Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журналистикаа кіріспе.толыdocx.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
88.64 Кб
Скачать

«Журналистикаға кіріспе» пәнінен

  1. «Ақпарат» ұғымының пайда болуы.

  2. «Лид» терминіне анықтама бер.

Газеттегі «лид».

Лид (журналистика) – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғнимақаланыңбасы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты –оқырманназарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралыхабарберіледі.

  1. «Солтүстік Қазақстан» газеті туралы.

«СҚО әкімдігінің СҚО ішкі саясат басқармасының «Қызылжар-Ақпарат» КМК.

«Солтүстік Қазақстан» газеті мемлекеттік тілде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ресми басылымы болып табылады. Газет А3 форматымен 12 жолдағы 6 баспатабақ көлемінде, аптасына 3 мәрте басылады (сейсенбі, бейсенбі, сенбі). Газет таралымы 10500 дана.

Негізгі айдарлар - «Ел жаңалықтары», «Президент Жолдауы: ерге міндет, елге бағдар», «Облыстық әкімдікте», «Әкім - әлеумет алдында», «Әкімдер есебі: нәтижесі қандай?», «Облыстық мәслихатта», «Кең-байтақ Отанымызда», «Стратегия-2030», «Жол картасы», «Инноваци ялық жобалар», «Әлеуметтік қорғау», «Ауыз су» бағдарламасы», «Қызылжарда не жаңалық?», «Әлеуметтік әріптестік», «Деректер мен дәйектер», «Өнеркәсіп», «Өнім сапасы - өзекті мәселе», «Агроөнеркәсіп кешені», «Ауыл шаруашылығы», «Ахуалың қалай, ауыл?», «Кәсіпкерлік», «Өнеркәсіп», «Қаржы нарығы», «Тіл тағдары - ел тағдыры», «Мемлекеттік тілді дамыту», «Күн-айғақ», «Құрылыс» және т.б.

2007 жылдан бастап білім саласының қызметкерлеріне «Тағылым» қосымшасы, әйелдер мен қыз балаларға арналған «Ұлпан» қосымшасы, студенттер мен жастарға арналған «Ақ семсер» қосымшасы, аптасына 1 рет «Мағжан» әдеби беті шығады.

Директор, бас редактор - Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы

Директордың орынбасары,

шеф-редакторы - Шәкенова Роза Рыспайқыз

Облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің шеф-редакторының орынбасары - Қожахметов Болат Қожахметұлы

  1. Журналистік этика дегеніміз не?

Журналист этикасы.ЭТИКА -адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттері жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғам жөнінде өзара қарым-қатынас мәселелерін,міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.Журналистік этика Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет

  1. Журналистік этиканың негізгі қағидалары.

  2. «Қызылжар нұры» газеті тарихы.

  3. Жанр дегеніміз?

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

  1. БАҚ ұғымын түсіндір. БАҚ ұғымын түсіндір.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси-биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жал¬пы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің шабыттанған үгітнасихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.

Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары – төртінші билік деген ұғым қалыптасқан. Оның негізі жоқ емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты қаруы – қоғамдық пікір. Мемлекеттік деңгейден бастап жекебастық  мәселелер алдымен теледидар мен газетте жарияланып, кейіннен шешімін табатындығының күнделікті куәсі болып жүрміз. Бұқаралық ақпарат құралдары әділдік пен шыншылдықтың жақтаушысы ретінде қабылданады. Мұның сыры неде? Ең бастысы – журналистердің қоғамда қалыптасқан имиджінде, азаматтық ұстанымында. Әрине, БАҚ тарапынан қолдан жасалған шабуылдар мен «қара пиарлар» туралы әңгіме басқа. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын Ахмет Байтұрсыновтан асырып ешкім айтқан жоқ: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Көзсіз, құлақсыз, тілсіз адамның өмір сүруінде мән жоқ сияқты, қоғамның да онсыз тіршілігі қараң. Сондықтан БАҚ төртінші билік қана емес, басты қажеттілік!Оның негізгі заңдылығы былай ғой: заңды шығарушылар – бірінші, оны атқарушылар – екінші, сот – үшінші, қоғамдық пікірді бастаушы баспасөз – төртінші билік. Біз егеменді ел боламыз десек, ақпараттық кеңістігіміздің қауіпсіздігін қызғыштай қорып сақтауымыз керек. Онсыз тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болу қиын. Бұл – ақиқат.Осы жерде  дүние жүзіне белгілі қолбасшы Наполеон Бонопарттың: «Төрт жүз мылтықтан  төрт баспасөздің күші артық» деген  қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Яғни ол әскербасы бола тұра қару-жарақтың күшінен бұқаралаық ақпарат құралдарының күшін 100 есе артық деп бағалап отыр. Олай болса алпауыт елдердің әртүрлі пиғылдағы ақпарат құралдарының басқа елге баса-көктеп еніп, жүргізіп отырған жұмысын қалай бағалауға болады? Оның үстіне өзге елге тікелей соғыс ашып, материалдық үлкен шығынға ұшырап, жауынгерлерінен айырылып, халықаралық қауымдастықтардың наразылығына қалудан гөрі, аз шығын жұмсап, көзге анық көріне бермейтін идеологиялық соғыс арқылы басып алу әлдеқайда тиімді емес пе.Сонау 1960-жылдардағы Чехословакия мемлекетінің іргесін шайқалтқан жағдайды, немесе 1970-жылдардағы Чилидегі төңкерісті, сол сияқты, 1980 жылдардағы Польшадағы қоғамдық өзгерістердің қай-қайсысы да мемлекеттің БАҚ құралдарынан ажырап қалуынан болған. Олар өзге елді былай қойғанда өз елдерінің ақпарат құралдары қарсылығына тап болған.  Сонда Чили президенті Сальвадор Альенде: "Мені тақтан тайдырған әскерилер емес. Менің қолымнан бұқаралық ақпарат құралдары кетіп қалды ғой. Түбіме жеткен солар", - деп еңірегенде етегі жасқа толған еді.

  1. БАҚ туралы заңның 20,21 баптарында не айтылады?

20-бап. Журналистiң құқықтары

Журналистiң:

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;

4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;

5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;

6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;

7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;

8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;

9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;

10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

21-бап. Журналистiң мiндеттерi

Журналист:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;

2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

  1. Қазіргі журналистиканың талаптары.

  2. Журналистикадағы объективтілік дегеніміз не?

  3. Мақала түрлері. Мақала түрлері.

Мақаланың түрлері. «Мақала – публицистикалық жанр, қоғамдық - әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп, талдау және оларды жинақтау негізінде нақты идея мен ой – пікірді немесе оларды жүзеге асыруға үн тастайды», -деп анықтама берілген. Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап – бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақаланың ғылыми, публицистикалық сипаттары болады. Мақала авторы көтеріліп отырған мәселеге қатысты өз ойларын дәлелдеуге дәйектерді бір дерерккөзден немесе бірнешеуінен алуы мүмкін. Мақала әдеби өмірдің өзекті мәселелерге батыл барып, толымды талдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндігі де мол жанр. Мақаланың түрлері: проблемалық, полемикалық, бас мақала т.б. Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

Мақала бірнеше түрге бөлінеді :

Бас Мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндірді. Бас мақаланың стильдік құрамы да әртүрлі болып келіп, жалпы ережелер, үндеу текстері, факті, мысал, цифрлармен, информациялармен толықтырылады. Мұндай жағдайда аталған директивалық, публицистикалық, информативтік факторлардың үлес-салмағы тең болуы, ара салмағы сақталуы міндетті емес. Бас мақалаларда ұсақ проблемалар көтерілмейді, негізінен, мемлекеттік, жоғары, аса жоғары деңгейдегі саяси, идеологиялық мәселелер әңгіме арқауы болады. Сондықтан, бас мақалаларда қолданыс аясы тар арнайы лексика, жергілікті тілдің сөйлеу ерекшеліктері, жаргондар, арготизмтер, бір сөзбен айтқанда, әдеби тіл мөлшері шеңберінен шығып кететін элементтер қолданысы шектеліп, олардың мөлшері барынша қатаң сақталуы негізгі талаптардың бірінен саналады.

