Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азаша мтіндер

.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
17.47 Кб
Скачать

Ұлытау тобы

«Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка.

Топ әу бастан-ақ игі мақсатпен құрылған еді. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған топ не бары бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. 2004 жылы әлемдік жұлдыздар санатындағы түрік әншісі Тарканның концертінде өнер көрсеткен. Ал, 2005 жылы топ музыканттары Шешенстан Республикасы мен Ингушетия Республикасының Еңбек сіңірген және халық әртістері деген атаққа ие болған. Топтың алғашқы альбомының атауы – «Жұмыр қылыш». Махамбеттің «Жұмыр қылышы». Жарыққа шыққан күйтабақта айқын көрініп, әдемі тыңдалатын дүниенің бірі – «Жұмыр қылыш». Оның өне-бойында даланың рухы болған соң, біз альбомды «Жұмыр қылыш» атадық».

Күйтабаққа он композиция енген. Олардың ішінде күй атасы – Құрманғазының «Адайы», Вивальдидің «Жыл мезгілдері» мен өзге де қазақ күйшілерінің үздік туындылары бар. Альбомның өзі Мәскеудегі танымал студиялардың бірінде жазылса, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Paramaunt Records» студиясында өңдеуден өткен. «Жұмыр қылыш» үнтаспасы негізінен ТМД елдері мен Еуропаның тыңдармандарына арналған. «АБК» компаниясының Мәскеудегі өкілі Табриз Шахиди бұл альбомның Еуропаны күй әлеміне жетелеп, қазақтың этно музыкасын мойындайтынына сенімді. Алдағы уақытта үнтаспаға енген күйлердің кейбіріне бейнеклиптер түсірілмек. Бейнеклиптер әлемнің күллі телеарналарына, атап айтсақ, «Муз ТВ», «MTV», «Channel V» сияқты белді музыкалық телеарналарға ұсынылмақ.

Құдай қаласа, альбом 2006 жылдың ақпан айында Мәскеуде тұсауын кесілд. Ал, көктемде Лондонда белгілі американдық продюсер Тим Палмердің қатысуымен «Ұлытау» жобасы көпшілікке таныстырылды. «Жұмыр қылыш» альбомы да Лондонда тұсауын кесті. Баспасөз мәслихатына арнайы келген ресейліктер: «Бұл азиялық музыканттардың Еуропаны жаулау жолындағы алғашқы қадамы. Поп музыкасы дүрілдеген заманда «Ұлытау» сияқты жобаның пайда болуы, шын мәнінде, игі бастама» – дейді. Қазір топ құрамы жаңа мүшелермен толығып жатыр екен. Аспаптық ұжымға белгілі ресейлік барабаншы Игорь Джавад-заде келіп қосылыпты. Ол Ресейдің атақты әртістері – Авраам Руссо, Земфира, Кристина Орбакайте, т.б. бірге жұмыс істеген. Жерлестеріміздің ішінен «А-Студио» тобында барабаншы болған. Игорь Джавад-заде: «Ресейде поп музыкадан аяқ алып жүре алмайсыз. Әлемде де осы музыка жанры дүрілдеп тұр. Бұдан да адам қажиды. Мен «Ұлытау» тобының музыкасымен танысқанымда, алғашында бұл маған таңсық болды. Кейін бірге жасаған дайын туындыны тыңдап көргенімде, таң қалдым. Мен өзімді азиатпын деп санаймын. Біздің мақсатымыз – Азия музыкасын Батысқа мойындату. Сондықтан да тек қана алға ұмтыламыз» – дейді. Топ құрамының жиі өзгеруін Қыдырәлі Болманов шығармашылық ізденістермен байланыстырады.

«Қажет болса, өзге аспаптарды да қосуымыз мүмкін. Осыған орай, топ құрамына жаңадан орындаушылар келуі мүмкін. Бірақ туындыда басымдық берілетін аспап – домбыра. Біздің мақсатымыз – қазақ күйлерін жаңаша үлгімен насихаттау. Құдайға шүкір, бізге алғашқы Гран-приді әкеліп берген де Құрманғазының «Адайы» – дейді, еліміздің танымал продюсері.

