Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Гидравликалы машиналар

.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
15.8 Кб
Скачать

Гидравликалық машиналар — механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданылатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар,гидравликалық қозғалтқыштар, гидравликалық берілістер, гидравликалық қозғауыштар болып сараланады.

Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетін орындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орналастырылады. Бір – бірімен жалғастырылған цилиндрлерге сұйық (май) толтырылады.

Гидравликалық қозғалтқыш — су ағынының кинетикалық энергиясын (гидравликалық турбина, су доңғалағы, бағаналы қозғалтқыш) біліктің механикалық энергиясына айналдыратын машина.

Гидравликалық беріліс— механикалық энергияны және қозғалысты сұйықтық арқылы жетекші біліктен жетектелуші білікке жеткізетін құрылғы. Ол теплоходтатепловозда,автомобильдеұшақтастаноктардажелдеткіш және сорғы жетектерінде қолданылады. Жұмыс қағидасына қарай гидравликалық беріліс көлемдік (гидростатикалық) жәнегидродинамикалық болып бөлінеді. Көлемдік берілісте энергия жетекші біліктен жетектелуші білікке гидростатикалық қысым көмегімен, ал гидродинамикалық берілісте гидродинамикалық қысым арқылы беріледі. Көлемдік беріліс гидроқозғалтқыштан, гидросорғыдан және оны айналдыратын қозғалтқыштан тұрады. Сұйықтық гидросорғыдан қысымменгидромоторға беріледі, ал гидроқозғалтқыш жетектік механизмді қозғалысқа түеіреді. Сүйықтықтың ағыс бағытын және мөлшерін реттей отырып, гидроқозғалтқыштың жылдамдығы мен айналу бағытын өзгертуге болады. Гидродинамикалық беріліс гидромуфта және гидротрансформатор ретінде машина трансмиссияларында қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]