Проблемалық Мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді шешеді. .Проблемалық мақала –әрбәр мақалада белгілі бір дәрежеде көтерілген проблема болады да, солардың ішіндегі кейбіреулері әдебиеттің алдында тұрған теориялық және практикалық мәні зор, күрделі мәселерді қозғауымен де ерекшеленеді. Әдеби дамудың барысында, кқркемдік ізденістердің нәтижесінде ескінің ескіріп, жаңаның өмірге келуімен байланысты қанша жаңалықтар өмірдің есігін қағып жатады. Осыладрдың ішінде қайсысы өмірдің талабына сай, орны қандай, нақты шешімі қайсы деген сан алуан сауалдарға проблемалық мақала жауап береді. Демек, әдеби өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынып жазған мақаланы проблемалық мақала деп айтамыз.Проблемалық мақалада әдебиеттің идеялық көркемдік-эстетикалық, адамгершілік, тілдік, т.б. кесек мәселелері көтерілуі мүмкін. Мұндай мақалада әдетте әдебиеттің көп мәселелері қамтылмай,нақты бір проблема төңірегінде ғана тереңінен,кеңінен қамтыған салмақты әңгімме қозғалады.

Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады; Публицистикалық Мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.Теориялық сыни мақалалар көбіне әдеби дамуда ғылыми жағынан қажет болған құбылыстар,жаңалықтар болған кезде,соларды түсіндіру мақсатымен жазылады. Теориялық материалдарды көбіне,”академиялық” сыншылар жазады.

Ғұмырнамалық мақала-мақаланың жиі кездесетін түрі болып табылады.Бұл мақала жекелеген адамға арналған. Ол әдетте елгілі бір датаға байланысты жазылады.

Ескертпе-мақала-сирек кездесетін мақала түрі. Бұл мақалада немесе әдеби жиында айтылған пікірлерге байланысты жазылады. Автор айтылған пікірлердің кейбіреуіне келіспеуі, немесе қосымша түсіндірме, анықтама,толықтыру беруі ықтимал. Яғни, ескертпе мақала мақаладан туындаған- мақала, пікірден туындаған пікір. Мұндай мақалада бұрын айтылған пікір қошталып, дамытыла түседі, қосымша мәліметтер келтіріліп, айтылған жәйт кеңейе, тереңдей береді.

Айтыс мақала-Проблемалық мақала айтысқа (полемикаға) ұласуы мүмкін. Өйткені, мұндай мақаланың өзегінде дискуссиялық,мәселе көтеріп пікір айтушылық, не оны жоққа шығарушылық сарындары жатады. Айтыс мақаланың басқалардан айырмашылығы- мұнда мәселе өткір қойылады;нақтылы бір мәселе төңірегінде пікір барынша дәлелделінеді, немесе теріске шығарылады. Осы мақсатына жету үшін ғылыми дәлелділік, публицистикалық ұшқырлық, стиль саралығы барынша қолданылады. Өз ойын пірдің оғындай, нысанаға дәл жеткізу үшін сөз мағынасының барынша анықтығын, бояуының қанықтығын, бейнелілігін қажет етеді.

  1. Журналистика теориясы туралы түсінік

Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы

Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет)

  1. ҚР Конституциясы сөз бостандығы туралы.

БАҚ туралы Заңның «Жалпы ережелер» деп аталған 1 – тарауында Заңда пайдаланылған негізгі ұғымдарға түсінік берілген.Айталық, бұқаралық ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары деген ұғымдат тұңғыш рет заң жүзінде айқындалды.Мерзімді баспасөз басылымы және теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы, бұларға байланысты эфирге шығу деген ұғымдар түсіндірілді.Тәжірбиеде күнде кездесіп жүрсе де, әрұдай пікірлерге азық болған «журналист» деген ұғымға тұңғыш рет ғылыми анықтама берілді.Яғни: «журналист «(бұқаралық ақпарат құралының өкілі)- еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабарлар мен материалдар жинауб өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға».Бұл арада мәселе арнайы білімі бар немесе кәсіби дайындықтан мамандық иесі туралы ғана болып тұрған жоқ.Заңда көрсетілгендей, «... еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде» жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралының өкілі туралы болып отыр.Яғни, заң қағидасы осындай қызметкерлерге ғана тиісті екенін түсіну керек.Басқаша айтқанда , журналист мамандығы бар, бірақ БАҚ органдарымен ешқандай еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде жұмыс істемейтін жеке тұлғаларға БАҚ туралы заң басқаша қарайды.

Екінші бір маңызды түсінік цензура туралы.Біздің елімізде цензура жойылғаны көпке мәлім.Ол туралы басқа пікір болуы мүмкін емес.Десек те, осы Заңда арнайы талданып көрсетілген түсінікті біліп қойған артық болмас еді. «Цензура – бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап етуі бойынша немесе өзге де негіздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөліктерін тарату шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келісу».Бұған қарап, БАҚ үшін ақпарат таратуды ешқандай шектеу жоқ екен деп түсінуге юола ма?Заңның 2-бабында «цензураға тыйым салынады» деп анық жазылған.Алайда, әрбір құқықтық, демократиялық, азаматтық қоғамаға сай кейбір шектеулердің болуы заңды.Осы мақсатта, аталған 2- баптың 3 –тармағында БАҚ жолымен таратуға жол берілмейтін мәліметтер, заңмен қорғалған өзге де құпиялар туралы былайша саралап айтылған:

«Бұқаралық ақпарат құралдарын ҚР Конституциялық құрылысын күшепен өзгертуді, тұтастығын бұзыду, мемлекет қауіпсіздігін әлсіретуді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және рулық артықшылықты, қатыгездік пен зорлыққа табынуды, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу , сондай-ақ ҚР-ның мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдалануға жол берілмейді».

ҚР Конституциялық құрылысын өзертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттік қауіпсіздігін әлсіретуді насихаттайтын ақпарлар таратуға немесе мәліметтер беруге шек қойылғаны түсінікті.Тек бұл арада, еліміздің тиісті заңнамаларында бұл ұғымдардың нақты мәні айқын көрсетілгендігін және түсініктердің шегін әрбір журналист саналы түрде дәл білуге тиіс.Сондай-ақ соғысты , әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және рулық артықшылықтарды насихаттауға және дәріптеуге тыйым салынуы біздің мемлекетіміздің құқықтық және демократиялық сипатынан туындайдыСайып келгенде, Қазақстан Конституциясыныңқағидалары осы заңда қайталанып, тағы да түсіндіріліп берілгенін байқаймыз.

2-бап.Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы

1.Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және өзге де нысанда білдіруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға ҚР Конституциясында кепілдік беріледі.

Цензураға тыйым салынады.

2.Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматты оның құқығы мен мүддесіне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

3.Бұқаралық ақпарат құралдарын ҚР Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігін әлсіретуді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни топтық және рулық артықшылықты, қатыгездік пен зорлыққа табынуды, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ ҚР мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді, заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдалануға жол берілмейді.

  1. Газеттің меншікті тілшісі. Тілші– хабар жеткізуші, хабарлаушы.

  1. Редакция аппаратында қызмет істейтін штаттағы маман-журналист (меншікті Тілші, Тілші-ұйымдастырушы т.б.), редакцияның ерекше тапсырмасын орындаушы (арнаулы Тілші) немесе журналистиканың арнайы бір саласына маманданған қызметкер (мысалы, фототілші);

  2. Штаттан тыс, бірақ бұқаралық хабар мен насихат қызметіне тұрақты қатысатын редакция қызметкері (жұмысшы немесе ауылдық, әскери, жас Т., т.б.);

  3. Бұқаралық хабар мен насихаттың басқа бір органына хабар не мақала жазушы газет, радио, телеарна редакциясы (ұжымдық Т.).

