Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

nusipalieva-nedelya-matematiki-51037f068c201 / СТЖ_6_класс / Математик_болгын_келе_ме

.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
63.49 Кб
Скачать

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Сыныптан тыс жұмыс.

«Математик болғың

келе ме?» ойыны

6 - сынып

Математика пәнінің мұғалімі: Нүсіпалиева Р.К.

2012-2013 оқу жылы

Белбасар ауылы

«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»

атты математика пәні апталығы аясында өткізілген

«Математикалық болғың келе ме?» ойынының

ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Математик болғың келе ме?»

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

2. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу, құзыреттілікке бейімдеу, лидер болуға ұмтылдыру, шешім қабылдай білуге үйрету.

Түрі: Ойын

Формасы: Ойын технологиясын және АКТ қолдану арқылы

Көрнекілігі: Слайд.

Құралдар: Интерактивті тақта

Кіріспе:

«Математик болғың келе ме?» ойынын бастаймыз. Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Ойынға залда отырған оқушылардың барлығының қатысу құқы бар.

.

Ойын ережесі:

  1. Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңге 1 ойыншыдан қатысып отырады. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдайды.

  2. Математик болу үшін берілген 10 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Ұпайлар сұрақ нөміріне сәйкес қосылып отырады. Мысалы 1-сұраққа 1 ұпай, 7- сұраққа 7 ұпай. Ең көп ұпай саны 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55 болады.

  3. Ойын барысында 3 көмекті пайдалануға болады:

достың көмегі

50/50

Көрермендер көмегі

  1. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады.

Ойын барысы:

Экранда слайдтар пайда болады.

Іріктеу сұрақтары арқылы 1 оқушы ойынға шығады. Оқушы 10 сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды. Осы тәртіппен ойын 3 кезеңде өтеді. Ұпай көп жинаған оқушы жеңімпаз атанады.

Бағалау парағы

Ойыншының аты-жөні

Сұрақтар

Барлық ұпай саны (55 ұпай)

Бағалау парағы

Ойыншының аты-жөні

Сұрақтар

Барлық ұпай саны (55 ұпай)

Соседние файлы в папке СТЖ_6_класс