесті табыңыз

А) үйдің іші

B) тоғыз дәптер

C) дана қария

D) қайырлы күн

E) жақсы студент

108. Сұраулы сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) сызықша

C) жақша

D) нүкте

E) үтір

109. Зат есімнен болған етістікті табыңыз

A) ұрыс

B) суғар

C) ұшар

D) ұзама

E) көр

110. Дара сын есімді көрсетіңіз

А) ақ, сұр, көк

B) қап-қара, ең биік

C) ана, ата, әке

D) дала, қала, ауа

E) бар, кел, жүр

111. Тәуелдеулі есімдікті табыңыз

А) кімім, нем, ештеңесі

B) балам, анам, ұлым

С) үйге, далаға, сізге

D) бұны, осыны, ананы

Е) ешкім, ешбір, дәнеңе

112. Осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Оның мақаласы жарыққа шықты.

В) Той болып жатқан еді.

С) Ол оқуға кірісті.

Д) Рұқсат сұрауға дәті шыдамады.

Е) Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.

113. Құрамды етістікті табыңыз.

А) уәде бер.

В) айта бар.

С) келе сал.

Д) айтып сал.

Е) барып қал.

114. Ұлттық тағамдар қатарын табыңыз.

A) бауырсақ, құрт, наурыз көже

B) қуырдақ, шай, сүт

C) қазақша ет, шұбат, шырын

D) көже, палау, манты

E) түшпара, салат, қымыз

115. «Қазақстанның» сөзіндегі ілгерінді ықпалдың үндестік орнын көрсетіңіз

A) түбір мен қосымша аралығында

B) күрделі сөзде

C) қос сөзде

D) тіркес сөзде

E) түбір сөзде

116. Өткен шақта тұрған етістікті көсетіңіз

A) барамын

B) бардым

C) барармын

D) бармақшымын

E) барасың

117. Анықтауыштын сұрақтарын көрсетіңіз

А) кім? не? қандай? қай?

В) қашан? қалай? кімдер? кімнің?

С) қандай? қай? кімдер? нелер? нешінші? қаншасыншы?

D) қалай? қайтіп? кім? не?

Е) не себепті? неліктен? қалай?

118. Біріккен үстеуді көрсетіңіз

А) биыл

В) анда санда

С) бүрсігүні

D) жорыта

Е) ертең, кешке

119. Күрделі реттік сан есімді табыңыз

A) он-он бес

В) екі бүтін оннан үш

C) он бір кітап

D) он бірінші үй

E) жасы жетпіс алтыда

120. Жаңбыр жауып тұр ма? Қандай сөйлем түріне жатады?

A) лепті

B) сұраулы

C) хабарлы

D) бұйрықты

E) жай

121. Етістіктен жасалған зат есімді анықтаңыз

A) қиыншылық

B) айтыс

C) шеберхана

D) жолдастық

E) күші

122. Сапалық сын есімді табыңыз

А) үлкен, әдемі, сұлу

B) қара, су, өзен

C) бір, бес, жақсы

D) сабақ, студент, алыс

E) берді, жүру, отыр

123. Туынды сын есім қалай жасалады?

А) жалғау арқылы

B) жұрнақ арқылы

C) есімше арқылы

D) көсемше арқылы

E) есімше, көсемше арқылы.

124. Сөйлемдерден белгісіздік есімдікті табыңыз

А) Кейбір студенттер жақсы оқиды.

B) Студенттердің бәрі дәрісте отыр.

С) Мынау - менің туған ауылым.

D) Бұл бала – менің інім.

Е) Бүгін ешкім келмеді.

125. Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.

А) жеткізер

В) жеткізген

С) жеткізетін

D) жеткізеді

Е) жеткізді

126. Жазда ауа-райы қандай болады?

A) суық, кейде жылы, аяз

B) желсіз, аспан ашық, ыстық

C) салқын, жаңбыр, жиі

D) аппақ қар жауып, жиі боран

E) қар еріп, күн жылы

127. Өзгелік етісті табыңыз

А) айтып, қалған.

В) жинас, сөйлесті.

С) жаздыр, сөйлет.

D) таран, мақтан.

Е) оқыр, болар.

128. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) жинады

B) жинаған

C) жинау

D) жинапты

E) жинамақ

129. Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз

А) Қайсар қыстауды әлі таба алмай келеді.

В) Жақсы-ісімен жақсы.

С) Жығылған күреске тоймайды.

D) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік.

Е) Жаңа ғана жаққан сабанның иісі мұрынды жарып барады.

130. Мақсат бағыныңқы кұрмаласты табыңыз.

A) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.

B) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

C) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.

D) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.

E) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.

131. Әрі жуан, әрі жіңішке дауысты болып келетін дыбысты табыңыз

A) Е

B) Ы

C) Ұ

D) А

E) У

132. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз

A) қабатқа

B) қабатты

C) қабаттан

D) қабатпен

E) қабатта

133. «Арманыма» сөзіндегі соңғы қосымша

A)Тәуелдік жалғау

B)Көптік жалғау

C)Жіктік жалғау

D)Барыс септік

E)Септік жалғау

134. Жатыс септіктегі сөзді көрсетіңіз

A) менде

B) менен

C) мені

D) менің

E) менімен

135. Өте, тым, ең үстеулері мағынасына қарай қандай үстеуге жатады.

А) күшейткіш үстеу

В) себеп-салдар үстеу

С) мақсат үстеу

D) қимыл-сын үстеу

Е) мекен үстеу

136. Сан есімнің мына сөйлемде атқаратын қызметін анықтаңыз

Жеті жұрттың тілін біл.

А) пысықтауыш

B) анықтауыш

C) бастауыш

D) толықтауыш

E) баяндауыш

137. Лепті сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте

138. Зат есім дегеніміз не?

А) зат, құбылыстың сынын білдіреді

В) заттың мөлшерін білдіреді

С) зат, құбылыстың атын білдіреді

D) адамдардың әрі түрлі көңіл – күйін білдіреді

Е) қимыл, амал - әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді

Соседние файлы в папке Казахский (1)