Меншікті тілшілердің тізімі

  1. «Литер» и «Юридическая газеттерінің меншікті тілшілері » - Зауре Жумалиевна және Инны Литвиненко

2. Егемен –Қазақстан Өмір ЕСҚАЛИ, Валерий Мерцалов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші

4. Ербақыт Амантай Алаш Айнасы Республикалық қоғамдық- саяси күнделікті газет

5.Данагүл Әлғожина – Дала мен Қала газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі

  1. Заметка және хабар

Жанр жөнінде белгілі ғалым, профессор Т.Қожакеев: «Жанр дегеніміз – газет-журнал материалдарының, радио және телевизия хабарларының өмір сүру және көрініс беру формасы» деп тұжырымдаса, М.М.Бахтин есімді ғалым: «Жанр – всегда тот, и не тот, всегда стар и нов одновременно. Жанр взрождается и обновляется на каждом этапе развития литературы и в каждом индивидуальном произведении данного жанра. Жанр живет настоящим, но всегде помнит свое прошлое. Жанр – представитель творческой памяти в процессе литературного представителя. Конец цитаты» деп дәйектейді. Яғни, жанр қашанда таныс һәм бейтаныс. Көнелігі мен сонылығы қашанда мезгілдес. Жанр - әдебиет дамуының әр кезеңінде және сол жанрдың әрбір жеке шығармасында жаңғырып, жасарып отырады. Жанр – бүгінгі күнмен өмір сүреді, бірақ өзінің өткенін естен шығармайды. Жанр - әдебиет дамуы үдерісіндегі шығармашылық жадтың өкілі. Дәйексөздің аяғы. (ауд. – К.Қамзин. – Н.Ж.).

Демек, жанр дегеніміздің өзі француздың «qenre» деген сөзінен шығып, біздің тілімізде «түр» деген баламаны береді екен. Яғни, жанр – ол, біздіңше, түр. « Газет жанрлары әр алуан, олардың ерекшеліктер де әр түрлі екені мәлім. Газет материалдарының сапалы болуы олардың жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін-бірі қайталамай, арқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, саны жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде, ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын болады.

Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек.».

Жанр жөнінде ғалым тағы да мынадай пікір білдіреді: «Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы пішініне ғана қарап қоймаймыз. Олардың атқаратын функцияларын негізге аламыз, өйткені олардың атқаратын функцияларына қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленулері жанрлардың жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді қолай көреді. Немесе жанды фактілер арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді мақсат етеді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беруді көздейді. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем-публицистикалық болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістері бар» дей келе, профессордың өзі жанрларды төмендегідей жіктейді. Хабарлама жанрларына: заметка, есеп(очет), әңгімелесу (интервью) және репортаж жатады.

Публицистиканың хабар жанрларының негізін қоғамдық ой-пікірлер, әлеуметтік фактілер құрайды. «Өмірдің күнделікті оқиғаларына қоғам мүшелері ілесіп, олардын толық хабардар болу үшін хабар жанрлары «Көрер көзіміз, естір құлағымыз, қимылдар қолымыз» сияқты публицистиканың бірден –бір ебдейлі жанрлары болып табылады». Профессор Амандосовтың пікірінше, факті – хабар жанырының жүрегі болып табылады. Публицистиканың хабар жанрлары бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі өмір шындығын жан-жақты көрсетеді,егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Біздің өміріміз қандай ұлан-ғайыр болса, хабар жанрларының мүмкіндігі де сондай болуға тиіс.

Хабар жанрлары – заманымыздың елеулі істері мен сипатын көрсететін уақыт шежіресі: ол кеше мен бүгін не болғаны,ертең не болатыны туралы баяндай алады. Хабарлар біздің ілгері басқанымызды, экокномикалық жағынан сапалы өзгерістерге қолымыз жеткенін білдіреді. Ал мұндай жаңа құбылыстарды көрсететін оқиғалар күн сайын болып жатады. Мұны газеттеріміз жедел де тартымды жазып келеді.

«Заметка дегеніміз – ең шағын және оперативті жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбылыстары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлайды. Заметканың негізінде бір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Заметканың авторы өз пікірін байыптау мен қорытынды жасамайды. Тек бір мәселені немесе құбылыс пен бір жақсы бастама, не бір аяқталған жақсы іс туралы үн қатады. Заметка – үгіт-насихатты тек фактімен жүргізудің бірден-бір құралы», -деп тұжырымдай келе ғалым заметка жанрын екіге бөліп зерттейді:

.

