Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_auyzsha.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
95.54 Кб
Скачать

1. Эмпиризм - [Көне грек тілі|көне грекше: έμπειρία етрегіа - тәжірибе] - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде. Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді. Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.

2.Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім,таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

3.Рационализм - (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық

2. гносеологиялық

3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).

4.Позитивизм- (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.

Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысындамахизм,неопозитивизм,аналитикалық философияқалыптасты.

5.Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.  Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір. Материя—адамның санасынан тыс,  тәуелсіз  өмір сүретін  және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.

6. Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сатаның қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философия-сының негізгі мәселелерінің біртне айналған еркіндікті. Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны өзгертуте итермелейтінін Сартр жақсы түсінді. Адамның еркіндігі ең елі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.

Ардамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: «Адам …әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анық-талады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-дығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзің қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей». Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.

7. Сенсуализм- таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.

Сенсуализм (лат.sensus — сезім, түйсік) — психикалық өмірдің негізі — сезімдік әсерлер деп білетін ілім.Антик замандабұл ілімді бірқатарфилософиялықмектептердің өкілдері (киренаиктер, эпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ дегенафоризмсолардан қалған. Бертін келе осы қағидалардыҚайта өрлеужәне Жаңа заман дәуірлерінің сенсуализмді жақтаушылары насихаттады. Оларға танымда принципті тұрғыда түйсіктерден шығарылмайтын мазмұн бар деп дәлелдегенрационализмөкілдерімен күресуге тура келді. Сенсуализмнің ықпалымен дамыған ассоциациялық психологияда күрделі психикалық өнімдер тудыратын элементарлық түйсіктердің байланысы не сананың қасиеті немесе "тәндік" мәшине мен сыртқы дүние арасыңдағы материалдық өзара әрекет жүйесінің туындысы деп қарастырылады. Сенсуализм идеяларыныңпсихологиясаласындағы алғашқы эксперименттік жұмыстарға көп ықпалы болды. Өйткені эксперименттің міндеті бастапқы сезімдік элементтерді (түйсіктерді) анықтау; осылар арқылы жан тіршілігінің бүкіл күрделіархитектоникасытұрғызылады деп пайымдалады. Эксперименттік психологияның одан арғы дамуы адам санасының шын мәніндегі құрылымы анағұрлым күрделі екені, ойлау актілерінің түйсіктер ассоциациясы деп қарастыруға келмейтінін, зиятта сезімдік бейнелерге үйлеспейтін мазмұн болатынын, ал мінез-құлық мотивациясы мен осы бейнелерді құрудағы іс-әрекеттің рөлін түсіндіруге сенсуализм, жалпы алғанда дәрменсіз екенін көрсетті.Диалектикалық материализмсенсуализмнің теориялық шектемелілігін, мұның өзі оның аңдаушылығына, адам танымының тарихи сипатын, шындық болмысты бейнелеудің жоғары нысаны ретіндегі ойлаудың сапалық ерекшелігі мен қоғамдық практиканың рөлін түсінбеуінен туындайтынын ашып көрсетті.

Ой қорытындысы дегеніміз екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілі. Белгілі бір шешімге келу үшін адам ой қорытындысын жасайды.Философия тарихында сезімдік таным мен рациональдық танымның арақатынасы жөніндегі мәселе жайында әр түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Нақ осы мәселені шешуде өзінше ұмтылған 3 түрлі философиялық бағыт бар. Олар сенсуализм, эмпиризм, рационализм.

Сенсуализм ұғымы түйсік, сезім дегенді білдіреді, яғни сенсуализм бағытын жақтаушылар маңызды роль атқарады деп санайды. Ежелгі дәуірде сенсуалистер ретінде киренайлықтар мен эпикуршылдар көрініс берсе, орта ғасырда сенсуализмге кеңге жайылмады. Жаңа дәуірде сенсаулизм негізін Д.Локк қалады. Оның ойында «әуел баста сезімдерде болмаған нәрсе, ақыл-ойда да болмайды» деп тұжырымдаған. Бұл тұжырымды Т.Гоббс пен Ф. Беркли жалғастырды. Сенсуализмді арықарай жүйелі түрде негіздеген француз ағартушылары болды, оның ішінде Э.Кондильяк «қабылдау барлық рухани қабілеттерді қамти алады» деген болатын. Ал Д.Юм болса бұрынғы сенсуализм өкілдерінің «сыртқы тәжірибесіне» ішкі тәжірибені қосты. Юмның айтуынша тіршілік туралы пайымдаулардың бәрі тәжірибеден тұрады, ал тәжірибе дегеніміз «әсерлердің» тасқыны ғана, олардыңсебептері беймәлім және танылмайды деді.

8) Гилозоизм - өмір,сезімтабиғаттыңбарлықзаттарынатән деп уағыздайтынілім.

9. Экзистенциализм – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердяев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше.

10.Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

Трансцендентті идеализм - Кантпен және оның ізбасарларымен бейнеленген, философиялық идеализмнің ерекше түрін білдіретін термин

11.Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды (Марк Туллий Цицерон, Эпикур, Аристотель, Платон, Сократ, Протагор, Горгий) ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон (Апейрон - Анаксимандр - кіргізген сапасыз, айқын емес, шексіз, мәңгі козғалыстағы дүниенің алғашкы негізін бейнелейтін ұғым), Анакси-мен – ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рационалдық танымға деген құштарлық күшейді. Адамдардың өрісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси өмірге дайындайтын, сөзге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын интеллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адамдармыз деп атады. Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.

12. Неотомизм– Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.

13. Структурализм – қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарларында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды, яғни объектілердің тұрақты байланыстарын іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы.

14) Фрейдизм— австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің(1856- 1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу іліміпсихоанализдеп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса,психиканыңдамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмеді. Адам бойындағы белсенділік әрекет табиғи әрі биологиялық құбылыс деп саналады. Шетелдік психолоттар Фрейдтің көзқарасын орынсыз деп санағанымен, кемшілігін ашып көрсете алмады. Олар фрейдизмді ғылым жетістіктеріне бейімдемек болып, "жаңа фрейдизм" деген ағым шығарды. Бұл ағым бойынша: адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді.

Австриялық невропатолог, психиатр  және  психолог  Зигмунд Фрейдтің ілімінен басқа, ешқандай психологиялық ілім баға беруде келіспеушіліктер туғызған жоқ. Фрейдизм «адамның  жаңа бейнесін», жаңа дүниетанымды жасауға тырысты.

15.Схоластика (лат.shola –мектеп) –ортағасырлықЕуропадағыфилософиянытеологияғабағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі –Платонмен неоплатоншылардыңілімінхристиан дінітұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралылогикаболуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикадаАристотельдіңлогикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі –Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегіәлемніңжоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанныңмәңгілігітуралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты.Оның Құдайдыңболмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.

16. Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз] - пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда барлық діни және діни-философиялық ілімдер өзінің түпкі мазмұны бойынша иррационализмге жатады. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынаста адамгершілік, ізгілік және үндестік, жеке адамның кемелденуі-иррационализм танымының негізгі түп қазығы. Философиятарихында иррационализм, ең алдымен, шығыстық дүниетаным ерекшеліктерімен тығыз байланыстырылады. Иррационализм шығыс философиясында өмір сүру қағидаты, дүниетаным жүйесі ретінде ежелгі дәуірлерде-ақ қабылданса, батыс философиясы алғашында оны философиялық ағым ретінде ғана бағалады. Мысалы, орта ғасырлар философиясында "агностицизм", "релятивизм", "скептицизм" деп атаған көзқарастарда батыстық ойлау жүйесіне түсініксіз иррационализм нышандары бар еді. Ал жаңа дәуір философиясында иррационализм рационализмге қарама-қарсы философиялық таным жүйесі ретінде мойындалды. Мысалы, неміс философыФридрих Якобидің(1743-1819) ағартушылық рационализмге қарама-қарсы қойылған "сезім мен сенім философиясы", кейініректегіФридрих Шеллингтің"Сыр ашу философия¬сы",Сёрен Кьеркегордың(1813-1855) ілімі осы мойындаудың белгісі еді. Иррационализмге ұлттық мәдени құндылықтардың барлығын адамзатқа ортақ байлық деп тану тән. Ол рационалдық қасаң қағидаларға сүйеніп, белгілі бір салыстырулар арқылы мәдени астамшылық жасауға қарсы. Иррационализм рухани құндылықтарға сезімталдықпен қарап, нәзік ұғу, жүрек пен ақылды қатар ұстау сияқты дүниетаным тұтастығымен ерекшеленеді. "Өмір философиясының" атасыФридрих Ницшемен "бейсаналық философияны" негіздеуші неміс ғалымыЭдуард фон Гартман(1842-1906) иррационализмнің XIX ғасырдағы аса көрнекті өкілдері болды. Кейінгі экзистенциализмнің өкілдері (К.Ямперс,Жан Пол Сартр, т.б.) aдамның мәні интеллект емес, тілмен айтып жеткізуге болмайды, бірақ үрей, еркіндік, уақыт, шектілік, т.б. Ұғымдармен сипаттауға болатын әлдебір жекебасылық экзистенция деген идеяны дамыта отырып, адамзат санасының сезімдік-түйсіктік жағына ден қойды. Ал орыс ойшылыНиколай Бердяевтіңтүсінуінше, "интуицияда көзге көрінген ақиқаттың неғұрлым кемел тұжырымдамасын табу", ол үшін дәлелдемені немесе қорытындыны емес, сәулені нұрландыратын формуланы жиынтықтау керек. "Көз жеткізуге болмайтынға көз жеткізу" түріндегі (Николай Кузанский) үшінші тәсіл де бар, бұл тәсіл бойынша ақыл-ой өзінің шет-шегінің бар екенін тануға ақыл-ойдың жетуі мүмкін емес логикалық жолмен келеді. Тағы бір орыс ойшылыВладимир Соловьеврационалдық пен иррационалдықты мистикалық танымды жинақтауға, сөйтіп, мистикалық танымды рационалдықтың негізіне айналдыруға тырысты. Қазіргі заманғы иррационализм постмодернизм түрінде көрініс тауып отыр, олар рационализмді барған сайын жаңа әлеуметтік құрылымдар мен мәдени пішіндерді жасап, адамды өзінің қайталанбас ерекшелігінен айырғаны, оны "қалыпқа" айналдырғаны үшін сынайды. Иррационализмнің бастау көздері табиғатты, дүниені танып білудің шексіздігіне, сарқылмайтындығында, барынша күрделі екендігінде жатыр.Иррационализм- табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық кағида. Ирония ағымын ұстанған ғалымдар К Ясперс, К.Юнг және тағы баскалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың "өмір философиясында", Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты.

17. Өмір философиясы – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себебі философия адам мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді. Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі – философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында. Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі – Артур Шопенгауэр адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан. Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты. Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. деген осындай көзқарас Ницшенің «Заратустра осылай деген» ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері «ең жоғарғы адам» өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады. Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша мазалануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі мен бостандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған «ең жоғаргы адам » ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.

18. Эвдемонизм — көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны — адамның бақытқа жетуі. Грекше бақыт, шаттық, өркендеу дегенді білдіреді. Эвдемонизм өкілдері: Аристотель, Вольтер, Гольбах, Дидро, Монтень, Сенека және т.б. Бұл – адамның адамгершілікке, бақытқа ұмтылуын бейнелейтін этникалық бағыт. Ортағасырлық эвдомонизм бағытыны өкілдерінің бірі Фома Аквинский “бақыт Жаратқанды танып білуде” деп тұжырымдаған.Ал И. Кант болса, эвдомонизмге сыни көзбен қарапб моральдық іс-әрекетке түрткі болатын бақытқа деген ұмтылыс емес, бір нәрсенің алдындағы борыш деген.

