Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
17
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
50.69 Кб
Скачать

12-нұсқа

1. Дерексіз зат есім дегеніміз не?

А) Бір түрлі көп заттың бір атауы.

В) Бір түрлі көп заттың жеке атауы

С) Көзбен көріп қолмен ұстауға болатын зат есім

D) Оймен танылатын зат есім атауы

E) Жер су атаулары

2. Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын табыңыз

А) -сыз, -сіз, -қыз, -кіз

B) -тық, -тік, -лық, -лік

C) -ырақ, -ірек, -лау, -леу

D) -ға, -ге, -қа, -ке

E) -тақ, -тек, -қақ, -кек

3. Шығыс септікті керек ететін шылау

А) ойлы адам

В) тауға бару

С) кешке таман

D) жиналыстан кейін

Е) сен жөнінде

4. Септік жалғаулы жіктеу есімдіктерін табыңыз

А) менде, саған

В) қала, ауыл

С) ел, теңге

D) тұрады, жұмыс істейді

Е) бұлар, солар

5. Ауыспалы келер шақты табыңыз

А) Кешке әкем жұмыстан келеді.

В) Ол жылда көлге барады.

С) Оның құлағы естімейді.

D) Қыста көп қар жауды.

Е) Мен көп алма жедім.

6. Сөйлемді толықтырыңыз. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Кеңесі .. туралы заңды қабылдады.

A) мемлекет

B) тәуелсіздік

C) Тіл

D) Біріккен Ұлттар Ұйымы

E) Мемлекеттік рәміздері.

7. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) кешікті

B) сәлемдесті

C) сөйлесу

D) сурет салды

E) жауап берді

8. Есімше жұрнақтарын табыңыз

А) -ған, -ген, -қан, -кен

В) -ғалы, -гелі, -қалы

С) -ма, -ме, -а, -е

D) -сын, -сін, -й

Е) -сың, -сің

9. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері қандай түрлерге бөлінеді?

А) баяндауыш, бастауыш

В) бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш

С) толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш

D) пысықтауыш, бастауыш, толықтауыш

Е) толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш

10. Талғаулықты жалғаулықты табыңыз

A) солай бола тұрса да

B) біресе

C) мейлі

D) сондықтан

E) сол себепті

11. Антонимдік жұп қайсы?

A) тіс жармау-үндемеу

B) батыр- қорқақ

C) арық-көтерем

D) ұзын құлақ-ұзын етек

E) ұйғыр- қазақ

12. «Қарындасыма» сөзіне қандай септік жалғауы жалғанып тұр?

A) барыс септік

B) жатыс септік

C) атау септік

D) көмектес септік

E) табыс септік

13. Туынды сын есімді көрсетіңіз

А) сары

B) ақ

C) жеңіл

D) тұзды

E) тәтті

14. Сөйлемдерден көптік жалғаулы және жатыс септікті сөздер бар сөйлемді көрсетіңіз

A) Балам жайлауға кетті.

B) Қызық кітапты оқыды.

C) Дәрігерлер мерекесінде кездестік.

D) Ойы бөлініп кетті.

E) Студент көп дайындалды.

15. Тәуелдік жалғауларын көрсет

A) ды,ді,ты,ті

B) мын,мін,бын,бін,сын,сін

C) ға, ге,қа,ке,на,не,а,е

D) мен, бен,пен,да,де,та,те

E) м,ым,ім,ың,ің,іңіз,сы,сі

16. Өкіну мәнін білдіретін одағайды табыңыз

А) уау

В) әттең

С) әйда

D) қане

Е) моһ-моһ

17. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны белгілеңіз

A) Әкетай

B) Адамдық

C) Гүлді

D) Бейімбет

E) туынды

18. Сан есімнің қай түрінде –ау, -еу, жұрнағы жалғанады?

А) жинақтық

В) реттік

С) болжалдық

D) топтау

Е) бөлшектік

19. Лепті сөйлемді табыңыз

A) Сіз қазақша сөйлей білесіз бе

B) Ауа қандай таза

C) Біз сабаққа бардық

D) Сен қашан тұрдың

E) Қазақстанның жері үлкен

20. Елтаңбадағы шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?

A) қазақ елі деген

B) Отан, үй деген

C) тіршілік, шексіз өмір деген

D) еркіндік деген

E) елтаңба деген.

21. Жалпылау есімдіктерді көрсетіңіз

А) өз, өзім

B) бәрі, бүкіл

С) кім? не?

D) бұл, сол

Е) ешкім, ештеңе

22. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз

А) -қан

В) -атын

С) -ып

D) -ды

Е) –а

23. I жақтағы етістікті табыңыз

A) тұрсыз

B) келемін

C) отыр

D) жазады

E) оқыды

24. Заттың жалпы атауын білдіретін жалпы сөзді белгілеңіз

A) Қаратау

B) Ақсүйек

C) Жетісу

D) Қасым

E) Бала

25. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылады?

A) алты жетіден

B) қырық шамалы

C) сағат төрттерде

D) он екінші

E) бір миллион

26. Барыс септікті керек ететін шылау

А) Асан жайлы

В) жұмыстан соң

С) үйге дейін

D) Асанмен бірге

Е) үйдің іші

27. Қалау райдың жасалу жолын анықтаңыз

А) –са, -се, -шы,-ші

В) –ңыз, -айық, -сың, -сің

С) –ғы, -гі, -қы,-кі,- ғай

D) –у, -а, -е, -й

Е) –ған екен, - ар еді

28. Мезгіл үстеуді табыңыз

А) екі рет, талай рет

В) қызыл, жасыл

С) артында, үстінде

D) бүгін, ертең, кешке

Е) өте, ең тым

29. Анықтауышты табыңыз

А) Мұнда, оңтүстік өңірде, қыс жылы болады.

В) Қыста, яғни қаңтарда, демалысқа шығамыз.

С) Асан ақын үндемеді.

D) Қыстың қақаған аязында аң аулауға кетті.

Е) Асан биыл мектепке барады.

30. Бұйрықты сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте, леп белгісі

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый