Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мухамеджанова Марал фольклор.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
73.27 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМ. М. КОЗЫБАЕВА

Фольклорлық тәжірибе (практика) күнделігі (дневник)

Студент Мұхамеджанова Марал Назарқызы

Институты ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

Институт ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

Кафедра «ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ»

Кафедра «КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ»

Мамандығы «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ»

Специальность «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»

Курс 1

Петропавл , 2013 ж.

Петропавловск, 2013 г.

1 курс

__________________________________________практика

(фольклорлық/фольклорная)

Студент Мұхамеджанова Марал Назарқызы

тегі, аты, әкесінің аты

Институт Тіл және Әдебиет Институты

курс топ

бөлім күндізгі, кафедра Қазақ филологиясы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Жекекөл ауылы

/практика өткен жер/

Есіл ауданының Жекекөл негізгі мектебі

/ұжым аты, мекен-жайы/

03.06.2013 – 08.06.2013 аралығында

практикадан өтті.

Институт тарапынан

практика жетекшісі ф.ғ.к., доцент Құлыбекова Жанар Сейілбекқызы

(тегі, аты, әкесінің аты, қызметі)

Әдіскерлер:

  1. ____________________________________________

  2. ____________________________________________

  3. ____________________________________________

___________________________________ /практика/

Мұхамеджанова Марал Назарқызы

/студенттiң аты-жөнi/

ТжӘИ Қазақ филологиясы

/факультет/ /кафедрасы/

1 ҚТӘ-12 күндізгі

/курс/ /топ/ /бөлiм/

Практиканың өткен орны Есіл ауданы Жекекөл ауылы

Практиканың уақыты 03.06.2013 – 08.06.2013

Практика жетекшiсi ф.ғ.к., доцент Құлыбекова Жанар Сейілбекқызы

Фольклор үлгілерін айтушы, орындаушы, автор туралы құжаттама:

  1. Айтушы, орындаушының аты-жөні: Альтаев Жәдігер, Мухамеджанов Мереке Мұқышұлы, Ашимов Тұрғын, Исагулов Мағзым, Өркешев Сағдат, Ибрагимова Зүлфия.

  2. Мамандығы, жұмыс орны: Альтаев Жәдігер – мұғалім, Мухамеджанов Мереке – соғыс ардагері, Исагулов Мағзым – зейнеткер, Өркешев Сағдат – дін тану пәні мұғалімі.

  3. Біреуден үйренсе, кімнен, қайда, қалай үйренді? Мухамеджанов Мереке өз әкесі Мухамеджанов Мұқыштан, Альтаев Жәдігер ұстазы Сағындықов Қатайдан.

  4. Шығарма бұрын жарық көрген бе? Қайда, қашан, кім шығарған? Бұрын сонды баспа беттерінде жарық көрген шығармалар бар, және де әлі де сиясы кеппеген туындылар да баршылық.

  5. Орындаушының не автордың нақты мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Жекекөл ауылы.

  6. Жазып алған кім? Аты-жөні, уақыты, күні: Мұхамеджанова Марал Назарқызы. 05.06.13 ж.

  7. Жазып алған жері: Арнайы фольклорлық практика жұмысы үшін, үйлерге барып, тікелей сұхбат жүргіздім.

  8. Орындаушының төлқұжатының нөмірі:

  9. Фольклордың қай жанры /ертегі, аңыз, жұмбақ, т.б/ ? Мақал – мәтел, аңыз, ертегі, беташар, тойбастар, түс жору дәстүрі, сыңсу, жар – жар, бата түрлері, жұмбақ айтыс, т.б.

  10. Ол туынды ел ішінде қай дәрежеде тарады? Бұл жанр түрлері өлкемізде көңіл толтырарлық деңгейде дамып, өз орнын табуда. Шыны керек,бұл жанр түрлерін білмейтін, одан хабары жоқ адам кемде - кем.

Мен фольклорлық жұмысымды Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Жекекөл ауылында өткіздім. Ең алдымен жұмысымды бастамас бұрын ауылымның тарихына тоқталғым келіп тұр. «Туған жер – алтын бесік» деп біздің қазақ бекер айтпаған ғой шіркін. Шыр етіп дүние есігін ашқанда, кіндік қаны тамған топырақ өз перзентін тартып тұратын ғаламат. Бұл жаратқан алланың адамның көкірегіне шаранада жатқанда құятын ұлы қасиеті шығар, сірә. Бұл жерде қазақ жұрты еш аузынан тастамай елжіреген сағынышпен әуелетіп шырқап салатын “Ауылым” атты ән менің де жан жүрегімді толқытады. Бұл әнді ауылдың бұрынғы тұрғыны Альтаев Жәдігер аға ауылға өзі арнаған. Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім-ауылым. Шабытымның асқары, Самғаушы еді-ауылым.

Жастығымның куәсі, Шұрқырыған-ауылым. Жусаны мен жуасы, бұрқыраған-ауылым.

Әнмен таңды атырған, Ән салдырған-ауылым. Сары қымыз сапырып, Тамсандырған – ауылым.