Заметканың негізінде бір оқиға, бір объект ғана жатады және аталмыш жанр ортақ немес дербес тақырыптармен беріледі. Өз алдына дербес тақырыпшасы болмай, бірнеше жолдық болып, бір атаумен берілетін заметка түрі – тектес заметка деп аталады. Ал, дербес заметка тектес заметка сияқты ортақ тақырыпшамен берілмейді., мұнда барлығы керісінше. Және заметканың бұл түрінде мәселе толығырақ қамтылып, тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан да анағұрлым кең болады.

17.Газеттің бас редакторы .Редактор– баспада, радиохабар мен телевизияда мәтінді әдеби тілдің стильдік нормаларына түсіріп, өңдеуші, оны басылымның (хабардың) мақсаты мен сипатына сай етіп жөндеуші, әдеби қызметкер немесе журналист 

Редактордың автормен жұмыс істеуі көптеген психологиялық және этикалық күрделі проблемалармен байланысты. Редактор мәтіннің сапасын бақылаушы кәсіби маман ретінде мәтіннің авторлық нұсқасына араласып, өзгерістер енгізуге құқылы. Алайда, осы жерде «оның араласуы қалай жүзеге асырылады?» - деген алғашқы сұрақ туындайды.

Тәжірибелі редакторлар «редактор мен автордың мәтін туралы ой туындағаннан бастап басылымға жіберілгенше келісе отырып жұмыс істегені өте дұрыс» деп есептейді. Автор мен редактор мәтіннің концепциясын: оның тақырыбы мен проблемасын, мағыналық басымдығының дәлдігін, тұжырымдары мен нәтижелерін талқылайды, оның әдеби формасын бағалайды. Редактор түзетудің нұсқаларын ұсынады, ал автор редактор ескертпелерінің негізділігіне қарай өзгерістерді өзі енгізеді.

Алайда, бұқаралық комуникация барысында редактордың өзіне мәтінді басылымға дайындауына жиі тура келеді. Бұл жағдай оған қосымша жауапкершілік жүктеп, кәсіби дайындықты талап етеді. Қандай жағдайда да автор мәтіннің түзетілген нұсқасымен оны жариялауға дейін танысып шығуға тиіс. Бұл – кәсіби этиканың міндетті талабы. Өкінішке орай, жұмыс барысында көбінесе бұл талап орындалмай қалады да, оның соңы редактор мен автор арасындағы түрлі шиеленіске, тіпті кейде сот қарауына әкеліп соқтырып жатады.

Редактор мәтінмен жұмыс істеу барысында өзін автордың орнына қойып, оның логикасын, тақырыпқа деген көзқарасын материалдық проблемаларын, стильдің даралық ерекшеліктерін түсінуге тиіс, содан кейін ғана түзету нұсқаларын ұсына алады. Авторлық түпнұсқаның  мазмұнына жете мән бермеу, оның стилистикасын тиісті деңгейде түсіне білуге қабілетінің жетпеуі, дәлелсіз, субъективті ескертпелер мен түзетулер – шығарманың мағынасы мен формасын бұрмалауға жасалған алғашқы қадам және ол өзара шиеленіс үшін негізгі себеп болып табылады. Редактор ұсынған түзетулер авторлық мәтіннің мазмұнына, композициясы мен стиліне толық сәйкес келіп, оны ажарландырып, нәрлендіріп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда редактор енгізген түзетулер мәнсіз болып шығады. Автор мен редактордың нұсқалары, мазмұны, стилі, құрылымы жағынан бірдей деңгейде болса, онда басымдық автор нұсқасына беріледі. Сондай-ақ, түзетудің қажеттілігін сауатты негіздей білу керек, олай болмаған жағдайда редактордың автормен тіл табысуы өте қиын болады.

Егер автордың нұсқасы баяндаудың немесе ойды жеткізудің қалыптасқан нормадан тыс формалармен берілсе, оны жалпыға белгілі үлгілерге салып түзетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені баяндаудың дәл осы тәсілі, ойдың ішкі қатпарларын жеткізудің тиімді тәсілі болып шығуы мүмкін.

