Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень спец МПФ 2014-2015 К.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
103.94 Кб
Скачать

2014 – 2015 Оқу жылына спф мамандықтарының тізімі

5В010100 – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Академиялық дәрежесі: 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім бакалавры

Кіру емтихандары: математика, қазақ (орыс) тілі, биология, Қазақстан тарихы.

Кәсіби қызмет саласы: мектепке дейінгі ұйымдарда білім – тәрбие қызметін беру.

Кәсіби қызмет нысандары: Мектепке дейінгі мекемелердің түрлі типтері мен түрлері, шағын және дамытушы орталықтар, отбасылық балабақшалар, мектеп – балабақша, педагогикалық колледж, білімді басқару департаменті, білім жетілдірі институты болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

-білімдік (педагогикалық) – мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процесті басқару;

- педагогикалық іс - әрекеттің нәтижесін жобалау, диагностикалау, түзету;

- мектепке дейінгі білім беру шеңберіндегі алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді тарату.

Кәсіби қызмет мазмұны:

Болашақ тәрбиеші тұлғасын қалыптастыру: мотивациялық – қажеттілік, коннитивтік, эмоционалды – құндылық, коммуникативтік және рефлексивті, әр типті мектепке дейінгі ұйымдардағы кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру, инновациялық іс - әрекетке дайындығын және үнемі өздігімен білім алу қажеттілігін, жеке мәдениетін дамыту.

5В010200 – бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Академиялық дәрежесі: 5В010200«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім бакалавры

Кіру емтихандары: математика, қазақ (орыс) тілі, биология, Қазақстан тарихы.

Кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттары, білім беру департаменттері) болып табылады.

Кәсіби қызмет пәні: жалпы білім беретін мектептердің бірінші сатысында педагогикалық процесті ұйымдастыру және білім беру мекемелерінің әдістемелік жұмысы жағдайында Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

- диагностикалық (оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және даму нәтижелерін зерттеу);

- ұйымдастырушылық - технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру);

- педагогикалық басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті, білім беру менеджменті);

- жобалау (бастауыш мектептегі білім беруді моделдеу );

- ғылыми – зерттеу (білім беру мекемелеріндегі мәселелерді шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірбиені зерттеу, рефлексия) болып табылады.

Кәсіби қызмет мазмұны: оқу – тәрбие процесін педагогика ғылымы мен практикасы талаптары деңгейінде ұйымдастыруды, оқушылардың ата – аналарымен жұмыс жүргізуді, білім беру мекемелерімен, сондай – ақ мектептен тыс білім беру және тәрбиелеу мекемелерімен байланысты, әріптестерімен ғылыми және әдістемелік қатынасты қамтиды.

5В010600 – сазды білім беру

Академиялық дәрежесі: 5В010600 «Сазды білім беру» мамандығы бойынша білім бакалавры

Кіру емтихандары: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, 2 шығармашылық емтихан.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру саласы

Кәсіби қызметтің пәні: музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры үшін кәсіптік қызметтің пәні – жалпы білім беретін мекемелердегі (мектептердегі, лицейлердегі, гимназиялардағы және т.б.) сыныптан тыс музыкалық – тәрбиелік, ұйымдастырушылық – насихаттау жұмыстары болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

- Білімдік: музыка сабақтарын және сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды өткізу, оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық бақылауға алу;

- әдістемелік және эксприменттік - зерттеу: қазіргі таңдағы ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана отырып, өзінің педагогикалық қызметін ғылыми негізде ұйымдастыру; жылына бір рет оқушылардың музыкалық даму деңгейінің өлшемін бақылау және айқындап отыру, қойылған білім мен тәрбие міндеттеріне қарай педагогикалық экспримент жүргізу; өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесі жөнінде баспасөз және педагогикалық қауым алдында хабарлама жасау;

- ұйымдастыру - басқару: музыка пәнінен дәріс беру процесінде оқу – тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру; білім алушылардың қызығушылығына қарай сыныптан тыс музыкалық тәрбие және музыкалық үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру; түрлі типтік білім беретін мекемелердегі жас өспірімдер мен балалар арасында мәдени – ағарту жұмыстарын жүргізу;

- оқу - технологиялық: тиімді білім беру технологияларын қолдану, оқушылармен музыкалық көркемдік жұмыстарды жүргізуде сынып жетекшісі, ұйымдастырушы, ағартушы, насихаттаушы қызметтерін атқару;

- жобалау: музыка пәніне жылдық күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарын жоспарлай білу, республикадағы саяси – қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірі негізінде білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық – көркемдік жұмыстарды ұйымдастырудың жақын арадағы және болшақтағы жоспарларын ұйымдастыру; жыл сайын біліктілікті арттырудың жеке жоспарын жобалау болып табылады.

Кәсіби қызмет мазмұны: педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық қызмет әдістерін белсенді меңгеру бағдары, білім берудің маңыздылығы, барлық білім беру процесінің білім алушы тұлғаға бағытталуы, оның өзін - өзі ашуына және өзі - өзі көрсете білу мүмкіндігіне жағдай жасау, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың кәсіби бағдарына және өз бетімен білім алуына жағдай жасау, педагогикалық қызметті педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру, музыкалық білім берудің қазіргі талаптары және объективті заңдылықтары ескерілген жеке кәсіби қызметін жоспарлау болып табылады.