Көк торғындай көктемде, Сағым қуған-ауылым. Алыс сапар шеккенде, Сағындырған-ауылым.

Туған ауылым Жекекөл есіме түскенде менің жүрегімде осы ғажап әннің әрбір жолы әсем тербеліп тұрғандай болады. Біздің ұрпақ туып-өсіп, көп жыл құтты мекен еткен Жекекөл, Есіл ауданының (бұрынғы Ленин ауданы) орталығы Явленка селосының оңтүстік батысында орналасқан. Бұрын ол біздің атамыз Андағұл, Құлым қажы ауылы деп аталатын. Жекекөл деп аталатын себебі, Жалғыз осы көлден басқа Есілге дейінгі өңірде суалмайтын су көзі жоқ екен. Осы көл ғана жүз жылдан аса суалмаған, суы бірде-бір ортая түсіп, тартылмаған көл екен. Көлдің суын астындағы бұлақ көзі сарқылмай толтырып тұратын болуы тиіс. Бұл да ауылдың бір ерекшелігі болып табылады. Бұрынғы көшіп-қонып, бытырап жүретін ауылдар кеңестік дәуірдің әйгілі ұйымдастыруы кезеңінде 1929 жылы алғашқылардың бірі болып “Жекекөл” колхозына бірігеді. Ал 1935 жылы “Жекекөл” колхозы мен “Мереке” колхозы шағын әрі көршілес болған соң, біріктіріліп, оған Амангелді аты беріледі. Ол әуелгіде Ленин ауданында болса, кейін Приишим ауданына қараған. Ал 1978 жылы “Мереке” кеңшары ұйымдастырылғанда, Жекекөл соның қарауында қалды. Қазіргі күнде Амангелді селолық округінің құрамында. Ауылдан мен фольклордың көптеген үлгілерін қарт адамдардың аузынан естіп, жазып алдым. Жаза келе ауылымда фольклордың бірнеше түрлері сақталғанына мен таң қалған жоқпын. Себібі ауыл адамдарының көбі қарт адамдар. Ал қарт адамдар болса сонау бірнеше ғасырлар бұрынғы ел тарихын, жер тарихын, салт-дәстүрлерді сонымен қоса ырымдар мен көптеген аңыз-әңгімелерді көп біледі. Мен оған қатты қуанам және әрине мақтан тұтамын. Ең әуелі ауыл жайында айтып кеткендіктен менің туған атам Ұлы Отан Соғысының ардагері Мухамеджанов Мереке Мұқышұлынан бастадым. Атам ауыл тарихы жайында айтып өтіп қана қоймай, ауыл жайлы ән де айтып өтті. Оны видео арқылы көре аласыздар.“Жүрген аяққа жөргім ілінеді, жатқанға жан жуымайды” демекші Жекекөл ауылында егін шаруашылығы жақсы дамыған. Яғни халықтың көпшілігі егін шаруашылығымен айналысады. Төрт түлікке байланысты көбіне балалар тілінде жиі қолданылады. Төрт түлікке байланысты өлеңді, әсіресе, “Қошақан” өлеңін маған Бақытжанов Айтбай атай айтып берді:

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың,

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың.

Сонымен қоса ауылда әр жылы көктемде қой түгел қоздап, қозыларды алғаш көгендеген күні өткізілетін той – «Көген той» жайлы да айтып өтті. Үй иесі көген басына мол дастарқан жайып, туыс-туған, дос-жаран, көрші - қолаңдарын дәмге шақырып, қой-ешкілерінің аман-есен төлдеп болған қуанышын тойлайды. Наурыз, бата тілек өлеңдері біздің ауылда бұрынғы кездерде орындалғанын мен Мұқанов Еламан атайдан естідім. Атай наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам- наурыз көже, наурызнама жайында айтып өтті. Ол кісі маған наурыздың, батаның кейбір нұсқаларын айтып берді:

Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады бабырап.

Қасында жас келіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндіктері қалқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Сәукелесі саудырап.

Құл құтырар құрықтан,

Күң құтылар сырықтан.

Жарапазан өлеңдері бұрындары орындалған. Үлгілері көп емес көрінеді үлкендердің айтуына қарағанда. Жаңадан шығарылмаған. Бұрынғы нұсқасын маған Ашимов Тұрғын атай айтып берді:

Жарапазан! Жарапазан!

Ете алмайды кедейге байлар қожаң!

Кедейлерге береке!

Қаша берсін пәлекет!

Кірсін дәулет еңбектен

Қашсын дәулет дөңбектен.

Ораза, намаз, пайғамбар,

Періште, алда, дозақтар.

Аулақ біздің жер көктен

Жарапазан! Жарапазан!

Байларға туғыз, өмір, ақыр заман!

Жарапазанның екінші бір нұсқасын Кәрімова Күлзабира апайдан естідім:

Жарапазан жарықтық,

Барың болса алып шық!

Талқан берсең алмаймыз

Қалтамызға салмаймыз.

Төгіп алып талқанның

Обалына қалмаймыз

Ақша берсең аламыз,

Қалтамызға саламыз,

Ауылдағы әр үйге

“Мәрт екен!” – деп барамыз!