Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
54.27 Кб
Скачать

2-нұсқа

1. Бұйрықты сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте, леп белгісі

2. Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз

А) таңертең

В) быйыл

С) амалсыздан

D) биыл

Е) жанында

3. Еркін сөз тіркесін табыңыз

A)Қой аузынан шөп алмайды

B)Көзді ашып-жұмғанша

C) Төбе шашы тік тұрды

D)Әдемі табиғат

E) Ойлы

4. Зат есімнен жасалған баяндауышты табыңыз

А) Шәкірттер өсіп қанат қақты.

В) Ауыл кешке жиналысқа барады.

С) Ол оқуға құмар.

D) Мен де жаудан қорықпаспын.

Е) Мен университетте оқимын.

5. Сөйлемде сан есім қандай қызмет атқарып тұр?

Биыл оның жасы - он бесте.

А) бастауыш

B) толықтауыш

C) пысықтауыш

D) баяндауыш

E) анықтауыш

6. Күрделі етістікті табыңыз

А) әңгімелесіп отыр.

В) әңгімелескенмін.

С) жоғалмайды.

D) қоштасу.

Е) болдырды.

7. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын көрсетіңіз

A) жетіген, қобыз, сырнай.

B) жидек, құлпынай, бүлдірген

C) сәукеле, кимешек, шекпен.

D) тон, тақия, орамал

E) домбыра, камзол, спорт киімі

8. ІІ жақта тұрған етістікті табыңыз

A) жазды

В)жаздым

C) жаздың

D) жаздық

E) Жазып отыр

9. Күрделі нақ осы шақты табыңыз

А) айтып тұрды

В) алып жүрген

С) бара жатыр еді

D) оқымай жүр

Е) сурет салып отырмақшы

10. Есімдіктен жасалған бастауышты көрсетіңіз

А) Маған сыйлық әкелді.

B) Мен еңбекті бағалаймын.

С) Ана сүтін ардақта.

D) Онның төрттен бірін ал.

Е) Сыйлық бәріне жетті.

11. Зат есімді табыңыз

A) бүрсігүні, орысша, бұрын

B) әдемі, жақсы, таза

C) мың, жиырма, жеті жүз

D) ағаш, адам, уақыт

E) бойшаң, ұйымшыл, ауылдық

12. Модаль сөздерді табыңыз

А) Алақай! Аһа!

В) арқылы, туралы, үшін

С) –па/-пе, -ба/-бе, -ма/-ме

D) қажет, екен, сияқты

Е) дейін, бойында, соң

13. Тұлғасына қарай сан есімнің түрлері

А) негізгі, туынды

B) топтау, бөлшектік

C) дара, күрделі

D) есептік, реттік

E) жалқы, жалпы

14. Лепті сөйлемді табыңыз

A) Сіз қазақша сөйлей білесіз бе

B) Ауа қандай таза

C) Біз сабаққа бардық

D) Сен қашан тұрдың

E) Қазақстанның жері үлкен

15. Үстеуді табыңыз.

А) оқу, орын, ғылым

В) қызыл, жасыл, көк

С) ертең, кеше, биыл

D) біз, сендер, олар

Е) он, сегіз, тоғыз

16. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз

A) суретшісің

B) суретшіге

C) күзде

D) күзгі

E) суретшінің

17. Ілік септігіндегі сөзді табыңыз

A)көркемөнер

B)маңайда

C)клубтан

D)ағаштың

E)сөзге

18. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз

А) ата, ана, бала

B) биіктеу, кішірек

C) он, жүз, мың

D) сары, қоңыр, көк

E) сендер, олар, біздер

19. Тәуелдік жалғаудың 2 ж. сыпайы түрін көрсетіңіз

A) Курстық жұмысты тапсырдым.

B) Сіздің досыңыз жақсы оқиды.

C) Кеше жаңбыр жауды.

D) Жаз басталды.

E) Мына бала жақсы оқиды.

20. Жуан дауысты дыбыстардың тізбегін көрсетіңіз

A) а,е,ү

B) а,и,е

C) ы,і,н

D) о,ы,ұ

E) ұ,ы,ә

21. Сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз

А) Оқыған кісілер айтты.

В) Көрмес - түйені де көрмес.

С) Жақсы адам ісімен жақсы.

D) Өнерлі өрге жүзеді.

Е) Жасыл жайлауды тамашалап тұрмын.

22. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екі талай еді.

В) Университетке дейін жаяу жүрді.

С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төтеп жауып тұр.

D) Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.

E) Әйгерім ас әзірлеп жатыр.

23. Сұраулы сөйлемді табыңыз

А) Бұл кітап емес.

В) Менің уақытым жоқ.

С) Сен айттың ба.

D) Сен айтпа.

Е) Сен келген жоқсың.

24. Өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз

A) барамын

B) бардым

C) барармын

D) бармақшымын

E) барасың

25. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз

А) сырласатын

В) демалып жатыр

С) пісірді

D) ызаландырмақ

Е) оқыса игі еді

26. «Крылатый конь» сөзінің аудармасы

A) мекен-жай

B) біртұтас ел

C) шаңырақ көтеру

D) қанатты тұлпар

E) өзгеріс болды

27. Дара сын есімді көрсетіңіз

А) ақ, сұр, көк

B) қап-қара, ең биік

C) ана, ата, әке

D) дала, қала, ауа

E) бар, кел, жүр

28. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз

А) сен, мен

В) ешкім, ешқашан

С) бәрі, бүкіл

D) сіз, біз

Е) өз, өзім

29. Зат есімді синоним қатарын көрсетіңіз

A) ардақты, қадірлі, құрметті

B) құдірет, жасаған, жаратқан

C) әжептәуір, бірталай, біраз

D) аз, саяқ

E) керемет, әдемі, жаман.

30. Сын есімнің сұрақтары

А) қанша? неше?

B) қандай? қай?

C) қайда? қашан?

D) қанша? неге?

E) қайдан? қандай?

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый