Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

-ызметтік+хаттар

.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
59.39 Кб
Скачать

Қызметтік хаттар

Өтініш хат – белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.

Үлгісі

Ш. Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университеті

Семей қаласы

А.Құнанбаев көш.59 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

«Көкшеқұрылыс» корпорциясы

09.01.2001. №25 директоры А.Н. Мусинге

өтініш хат

Құрметті Арман Нұрланұлы!

Сізден Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей мемлекеттік университетінің мебель фабрикасына бөлінген 3300000 (үш миллион үш жүз мың) теңге қаражатына сол фабрикадан құрылыс материалдарын аударуыңызды өтінемін.

Университет ректоры,

профессор: қолы Б.Б.Садықов

Ресми хат – белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.

Үлгі

Ақмола облыстық білім департаменті

Астана қ.

Бейбітшілік көш.27 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

07.05.2005. №65 Көкшетау қаласындағы

мектептерге

ресми хат

2005 жылдың 10-мамырында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында қалааралық жылдық мұғалімдер сайысы өтеді. Әр мектептен бір мұғалім қатысуға міндетті.

Осыған орай мектепаралық мұғалімдер сайысы өткізілсін. Жеңімпаз туралы толық ақпарат Ақмола облысының білім департаментіне жіберілсін.

Департамент директоры: қолы А.П.Амангелдиев

Ұсыныс хат – қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылатын хат.

Үлгісі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Көкшетау қ.

С.Сейфуллин көш.26 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

03.08.2006. №37 Қазақ мемлекеттік Басқару

академиясындағы экономика

саласы бойынша білім жетілдіру

институтының директоры

Б.Б. Манаповқа

ұсыныс хат

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты Экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова Гүлнар Алтайқызын 2000 жылдың 4-12 желтоқсанға дейін экономикалық пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына жібереді

Университет ректоры,

профессор: қолы А.С.Сәрсенбаев

Сұраныс хат - белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат.

Үлгісі

«Камея» азық-түлік дүкені

Алматы қ.

І.Жансүгіров көш.17 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

28.03.2007. №37 «Аңсар» АҚ директоры

И.С.Кабуловаға

сұраныс хат

«Камея» азық-түлік дүкені Сізден түрік кондитерлік тауарының тізімін жіберуіңізді сұрайды.

«Камея» дүкенінің директоры: қолы А.Р.Омаров

Жолдама хат- белгілі бір құжатпен жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат беретін хат.

Үлгісі

«Темір» фирмасы

Алматы қ.

Б.Майлин көш. 29 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

28.03.2007. №37 Астана қаласындағы қаржы

бақылау бөлімінің бастығы

Р.О.Сапаров мырзаға

жолдама хат

Құрметті Рымғали Омарханұлы!

«Темір» фирмасы қаржылардың жылдық бақылауына байланысты Сізге 2006 жылдың қаңтар-наурыз айларының есептерін жолдайды.

«Темір» фирмасының директоры: қолы Н.Н.Ахметов

Баяндау хат – мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсынысы мен талап-тілегі келтірілген хат.

Үлгі

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университеті

Алматы қ.

М.Әуезов көш. 142 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

23.01.2007. №58 Энергетика және мұнайгаз факультетінің

деканы Қ.Ш.Армановаға

ИР 31-топ студенттерінің сабаққа қатыспауы туралы баяндау хат

2008 жылдың 10-қаңтар күнгі болған Іс жүргізу пәніне 13 студенттің 3-еуі ғана келгенін Сізге мәлімдей келе, өзге студенттердің сабаққа келмеу себептерін анықтап, деканат тарапынан шара қолдануыңызды сұраймын.

Іс жүргізу пәнінің

оқытушысы: қолы А.С.Бабажанова

Ақпарат хат- белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.

Үлгі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Көкшетау қ.

Ақансері көш.24 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

03.08.2006. №37 Көкшетау педагогикалық оқу орындарына

ақпарат хат

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 2005 жылдың 8-қаңтарында сағ.11.00-де (№219 дәрісхана) «Мектепте лексикалық тақырыптарды дамыта оқыту» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.

Ғылыми-әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:

  1. Қазақ тілі оқулықтарына енгізілген жаңа лексикалық тақырыптар.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасының жасалу жолдарыныңоқулықта берілуі

  3. Ауыс мағына мен көп мағыналық проблемасы

  4. Лексикалық талдау

Мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 24 үй.

Қазақ тілі кафедрасы (215 бөлме).

Байланыс телефондары: 2- 67- 26- 13, 25-55-95

Университет ректоры,

профессор: қолы А.С.Сәрсенбаев

Циркуляр хат – белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне байланысты тапсырма беру сипатындағы бір мезгілде жөнелтілетін хат.

Үлгі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Көкшетау қ.

Ақансері көш.24 үй

Тел.235-39-62

Факс.2-35-45-12

05.02.2006. №17 Филология факультетінің деканы

О.В.Черненкоға

циркуляр хат

Қысқы сессияның қорытындылары 15.02.2001 ж. дейін оқу бөліміне тапсырылсын.

Оқу бөлімінің басшысы қолы С.Б.Темірханова

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]