Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
12
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
50.69 Кб
Скачать

5-нұсқа

1. Етістіктен жасалған зат есімді анықтаңыз

A) қиыншылық

B) айтыс

C) шеберхана

D) жолдастық

E) күші

2. Сапалық сын есімді табыңыз

А) үлкен, әдемі, сұлу

B) қара, су, өзен

C) бір, бес, жақсы

D) сабақ, студент, алыс

E) берді, жүру, отыр

3. Туынды сын есім қалай жасалады?

А) жалғау арқылы

B) жұрнақ арқылы

C) есімше арқылы

D) көсемше арқылы

E) есімше, көсемше арқылы.

4. Сөйлемдерден белгісіздік есімдікті табыңыз

А) Кейбір студенттер жақсы оқиды.

B) Студенттердің бәрі дәрісте отыр.

С) Мынау - менің туған ауылым.

D) Бұл бала – менің інім.

Е) Бүгін ешкім келмеді.

5. Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.

А) жеткізер

В) жеткізген

С) жеткізетін

D) жеткізеді

Е) жеткізді

6. Жазда ауа-райы қандай болады?

A) суық, кейде жылы, аяз

B) желсіз, аспан ашық, ыстық

C) салқын, жаңбыр, жиі

D) аппақ қар жауып, жиі боран

E) қар еріп, күн жылы

7. Өзгелік етісті табыңыз

А) айтып, қалған.

В) жинас, сөйлесті.

С) жаздыр, сөйлет.

D) таран, мақтан.

Е) оқыр, болар.

8. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) жинады

B) жинаған

C) жинау

D) жинапты

E) жинамақ

9. Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз

А) Қайсар қыстауды әлі таба алмай келеді.

В) Жақсы - ісімен жақсы.

С) Жығылған күреске тоймайды.

D) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік.

Е) Жаңа ғана жаққан сабанның иісі мұрынды жарып барады.

10. Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз.

A) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.

B) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

C) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.

D) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.

E) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.

11. Әрі жуан, әрі жіңішке дауысты болып келетін дыбысты табыңыз

A) Е

B) Ы

C) Ұ

D) А

E) У

12. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз

A) қабатқа

B) қабатты

C) қабаттан

D) қабатпен

E) қабатта

13. «Арманыма» сөзіндегі соңғы қосымша

A)Тәуелдік жалғау

B)Көптік жалғау

C)Жіктік жалғау

D)Барыс септік

E)Септік жалғау

14. Жатыс септіктегі сөзді көрсетіңіз

A) менде

B) менен

C) мені

D) менің

E) менімен

15. Өте, тым, ең үстеулері мағынасына қарай қандай үстеуге жатады.

А) күшейткіш үстеу

В) себеп-салдар үстеу

С) мақсат үстеу

D) қимыл-сын үстеу

Е) мекен үстеу

16. Сан есімнің мына сөйлемде атқаратын қызметін анықтаңыз

Жеті жұрттың тілін біл.

А) пысықтауыш

B) анықтауыш

C) бастауыш

D) толықтауыш

E) баяндауыш

17. Лепті сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте

18. Зат есім дегеніміз не?

А) зат, құбылыстың сынын білдіреді

В) заттың мөлшерін білдіреді

С) зат, құбылыстың атын білдіреді

D) адамдардың әрі түрлі көңіл – күйін білдіреді

Е) қимыл, амал - әрекеттің түрлі белгілерін білдіреді

19. Заттың түсін білдіретін сөздерді табыңыз

А) жасыл, қызыл

B) дәмді, суық

C) ыстық, жылы

D) аяз, боран

E) тәтті, дәмді

20. Көңіл-күй одағайын табыңыз

А) сондықтан

В) былай

С) солай

D) меніңше

Е) шіркін

21. Жіктеу есімдіктерінің жіктелген түрін көрсетіңіз

А) біреумін, бәріміз

B) киімім, бағаңыз

С) менмін, сіздерсіз

D) әлдененің, ешкімім

Е) демалысқа, мектепке

22. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.

А) қадірледі

В) қадірлейтін

С) қадірлеген емес

D) қадірлейді

Е) қадірлепті

23. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сара қуанды.

В) Жиырма - тақ сан.

С) Байқаусызда сүрініп кетті.

D) Мен келдім.

Е) Ол отыр.

24. Ұлттық ойындарды көрсетіңіз

A) aсық, алтыбақан, қыз қуу

B) асық, баскетбол, хоккей

C) алтыбақан, ақ сүйек, секіру

D) тоғыз құмалақ, жүгіру

E) ән айту, өлең оқу

25. -ншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз

А) екі

В) он сегіз

C) жиырма алты

D) он

E) мың

26. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз

A)Дүние кезек

B)Ақылы жоқтың , арманы да жоқ

C) Бөріктінің намысы бір

D)Ойын - арзан, оқу - қымбат

E) Ырыс алды- ынтымақ

27. ІІІ жақта тұрған етістікті анықтаңыз.

A) келдім

B) келді

C) келдің

D) келдік

E) келдіңдер

28. Тура толықтауышты табыңыз.

А) Асқар сиыр айдап кетті.

В) Басында әдемі, қара бөрік бар.

С) Балаша еңіреп жылады.

D) Базардан алма сатып алдық.

Е) Асқар келе жатқандарға аузын ашып қарады.

29. Қандай үстеу сын есімнің шырайын жасауға қатысады.

А) мекен

В) мөлшер

С) күшейткіш

D) мақсат

Е) себеп-салдар

30. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз

A) Күн қандай тамаша

B) Көктем туды, бірақ жерде қалың қар жатыр

C) Сен әжеңе көмектес

D) Демалыс күні серуенге шығамыз

E) Ертең С. Сейфуллиннің театрына барайық

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый