Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
48.64 Кб
Скачать

17- нұсқа

1. Зат есімнен болған етістікті табыңыз

A) ұрыс

B) суғар

C) ұшар

D) ұзама

E) көр

2. Салыстырмалы шырайлы сөздерді табыңыз

А) жақсы, әдемі, екі

B) бар, кел, жүр

C) толықтау, кішілеу

D) біздер, сендер

E) қара, ақ

3. Одағайды табыңыз

А) сосын

В) алда

С) қап

D) сірә

Е) сеніңше

4. Тәуелдеулі есімдікті табыңыз

А) кімім, нем, ештеңесі

B) балам, анам, ұлым

С) үйге, далаға, сізге

D) бұны, осыны, ананы

Е) ешкім, ешбір, дәнеңе

5. Осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Оның мақаласы жарыққа шықты.

В) Той болып жатқан еді.

С) Ол оқуға кірісті.

D) Рұқсат сұрауға дәті шыдамады.

Е) Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.

6. Ұлттық тағамдар қатарын табыңыз.

A) бауырсақ, құрт, наурыз көже

B) қуырдақ, шай, сүт

C) қазақша ет, шұбат, шырын

D) көже, палау, манты

E) түшпара, салат, қымыз

7. Етістіктің сұрағын белгілеңіз.

A) не істейді?

B) Қайдан?

C) Қанша?

D) Кімді?

E) Қалай?

8. Есімше тұлғалы етістікті табыңыз

А) айқала

В) жаздырмас

С) жайнату

D) жолықты

Е) жолықшы

9. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

А) кім? не? қандай? қай?

В) қашан? қалай? кімдер? кімнің?

С) қандай? қай?

D) қалай? қайтіп? кім? не?

Е) не себебті? неліктен? қалай?

10. Себеп-салдар салаласты белгілеңіз

A) Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді .

B) Бәйжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен .

C) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады .

D) Жаманменен дос болсаң,сыртыңнан жүрер өсектеп.

E) Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емеспін.

11. «Қазақстанның» сөзіндегі ілгерінді ықпалдың үндестік орнын көрсетіңіз

A)Түбір мен қосымша аралығында

B)Күрделі сөзде

C) Қос сөзде

D) Тіркес сөзде

E) Түбір сөзде

12. Тәуелдік жалғауының көпше ІІІ жақ түрінде тұрған сөзді көрсет

A) бөлмені,пәтерді,үйді

B) бөлмесі,пәтері үйі

C) бөлме,пәтер,үй

D) бөлмеде,пәтерде,үйде

E) бөлмеге, пәтерге,үйге

13. Ілік септікте тұрған сөздерді көрсетіңіз

A) жазушы, сіз, ағаш

B) жазушыға, сізге, ағашқа

C) жазушының, сіздің, ағаштың

D) жазушымен, сізбен, ағашпен

E) жазушыда, сізде, ағашта

14. Жатыс септігінің сұрақтарын тап

A)кім?не?

B)кімнің?ненің?

C)кімге?неге?

D)кімде?неде?

E)кіммен?немен?

15. Біріккен үстеуді көрсетіңіз.

А) биыл

В) анда санда

С) бүрсігүні

D) жорыта

Е) ертең, кешке

16. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.

A) Он-он бес

В) Екі бүтін оннан үш

C) Он бір кітап

D) Он бірінші үй

E) Жасы жетпіс алтыда

17. Қатыстық, туынды сын есімдердің жұрнақтарын табыңыз

А) –да, -де, -та, -те

B) –ма, -ме, -ба, -бе

C) –ла, -ле, -на, -не

D) –қы, -кі, -ғы, -гі

E) –ым, -ім, - ық, - ік

18. Жаңбыр жауып тұр ма? Қандай сөйлем түріне жатады?

A) лепті

B) сұраулы

C) хабарлы

D) бұйрықты

E) жай

19. Етістіктен жасалған зат есімді анықтаңыз

A) қиыншылық

B) айтыс

C) шеберхана

D) жолдастық

E) күші

20. Сын есімді көрсетіңіз

А) Біз азаматтарды санадық

B) Санасына жетті

C) Жеті саны

D) Біз саналы азаматпыз

E) Олар ойнады

21. Қай сөз омоним бола алмайды?

A) бас

B) ара

C) түс

D) сөйле

E) ер

22. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз

А) аяқта, ұқ

В) бұзар, шабар

С) егер, ендеше

D) көргенің, айтарым

Е) жазым, басылым

23. Мемлекеттік егемендігіміз туралы декларация қашан қабылданды?

A) 1992 жылы 26 қазанда

B) 1990 жылы 25 қазанда

C) 1991 жылы 16 желтоқсанда

D) 1993 жылы 2 наурызда

E) 1995 жылғы тамыздың 30-ында

24. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) Бұл менің кітабым.

В) Мен кітапты аламын.

С) Өзім кітапты алдым.

D) Ешкім кітапты алмады.

Е) Бәрі кітапты алуға келді.

25. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

А) сөйледі

В) сөйлеген

С) сөйлер

D) сөйлейді

Е) сөйлеп отыр

26. Етістікті табыңыз.

A) қалада

B) шығыстан

C) әдемі

D) білімді

E) оқыдым

27. Сан есімді тіркесті табыңыз

А) үйдің іші

B) тоғыз дәптер

C) дана қария

D) қайырлы күн

E) жақсы студент

28. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

А) есім сөздер

В) бастауыш, баяндауыш

С) толықтауыш, пысықтауыш

D) одағай, шылау

Е) анықтауыш, қыстырма сөздер

29. «Қанша? Неше?» сұрақтары қандай үстеуге жауап береді?

А) мекен үстеу

В) мезгіл үстеу

С) мөлшер үстеу

D) қимыл-сын үстеу

Е) мақсат үстеу

30. Сұраулы сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) сызықша

C) жақша

D) нүкте

E) үтір

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый