Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13-14_ЛЕКЦИЯ.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
117.25 Кб
Скачать

13-14 лекция. Желілер туралы жалпы мағлұматтар.

Ауқымды желі internet. Html тiлi.

Маңызды HTML редакторы Microsoft FrontPage-дi атауға болады. Microsoft FrontPage редакторы HTML тiлiн түгел бiлудi талап етпей-ақ, кәсiби сапалы беттердi жасауға мүмкiндiк бередi.

1. Жалпы мәліметтер

WWW(Word Wide Web)- ол гипермәтiн көмегi арқылы мультимедиялық ресурстарға кiру, iздеу ж„не навигациялау жүйесi.

Cайт дегеніміз Web-серверде жататын беттердің HTML пішіміндегі жинағы.

Web-сервер дегеніміз – бұл осы беттерді пайдаланушылар сұратуы бойынша беретін, Интернетке үнемі қосылып тұрған компьютер. Бүкiләлемдiк тормен ақпарат алмасу HTTP протоколында жүргiзiледi. Ал ақпарат HTML гипермәтiн тiлiнде берiледi.

Гипермәтiн- басқа мәтiндермен, графиктiк, видео және дыбыстық ақпаратпен байланысты қамтамасыз ететiн мәтiн.

Web-тарап – Web — беттердің жай ғана жиынтығынан анағұрлым үлкен нәрсе. Бұл — торапты бір тұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі, тораптың бірыңғай стилистикалық безендірілуі, тораптағы ақпараттың уақтылы жаңаруы мен жеке беттердің жүктелу жылдамдығы және тағы басқа нәрселер.

Web құжаттардың кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы — гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырғанда оның басқа бөлігіне немесе басқа Web құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне шығуға мүмкіндік береді. Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтіннің бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқанда маус меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішінін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өтуі іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдаланушыға «пайдаланылған» гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Үй беті дегеніміз — сұратуында Web атын көрсетіп, бірақ нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web үй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Үй беті — бұл Web-тің айнасы, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекше мән беріледі, өйткені оның негізгі қызметі — пайдаланушыға Web-тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ыңғайлы әдістерін ұсыну.

HTML тілі «гипермәндік белгілеу тілі» болып табылады. HTML файлы дегеніміз — html кеңейтуі, браузерімізде (браузер — Интернеттің терезесі іспеттес, мысалы, Internet Explorer немесе Netscape Navigator) көретін беттік мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар — тегалар. Егер бiз HTML құжатты Блокнот м„тiн редакторда құрсақ, онда оны сақтау кезiнде оның атын да, кенейтiлуiнде көрсету керек, ал егер көрсетiлмесе, онда м„тiндiк файл құрылады.

HTML – құжаттар – бұл арнайы командалар (тэгтер) енгiзiлген м„тiндiк файлдар. Мұндай құжаттарды арнайы HTML редактор көмегi арқылы құруға ж„не өндеуге болады, сондай –ақ кез келген м„тiндiк редактормен құруға болады. HTML құжаты ж„й м„тiндiк редактордан айырмашылығы мұнда басқа бiр объектiлердi кiрiстiру ж„не форматтау үшiн тэгтер қолданылады. Мысалы: м„тiндiк құжатты құрған кезде оның н„тижесiн сол жерде көремiз, ал HTML құжатта ең алдымен редакторда құрып аламыз да н„тижесiн шолушы бағдарламада көре аламыз.