Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
8
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
50.18 Кб
Скачать

7-нұсқа

1. Біріккен зат есімді табыңыз

A) бала-шаға

B) колхоз

C) сары май

D) белбеу

E) ата

2. Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

А) есептік, реттік

B) негізгі, туынды

C) болжалды, бөлшектік

D) деректі, дерексіз

E) дара, күрделі

3. Демеулік шылауды табыңыз

А) ғана

В) мен

С) соң

D) туралы

Е) бен

4. Белгісіздік есімдіктерді көрсетіңіз

А) бәрі, барлық

B) қайда? қашан?

С) мен, сен

D) біреу, кейбір

Е) ешкім, ештеңе

5. Келер шақтың түрлерін белгілеңіз

А) жедел, бұрынғы, болжалды

В) мақсатты, нақ, ауыспалы

С) болжалды, мақсатты, ауыспалы

D) нақ, болжалды, жедел

Е) ауыспалы, бұрынғы, жедел

6. Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

A) қоңыр

B) көкпеңбек

C) қызыл

D) қара көк

E) күлгін

7. Ырықсыз етісті табыңыз

А) жуынды

В) сөйленді

С) қырынды

D) жылынды

Е) киінді

8. Көсемшеге жалғанатын жалғауды табыңыз

А) көптік

В) жіктік

С) тәуелдік

D) тұйық

Е) септік

9. Анықтауышты табыңыз

Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.

А) бүгін

В) бұлт

С) жоқ

D) аспанда

Е) алақандай

10. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз

A)Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр

еді.

B)Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

C)Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.

D)Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

E) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

11. Орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөзді табыңыз

A) көмекей

B) көтеріліс

C) орынбасар

D) көзүлдірік

E) шағала

12. Көмектес септікті сөйлемді көрсетіңіз

A) Мен үйден келдім.

B) Сен дәріге бар.

C) Қаламмен жазды.

D) Ыдысты жуды.

E) Қалада тұрады.

13. Көптік жалғаулы сөзді көрсет

A) үйдің,ғимараттың

B) үйге,ғимаратқа

C) үйде,ғимаратта

D) үйлер,ғимараттар

E) үй,ғимарат

14. Жатыс септікте тұрған сөздерді тап:

A) үйдің, менің, курстың

B) үйде, менде, курста

C) үй, мен, курс

D) үйге, маған, курсқа

E) үймен, менімен, курспен

15. Мөлшер үстеуді көрсетіңіз.

А) төменде, астында

В) алдында, артында

С) амалсыздан, еріксіз

D) бүгін, қазір, ертең

Е) бірталай, талай рет

16. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз

А) бірден, екіден

B) бір, екі

C) бірінші, екінші

D) біреу, екеу

E) он шақты, жүздеген, елудей

17. Жаңбыр жауып тұр ма? Қандай сөйлем түріне жатады?

A) лепті

B) сұраулы

C) хабарлы

D) бұйрықты

E) жай

18. Берілген сөзден туынды зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз Адам...

А) –на

В) –лық

С) –паз

D) –дікі

Е) –шылық

19. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз

А) өзім

B) әрбір

С) дәнеңе

D) бүкіл

Е) ешкім

20. Сапалық сын есімді көрсетіңіз

А) жуан, жіңішке, жақсы

B) ауыл, өлке, қала

C) ол, біз, сен

D) ауа, жел, бұлт

E) әп-әдемі, тап-таза

21. Ауа райына байланысты сөйлемді табыңыз

A) Жаңбыр жауып, жел соқты.

B) Олар қаладан келді.

C) Студенттер емтихан тапсырды.

D) Ол кеш келді.

E) Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды.

22. Шақыру одағайын табыңыз

А) арғымақ

В) бері кел

С) серке

D) тәйт

Е) шөре-шөре

23. Антоним сөздерді көрсетіңіз

A) қап, ойбай

B) зор-жақын

C) заңғар-биік

D) ылди-төмен

E) шұңғыл – жайпақ

24. Есімшенің жіктелген түрін көрсетіңіз

А) кетір, жазар

В) оқыды, айтпас

С) айтатынмын, оқитынсың

D) оқытқалы, пішкелі

Е) белгіле оған

25. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік

В) реттік

С) жақтық

D) бөлшектік

Е) топтау

26. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз

А) -атын

В) -ып

С) -ғалы

Д) -ды

Е) –а

27. 1 жақтағы етістікті табыңыз

A) айтты

B) отырсыз

C) барамын

D) жатыр

E)жазады

28. Бастауыштың сұрақтарын көрсетіңіз

А) кімдер? қандай? кім? не?

В) кімде? неде? кімі? несі?

С) қашан? қайда? қай?

D) кім? не? неше? қалай?

Е) Кім? не? кімдер? нелер?

29. Күшейткіш үстеуді табыңыз

А) Ерте тұрдым.

В) Кеше жаздым.

С) Ең әдемі қала.

D) Биыл оқуға түстім.

Е) Әрең айттым.

30. Сұраулы сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) сызықша

C) жақша

D) нүкте

E) үтір

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый