Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Логарифм тсінігі.docx
Скачиваний:
70
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
265.14 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

1. Логарифм ұғымы. Логарифмдік функция...............................6

1.1. ЛОГАРИФМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЛОГАРИФМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ..............................................................................................................6

1.2. ЛОГАРИФМДІК ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ЛОГАРИФМДІК ТЕҢСІЗДІКТЕР..........................................................................................................8

2. Параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктер............................14

2.1. ПАРАМЕТРІ БАР ТЕҢДЕУЛЕР......................................................................14

2.2. ПАРАМЕТРІ БАР ТЕҢСІЗДІКТЕР..................................................................16

2.3. ПАРАМЕТРІ БАР ЛОГАРИФМДІК ТЕҢДЕУЛЕР........................................21

2.4. ПАРАМЕТРІ БАР ЛОГАРИФМДІК ТЕҢСІЗДІКТЕР....................................25

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................29

ҚОСЫМША.............................................................................................................30

Кіріспе

«Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз».[1].

Параметрi бар есептер қарапайым математика курсының өте қиын есептерiнің бiрі болып табылады. Негiзiнде олардың шешiмi есептiң шартына кiретiн функциялардың зерттеу және сандық коэффициенттерi бар теңдеулер мен теңсiздiктердi шешу болып келеді. Параметрi бар теңдеулердi (теңсiздiктерді) шешуде қандай мәндерде берілген теңдеудің (теңсіздіктің) шешімдері бар болатынын анықтап, сол шешiмдердi табу керек. Сол параметрдiң мүмкiн мәндерiнiң кем дегенде бiреуi зерттелмеген жағдайда есеп толық шығарылған болып саналмайды. Ертеден бері параметрi бар есептер жоғарғы оқу орындарындағы талапкерлерге математика пәні бойынша емтихандық билеттерде кездеседі, ал соңғы жылдары мұндай есептер ҰБТ тапсыруда ұсынылады.

Мектеп бағдарламасындағы негізгі тақырыптардың бірі болғандықтан параметрі бар логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбы өзектілігін жоймайды.

Зерттеу объектісі параметрі бар логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді кеңінен қарастыру.

Қойылған мақсаттан берілген курстық жұмыстың бірқатар міндеттерін бөлуге болады:

  • логарифм және оның қасиеттері ұғымын енгізу;

  • логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбын қарастыру;

  • параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктер шешуге тоқталу;

  • параметрі бар логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбын зерттеу.

Жұмыстың болжамы: бұл тақырыпты оқушылар жақсы меңгерсе, онда оқушыларда басқа тақырыптағы есептерді шығаруда қиындық туындамайды.

Жұмыстың практикалық маңызы: «параметрі бар логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер» тақырыбы бойынша мектеп оқушыларының, студенттердің білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда логарифм түсінігі және логарифмдік функция қарастырылады. Екінші тарауда параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбына теориялық және практикалық материалдар ұсынылады. Жұмыстың көлемі – 29 бет. Курстық жұмысының соңында қосымша енгізілген, оның ішінде берілген тақырып бойынша өздігінен шығаруға арналған есептер берілген.