Авторды кәсіби маман ретінде түсіну, нақтылайтын сұрақтарды дәл қоя білу, бір қарағанда оңай әрекеттер сияқты көрінеді. Алайда бұл – өте күрделі процесс. Кейде мәтіннің өзі оны түрліше түсінуге итермелейді (бұл әсіресе  сөздерді дұрыс немесе дәлдікпен қолданбағанда анық көрінеді) және автор мен редактордың әртүрлі өмір тәжірибесі, өмірлік ұстанымы мен көзқарасының ерекшеліктері бір мәтінді әртүрлі мағынада түсінуге, бір жағдайды әртүрлі көруге (бағалауға) соқтырады.

Сондай-ақ, авторлық тұжырым да, өз кезегінде, баспагер мен тапсырыс берушінің мақсаты мен саясатын, ең бастысы бұқаралық  ақпарат құралдары қызметінің кәсіби нормаларын ескеруі тиіс. Заң жүзінде олар бұқаралық ақпараттар туралы, жарнама туралы, авторлық құқық туралы заңдармен, азаматтық кодекспен, өркениетті елдердің көпшілігінде қабылданған кәсіби-этикалық ережелердің жиынтығымен реттеледі. Мысалы, БАҚ пен саяси нормаларда мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға, жала жабуға, яғни жеке адамның ар-намысына тиетін ақпараттарды жариялауға болмайды, баяндаудың қорлау тәсіліне жол берілмейді. Тұтынушының жарнамаларда тауардың сапасы туралы күмәнді мәліметтерді жариялауға, оның құндылығын арттыруға, бәсекелестердің беделін төмендетуге жол берілмейді.

Автор мен редактордың өзара қатынасында «Редактор мәтінге қаншалықты өзгеріс енгізе алады?» деген маңызды сұрақ туындайды. Бұған қысқаша жауап та дайын: редактор автор емес, тек оның көмекшісі, редактор мәтіннің мазмұны мен формасын, автордың стилі мен тұжырымы шегінен шықпай жетілдіреді. Автордың ойын бұрмалауға және тек өзіндік әуестігі негізінде стильді өзгертуге болмайды. Яғни, редактордың ескертпелері мен түзетулері автордың ұстанымын ескерген және объективті болуы тиіс.

Автор белгілі тақырыпты жазуды жоспарлаған кезде редактордың оған өз идеясын, өз пайымын, талабын, тұжырымын жүктеп, қысым жасауы жөн емес. Бұл арада редактордың жәрдемші, кеңесші рөлін атқарғаны жөн. Жазу тәжірибесі аз жас автор редактордың ықпалынан шыға алмай, жалтақтап, ойлағанын толық жүзеге асыра алмайды. Сөйтіп, сайып келгенде, қолжазба бәрібір сапасыз болып шығады.

Редактордың авторға дәйекті көмек көрсеткісі келсе, онда сол автордың шығармасымен мұқият танысып, оның иесіне өз идеясын өрістете түсуге және соны мазмұнды, жүйелі, құнды етіп жеткізуге көмек беруі тиіс. Ол үшін, ең алдымен, редактордың өзінің саяси-идеялық сауатты, жан-жақты танымдық білімді маман қаламгер болуы шарт. Оның ғылым мен техниканың, халық шаруашылығының, мәдениеттің, мемлекеттік саясаттың даму бағыттарымен толық хабардар болғаны жөн. Редактор өмірдегі жаңа құбылыстарды, жаңалықтарды, өзгерістерді көріп-біліп, қадағалап жүретін адам болуға тиісті.

Мәтінді кәсіби талдай білу дағдысы өзін-өзі редакциялау барысында да (мәтінін жетілдіру) өте пайдалы. Мұнда да нұсқаларды бағалаудың төмендегідей өлшемдері қолданылады: әдеби формасының материалдың тақырыбына, мақсаты мен адресатына сәйкес келуі.

Автор үшін ең күрделісі – мәтіннің тақырыбына қатысты өзіне белгілі барлық мәліметтерді мүлдем назарға алмау. Шын мәнінде, ол жазғанынан көп біледі және жағдайдың нақтылығын мәтінде көрсетілгеннен басқаша көреді. Автордың тақырыппен дәл осы таныстығы оған материалдың мазмұнындағы проблемаларды байқауға, оқырманға негізсіз немесе қатыссыз болып табылатын мәліметтерді көре білуге кедергі жасайды.

