Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

1) Бәсеке түсінігі және оның функциялары

Бәсеке түсінігі латынның concurrentia деген сөзінен шыққан. Бәсеке – бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. (ақша, билік, статус, махаббат және т.б құндылықтар). Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерін еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Мәселен, А.Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті.

Бәсеке түсінігіне зерттеушілер әртүрлі анықтамалар берген. К.Р.Макконел және С.Л.Брю «Бәсеке-бұл нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі» десе, А.Ю.Юданов «нарықтық бәсеке –тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардын күресі» деп сипаттайды. Р.А.Фатхутдиновтың пікірінше, «Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы». Ал, Г.Л.Азоев бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық (бәсекелестік) деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г.Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке – ол обьективті және субьективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субьектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі.

2) Бәсекенің жіктелуі және түрлері

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

- жеке – дара – нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;

- жергілікті – шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;

- салалық – нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес ;

-салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

- ұлттық – белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;

-халықаралық – әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

3) Еркін бәсеке және реттелетін бәсеке (мысалдар келтіріңіз)

Еркін бәсеке нарықта қандай–да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындарға шектеудің болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сұранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Реттелетін бәсеке – нарықтық субьектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономиға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.

4) Бағалық және бағадан тыс бәсеке (мысалдар келтіріңіз)

Бағалық бәсеке – баға жөнінде және бағаны көтеру немесе төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес. Бағалық бәсекені табысты әрі жақсы жүргізу үшін өндіріс шығындарын төмендетудің нақты мүмкіндіктеріне ие болу керек. Бағалық бәсекені жүргізу технологиясы қарапайым – фирма өнімге (тауарға, қызметке) едәуір төмен баға белгілейді, өндіріс шығындары жоғары болғандықтан бағаны төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер зиян шегеді және өздігінен нарықтан немесе саладан шығып қалады. Фирма біршама уақыттан кейін бағаны қайта көтереді. Кейде тіпті бастапқы деңгейінен де жоғары баға белгілейді. Сол арқылы нарық үшін күресте келтірілген зиянның орнын толтыруға тырысады.

Экономиканың монополиялануы жағдайында бағалық бәсеке айтарлықтай шектеулі. Осыған байланысты бәсекелік күресте бағадан тыс факторларға назар аудару қажет болады. Ондай факторларға сапа, жаңашылдақ, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудін жеделдігі (сервис) жатқызылады. Бағадан тыс бәсеке кезінде баға саясатын қалыптастыру мен талдау өткізу сферасына ауысады. Мұндай жағдайда өнімді нарықта бұрынғы баға бойынша ғана емес, сондай-ақ одан да жоғары бағаға сату мүмкіндігі туындайды. Сондықтан бәсекенің мұндай түрінде баға өнімді нарыққа жылжытудың басты құралы болып табылмайды, бірақ бәрібір өткізу және алынатын пайда көлемі соған байланысты болады. Бағадан тыс бәсекені жүргізуші фирманың басты міндеті-оның бәсекелік артықшылығы немен сипатталатынын білу қажет. Ең алдымен нарық жағдайын, ондағы бәсекенің интенсивтілігін, өнімнің патенттік қорғалуын, халықтың сатып алушылық қабілетін білу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]