19. Монизм - (көне грекше:μόνος , грек. monos – біреу, жалғыз) – шындықтың, бар нәрсенің біртұтас бастамадан, бір негізден тұратынын мойындайтын ілім. Монизм алғашқыда барлық заттардың негізі су (Фалес), от (Гераклит),апейрон(Анаксимандр) деп түсіндірілетін “алғашқы зат” туралы түсінік ретінде қалыптасты.Демокритматериалистік Монизмнің,СократпенПлатонидеалистік Монизмнің негізін қалады. Орта ғасырлардағы құдай мен табиғаттың, жан мен тәннің, ой мен болмыстың дуализміне қарсы Монизмнің пантеистік түрі пайда болды. Қазіргі кездегі Монизмнің көптеген түрлері біртұтас әлем мәнінің түсіндірілуіне байланысты әр түрлі атауларға ие. Мысалы, әлемнің негізіндегі бөлінбестік Монизмі; өмір Монизмі; ойлау мен рух Монизмі; материя Монизмі; абстрактілі байланыстар Монизмі, т.б. Монизм тек дүниетаным принципі ғана емес, ол – құбылыстың ішкі бірлестігі мен байланысын, әрдайым абстарктіліктен нақтылыққа өрлеуді, жалпы заңнан оның ерекше түрлеріне көшуді талап ететін логикалық-методолгия принципіне Мысал, диалектті логиканың Монизмдік талабы бойынша әрбір ғылым теориясының алғашқы ұғымы зерттелетін құбылыс тобының өзгеше табиғатын (нақтыны, жалпыны) белгілеуге тиіс, келесі теория анықтамалар жүйесінің өрістеуі сол табиғаттың сан алуан құбылысқа айналу өзгерістерінің негізгі заңдылығын дәлме-дәл қайта жаратуы керек.

20.Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениеттіекі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғнимәдениетдуализмі. Дуализм – дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді.Дуализм - заттардың, «мәндердің», шындықтың және т.б негізгі формалары екі қарама-қарсы түрлерге жататын, бір-біріне айнала алмайтындығы туралыдоктрина.

21. Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады. Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі – гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат. саясаткер және тағы баска білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер модениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне » философ» деген атақ беріп. философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати. Данте Альгиери (1265-1321) – итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның «Құдайы комедиясы» – гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, «Құдайы комедияда» адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі. Поэмада антикалық образдар, антикалық ақындар мен философтар көп кездеседі. Негізгі идея – «Құдай даналығының керіністерінің бәрінен де ғажайыбы – адам». Адамдардың бәрінің табиғи кабілеті бірдей, мәселе оны жетіддіре білуде (өнер, ғылым, өндірісте). Данте гуманистерге күш беруші болса. Италиядағы гуманистік қоз лыстың негізін қалушы – ақын және философ Франческо Петрар (1304-1374). Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы «диалектиканың мылжыңы», белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді жәәне антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты. Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салюта (1331 -1406) болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркінді мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы керінеді. Тұлға еркіндігі мәселесі оның мәдениет тілі мәселес түсіндіруінен де айқын байқалады. Дүние, құдай, адам туралы, ілімді, ада гершіліктік құндылықтар дүниесін гуманистер схоластикалық философ категориялары арқылы емес, антика мифологиясын, поэзия тілін қолда арқылы жеткізуге тырысты. Салютатидің ойынша: өз ойын жеткізу құқығы адамның өзіне беру керек. Бұрынғы тіл түсініксіз және жат. Философиялық мәтіндерді, әсіресе Аристотельдің шығармаларын қайта аударып, тазарту қажет. Филологиялық және тарихи комментарий-түсіндірмелер тек мәтіндердің объективтік мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.

22. Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым. Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді. Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі философия антропологиясы деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. 

Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.

Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні:

1. Адамның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері.

2. Адамның мәндік сипаттары.

3. Адамның рухани мәні.

23. Философияның логика бөліміне сипаттама беріңіз

Философия логики — раздел философии, изучающий предмет, функциональность и методологию логики как общеметодологической концепции науки. Философия логики исследует проблему наличия и совмещения в логике онтологических и когнитивных оснований, проблему действительности или фиктивности логического следования, объёма предваряющих рассуждения объявлений (деклараций), содержания категорий истина и ложь. Современная философия логики изучает проблемы гранулированности мира и налагаемых проекций, зависимости логического построения от базы соотнесения, выделения некоторой условности мира в качестве «творца истины» и т. п. Основателем философии логики следует признать Эдмунда Гуссерля. Современная философия логики в основном исследует группу проблем, появившуюся в связи с развитием математической логики, выразившихся, в частности, в концепции «мереологии».

24) Этика - Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель. Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: 1. Этикалық ізгіліктер.

2. Дианоэтикалық ізгіліктер.

Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.  Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі: Ақыл мен парасат. Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.

Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі. Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.

25. Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі. Онтология – болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана.

26. Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (IV—VI ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий Майландский (340—397 жж.), Августин Блаженный (III—VI ғғ.), т.б. III—IV ғғ. жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайшылдық, немесе адамдық табиғаты туралы) болды.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.

Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған.

Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.

Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]