Өзін-өзі редакциялауға кіріспес бұрын мәтінді белгілі бір уақытқа дейін тығып тастау керек, оны редакторлардың тілінде «суытып алу» (дать отлежаться) деп атайды. Автор мәтіннен біраз уақыт шеттеп, өз мәтінін редактор мен оқырман көзқарасымен қабылдау қасиетіне ие болу мүмкіндігін алады.

Шеттеудің бірнеше деңгейлері бар: біріншісі – шеттеудің ең төменгі деңгейі. Соның өзінде автор «суытылған» қолжазбаны қайта қолға алғанда, оған басқаша қарайтын болады. Өзін-өзі редакциялау осы кезеңде жүзеге асырылады. Мұнда автордың материалдан қашықтауы тым шартты түрде ғана болғандықтан, жұмыстың сәттілігі мәтінді бағалау мен түзетудің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты болады.

Шеттеудің екінші деңгейі – қолжазбамен редактормен бірлесе жұмыс жасау және ең жоғарғысы – оны жариялау. Бұл кезеңде автор да мәтінді мүлдем басқаша көзбен көреді, алайда, өкінішке орай, оған ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан, өкініп қалмау үшін, автор дайындық кезеңнің өзінде мәтіннің формасы мен мазмұнының түпкі ой мен ойдағы мұратқа барынша сәйкес келуіне ерекше тырысуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізудің жолы біреу ғана: мәтінді кәсіби шеберлікпен талдап, түзете білу дағдысын үнемі дамыту.

Редактор – баспа мен газеттегі негізгі тұлға, шығармашылық күш. Ол – автор мен оқырман қауым арасындағы байланыс, қатынасқа дәнекерші. Мұны ол қоғамдық міндеті – баспасөз майданындағы қызметі арқылы жүзеге асырып отырады.

Редактор авторға қолжазбасын жарыққа шығаруға шығармашылық көмек көрсеткенде соңғыға шығарма жазып беруге міндетті емес. Сондай-ақ, оның баспаға, редакцияға қабылданған жұмысты автормен келіспей, өзінше қайта жазуға да қақысы жоқ. Ол тек қолтуманың идеялық-саяси, ғылыми, ұйымдастырушылық, үйлестірушілік мазмұнды тәрбиелік сапасын, тіл-стильдік мәнін, жұмыстың құрылымын және басқа да қырларын жетілдіруші, қырнап ұстаралаушы, ретке келтіруші.

Редактордың өңдеуінен шыққан қолжазба ғылымилық, хабарланған ақпараттың фактілік сенімділігі, баяндалған теорияның, болжамның немесе оқиға, құбылыс версиясының ақыл-ойға қонымдылығы, авторлық баяндаудың логикалық жүйелілігі сиятқты талаптарға сай келуі тиіс.

 

.Солтүстік Қазақстан газетінің Директорыжәне бас редактор - Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы.

.

Кәрібай Иманжанұлы Мұсырман

1957 жылы 28 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысыАйыртау ауданы Дәуқара ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Мұсырман Иманжан Мұсырманұлы, марқұм. Анасы - Мұсырман Рахима Салихқызы, марқұм.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), журналист.

Қазақстанның мерзімді баспасөзінде жарияланған көптеген мақалалардың, очерктердің авторы.

Қазақжәнеорыстілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1985-1991).

1981 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің тілшісі , меншікті тілшісі . 1985 жылдан -Көкшетау облыстық «Көкшетау» газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі , редактор орынбасарының м.а. 1990 жылдан - республикалық «Егемен Қазақстан»газетінің меншікті тілшісі. 1992 жылдан - Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы. 1997 жылдан - «Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры. 2007 жылдан - «Солтүстік Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облыстық газетінің редакциясы» ҚМК директоры - бас редакторы.

2008 жылдың желтоқсан айынан бері - «Қызылжар Ақпарат»медиахолдингі» ҚМК директорының - бас редакторының м.а.

Қазақстан Журналистер одағыныңмүшесі (1987 жылдан «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі .

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (2001), «Қазақстан Конституциясына10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - майор.

Діни көзқарасы - «Исламдәстүрлерін ұстанамын»

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан өркендеген демократиялық мемлекетболады».