«Орда» тобы

"Орда" тобының алғашқы қадамдары "Бауыржан шоу" театрының құрамында болғанда басталған. Сол кезде Беделхан және Оразбековтер отбасының ағайындары қосылып жұмыс істеп, ән айта бастайды.Топ атауы 1-ші сәуір күні дүниеге келеді. Оған дейін ВИА болып жүрген олар, эпизодтық ролдерде ойнап, театрдың музыкалық және би қойылымдарында ғана шыққан. Сол кезден бастап, топтың хореографиялық қойылымдары үшін Ерболат Беделхан жауап берген. Онымен бірге Жанболат және Есболат інілері билесе, Дастан халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Ал Рүстем театр қабырғасында ашылған актерлік шеберлік студиясының түлегі болып шыға келді. Жігіттер алғаш рет 9-шы мамыр күні Република сарайында өткен концертте өнер көрсетеді. Дәл сол уақытта "Белгісіз жан", "Махаббатым" әндері шығарылып, жазылады.Кейін ағайындылар таетрдың барлық музыкалық және би қойылымдары үшін жауап береді. 2002ж "Бауыржан шоу" театрынан бөлініп, жекелей кәсіби әнші-биші топ ретінде шығармашылық жұмыстарын бастайды. Өте келе бұл шешімдерінің дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп береді. Сол жылы барлық хит-парадтардың бірінші орынадарынан көрінген "Кеш мені" әні дүниеге келеді. 2003ж "Орда" өзінің алғашқы клипін түсіру үшін Ташкент қаласына барады.Себебі, сол кезде көпшілік Қазақстандық бейнебаяндар "Өзбекфильмнің" павильондарында түсірілетін. Түсіру жұмыстарын өзбек режиссеры Бахадыр Юлдашев жүргізеді. Бейнесаз бірден, чарттардың жоғары орындарынан көрініп, радио және телеарналардағы хит-парадтардың алдын бастайды. Сол кезде ән 24 апта бойы көшбасшы орнын ешкімге берген емес. Ол жылдары топ бәсекелестері ретінде "Бангор" тобы мен Ділназ Ахмадиевалар ғана болған. Еш продюсері, қолдаушысы, материалдық қоры жоқ топтың осындай деңгейге көтерілуі сәттілік деп қана түсіндіре аламыз. "Кеш мені" әні шыққаннан кейін Алуа Қонарова есімді продюсер топқа деген қызғушылығын таныта бастайды.Жаңа продюсер топтың танымалдылығын арттыру үшін жұмыс істей бастайды.Түрлі сапарлар мен гастрольдер сол кезде ұйымдастырылады. Көрермендер жігіттердің шынайы талантын бағалап, олардың өзіндік сахналық образының бар екендігіне көздері жетеді. 2004ж "Орда" "Бангормен" танысып, өздерінің жеке студияларын аша бастайды. Дәл осы студияда топтың бірінші күйтабағына кірген әндер жазылады.Сол жылы 16-жасар Жанарға ұсыныс жасап, “Meaning of the life” атты ағылшын тіліндегі алғашқы әндерінің мәтінін жаздыртады.Ән бейнебаяның ресейлік режиссер Дмитрий Коробко түсіреді. Бұл әнді жазу барысында топқа әртістер арасында жақсы таныс Бағым көмектеседі. 2005ж Шымкент қаласындағы аншлагпен өткен концерттен кейін "Шымкент пиво" компаниясының басшысы өз қызығушылығын көрсетеді. Бұдан кейін Тоқтар Жүсіпұлы Түлешев "Орда" тобының ресми продюсері атанады. Ол жылы Алматылық студиядағы жұмыстармен қатар, альбомның Мәскеуде жазылуы жөніндегі келіс-сөздер жүргізіледі. Сол кезде коммерциялық өлеңдерді жазу мен орындау жөніндегі ұсыныстар ресейліктер тарапынан көп түсетін.Бірақ, біз бас тартып жүрдік. Араға бір жыл салып, альбомды жазу жұмыстары Мәскеудегі “Music records“ студиясында басталып кетті. 2007ж топ орындаушылары Лондондағы қазақ диаспорасының шақыруымен өзінің шоу-бағдарламасымен тұманды альбионға жол тартады. Сонымен қатар, питерлік режиссер К.Черепковпен түсірілген “Jam on” атты және режиссер Д.Захаровтың мәскеуде түсірген "Қилы заман" атты бейнесаздары шығады.Ордалықтардың "Не покидай" әні "Европа +" радиосы жүргізетін хит-парадының жеңімпазы атанады. “Easton records“пен серіктестік жұмыстары басталады.