Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методич.указания.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.75 Mб
Скачать

Практикалық сабақтар жоспары

1-тақырып.

Адам және қоғам»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алмасу, әңгімелеу, баяндау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Берілген сөздердің аударыңыз.

Ереже- тілдесу-

Қоғам- ұялмау-

Құндылық- қолданылады-

Сыпайылық- ренжіту-

Кешірім- ұстану-

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Төмендегі сын есімді пайдалана отырып, «Адам мінезі қалай қалыптасады?», « Ел басқаратын адам қандай болу керек?» сұрақтарға жауап беріңіз.

Мінсіз, ақылды, шешен, дәулетті, әділ, сенімді, белсенді, іскер, жігерлі, адал, табанды, парасатты, байсалды, батыл, арлы.

  1. Мақалдардың сыңарларын дұрыс орналастырыңыз.

    Қоянды қамыс өлтіреді, ............

    Ел ағасыз болмас, ......................

    Көш басшысы жоқ ел оңбайды, ............

    Алтау ала болса, .............

    Төртеу түгел болса, ..........

    Ерді намыс өлтіреді.

    Кұралай бастаған киік оңбайды.

    Тон жағасыз болмас.

    Төбедегі келеді.

    Ауыздағы кетеді.

  2. Қажетті сөздерді табыңыз.

а) танысу үшін қажет сөздер: сәлем, танысайық, қуаныштымын.

ә) кітапханада қажет сөздер:

б) асханада қажет сөздер:

в) көлікте қажет сөздер:

г) оқу орнында қажет сөздер:

ғ) дүкенде қажет сөздер:

  1. Тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңыз.

Жүздің түсін білгенше бір... атын біл. Адам... бір-біріне көмектесуі керек. Жақсы ұстаздық етсең, болашақ... тірек табасың. Өнімді еңбек атқарам десең, көп... сүйен. Кітап - білім бұлағ... . Өнер... үйрен де, жирен. Білікті бір... жығады, білімді мың... жығады. Бұл – топтың құжат... . Менің мамандығ... өзіме ұнайды.

  1. Тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А.Мұса, І. Төленов, Е.Құдайбергенов, Г. Дәркебаеваның «Қазақ тілі» оқулығы.Алматы, 2005

2. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

3. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

2-тақырып. «Отбасы.Отбасы дәстүрлері»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

  • Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, тіл дамыту, ой толғау, аударма.

Тапсырма түрлері:

1. Кестені толтырыңыздар.

кімнің?

аты

жасы

ұлты

мамандығы

мекен-жайы

қайда жұмыс істейді

бөлемнің

атамның

нағашымның

апайымның

шешемнің

ағамның

курстасымның

көршімнің

2.Сөз тіркестерін аударыңыз. Олармен 3 жай, 3 күрделі сөйлем құрастырыңыз.

Муж моей сестры -

Супруга его коллеги –

Семья моего старшего брата –

Книга вашего сына –

Родители ее отца –

Ребенок моей старшей сестры –

3. Туыстарыңыздың аттарын дәптерге жазып, үлгі бойынша жолдасыңызбен сөйлесіңіз?

Үлгі: Серік, Айша, Марат, Айдана.

-Серік кім? -Серік – менің жездем. Ол менің әпкемнің күйеуі. Ол мал дәрігері болып істейді.

-Айша кім? -Айша - менің үлкен әпкем. Ол – мұғалім.

-Марат кім? -Марат – менің нағашы ағам. Ол менің анамның інісі. Оның мамандығы – құрылысшы.

-Айдана кім? - Айдана – менің бөлем. Ол менің анамның сіңлісінің қызы. Ол – студент.

4.«Әртістер отбасы» мәтінін оқып шығып, аударыңыз.

5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

6.Грамматикалық тапсырма. «Әртістер отбасы» мәтінінен туынды зат есімдерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Қос сөздер.

7.Отбасыңыз жайлы мағлұмат беріңіз.

ә. Отбасы мүшелерінің қызыға айналысатын ісі немесе кәсібі (хоббиі) бар ма?

б. Отбасыңыздың өзгелерге үлгі боларлық ерекше сипаты қандай?

в. Отбасылық демалыс немесе бос уақытыңызды қайда және қалай өткізесіздер?

г.Отбасылық өзара қарым-қатынас: мемлекеттік тіл мен ұлттық салт дәстүрлерге деген ұстанымы қандай?

8.Өз шыққан тегіңізді таныстыра отырып, отбасыңыздың генеологиялық діңгегін салыңыздар.

