Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GRE final teoriya.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
245.28 Кб
Скачать

Қорытынды емтиханның ашық сұрақтары

  1. Шетел инвестицияларын Қазақстанның экономикасына тарту

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды. 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы     игерілген     тікелей     шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі кредит рейтингі берілген. Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады. Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында «Эксон Мобил», «Шелл», «Эни», «ШевронТексако», «Тоталь», «Бритиш петролеум», «Лукойл», Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды. Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады. Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады. [1]..

Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: 1.  Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1999 жылдан 2009 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады. 2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

3.  Әлемдік рынокка шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.

Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті”. Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әрбір қадамнан қорытынды шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси тұрақтылық қалыптастыру қажеттігін, шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады. Геосаяси тұрғыдан Орталық Азия өңірі сілкіністер мен жарылыстарға жақын тұрған өңір ретінде сипатталатыны белгілі. Солай болса-дағы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі есеге дейін ұлғайған. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді. Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр.

Шетелдік инвестицияны тартудың проблемалары мыналар: елімізге қосымша инвестициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызады.

  1. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекет тарапынан реттеу

  1. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекет тарапынан реттеу

  1. Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

  2. Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

  • аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

  • аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

  • инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

  • елдің экономикалық даму тенденциясы;

  • тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

  • институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;

  • орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

  • әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

  • орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

  • орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

  1. Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

  2. Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

  1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру.

  2. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемелекттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурыстардың жетіспеушілігі болады. Мемелекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды - даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мүндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.

  3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.

  1. 4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

  1. ҚР әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері

  2. Әлеуметтік саясат: мемлекеттің халықтың өмір сұру жағдайларын, әлеуметтік теңдікті қамтамассыз етуге және әлеуметтік қорғауға бағытталған іс шаралар кешені. Әлеуметтік салада басым бөлігін мемлекеттік сектор алып, оның ауқымы әлеуметтік саясаттың ауқымын анықтайды.

  3. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың қол жетімділігін, әлеуметтәк төлемдердің әмбебаптығын қамтамассыз етеді, мемлекеттің қайта бөлуін қамтамассыз етеді.

  4. Шектеу әлеуметтік саясаты әлеуметтік саладағы дәстүрлі институттардың қызметін толықтыруға, мемлекеттің әлеуметтік салаға араласуын азайтуға бағытталған.

  5. ҚРәлеуметтік саясат бағыттары:

  1. халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату, яғни халықты қажетті материалдық игіліктер мен қызметтермен қамтамассыз ету.

  2. тиімді әлеуметтік жұйені қалыптастыру. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған халық топтарыны өз бетінше өмір сүру деңгейін жеткілікті дәрежеде қамтамассыз ете алмайғандықтан аурулар, мүгедектер, көп балалы жанұяларға мемлекет тарапынан көмек беріледі.

  3. еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту

  4. зейнетақы жүйесін жетілдіру.

  1. Құрылымдық саясаттың мәні, рөлі және экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі орны

  2. Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

  3. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  4. -  мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

  5. -  ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

  6. -  шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

  7. Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстығы: Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

  8. Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

  9. - дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

  10. - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту ;

  11. - негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық  салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

  12. - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

  13. - экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.

  1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ұйымдастырушылық-құқықтық әдістері

  2. «Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған (жеке кәсіпкерлікке не мемлекеттік кәсіпкерлікке негізделген) ынталы қызметі».

  3. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал, мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз (Әділетсіз) бәсекеге тыйым салынады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді де жатқызуға болады:

  5. - кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;

  6. - кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау (жабдықтаушыларды, өткізу нарықтарын еркін таңдау, өнім түрлері мен өндіріс көлемін анықтау т.б.);

  7. - материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды тарту және пайдалану;

  8. - салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі.

  9. Кәсіпкерлікті әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:

  1. Көлеміне қарай: шағын, орта, ірі

  2. Жүзеге асыратын қызмет түрiне қарай:өндiрiстiк; коммерциялық; қаржылық; кеңес берушілік;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]