9. Біле жүріңіз. Отбасы туралы Заң

Қазақстан Республикасы неке және отбасы туралы Заңдары:

- еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

- ерлі зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

- отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік;

- отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

- балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру;

- отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

- отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сотпен қорғау мүмкіндіктері;

- отбасының барлық мүшелерінін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді. Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарды әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез-келген нысандарына тыйым салынады.

10. Берілген мақал-мәтелдерді аударып, өзіңізге ұнаған біреуінің төңірегінде өз ойыңызды ортаға салыңыз.

Түйінді сөз терең ойға жетелейді!

  • Ата-асқар тау, ана етегіндегі бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

  • Әкесін сыйламаған кісіні,

Баласы сыйламайды.

  • Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

  • Анасын сүйгеннің баласын сүй.

  • Ағасы бардың –жағасы бар,

Інісі бардың – тынысы бар.

Ұсынылатын әдебиеттер.

  • Қазақ тілі. ПОӘК барлық мамандықтар бойынша /негізгі деңгей А1, А2/ 24-26 бет

  • Қазақ тілі Ш. Бектуров, А. Бектурова, Алматы 2006

  • Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

  • Кудерина А.Е. Казахский язык Астана: «Арман ПВ» 2009.

  • Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері.Алматы; «Қайнар» баспасы, 2005.

3-тақырып. «Туыстық атаулар»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: өзара пікірлесу, ой толғау, әңгімелесу, бақылау

Талқылауға арналған сұрақтар:

1) туған-туысқандар тақырыбында әңгімелесу

2) өзінің туған-туысқандары жайлы айтып беру

3) туыстық атауларды айту

4) туыстық атауларға байланысты бір-біріне сұрақ қою (мысалы, екі күйеу беле бірбіріне кім болады?)

5) біріккен сөздер

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А. Бектурова,Ш.Бектуров. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004.

2. З.Қайырбекова, А.Махметова,М.Есқожина. Қазақ тілі. Оқуәдістемелік құрал. Петропавл, 2006ж.

3. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2007

4-тақырып. «Мінез және келбет»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сипаттау, әңгімелеу, пікірталас

Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. сын есімді қайталау (сапалық, қатыстық);

    2. мінез-құлыққа, сырт-келбетке қатысты тұрақты сөз тіркестері;

    3. адам бойындағы қандай қасиеттер ұнайды, қандайын жақтырмайсыз?

    4. сіздің талғамыңыздағы адамның келбеті қандай?

    5. мазмұндама жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А. Бектурова,Ш.Бектуров. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004ж. (216,230-бб., 230-238 беттер).

2. З.Қ.Ахметжанова, З.Ш.Ерназарова. Іскерлік қазақ тілі. Алматы, 2007ж.(50-55 беттер).

3. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

5-тақырып.

Тақырыбы: «М.Қозыбаев атындағы СҚМУ»

Өткізілу түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: өзара пікірлесу; пікірталас; әңгімелесу; бақылау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Мәтінмен жұмыс.

2. Оқу залдарының орналасуының сызбасын жасау.

3. Тақырыпқа қатысты пікір білдіру.

4. «Студенттер клубы» мәтініндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. «Казахский язык для всех» (А.Ш.Бектуров, Ш.К.Бектурова. Алматы, 2004)

  2. «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 70 жыл» энциклопедиясы, Петропавл, 2007 ж.

  3. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006.

6-тақырып. «Ас – адамның арқауы. Асханада, дәмханада, мейрамханада. Азық – түлік дүкенінде»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, диалог құру, әңгімелеу, баяндау, мәтінмен жұмыс, кесте толтыру, рөлдік ойындар

Талқылауға арналған сұрақтар:

1) грамматикалық тақырып: етістіктің шақтары, қалау рай

2) қазақтың ұлттық тағамдары туралы мәлімет беру (мәтінмен жұмыс)

3) өз ұлтының бір ұлттық тағамының дайындалуын айтып беру

4) «Асханада», «дәмханада», «мейрамханада» тақырыбына сұхбат құру

5) рөлдік ойындар

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А. Бектурова, Ш.Бектуров. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004ж

2. А.Т.Мұхамеджанова, К.М.Атығаева, Д.Қ.Қуандықова, А.Е.Әубәкірова. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (негізгі деңгей).

З.Кудерина А.Е. Казахский язык:базовый курс: Учебное пособие – Астана: «Арман-ПВ»,2009.-412б

7-тақырып.