Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kazalh til3

.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
112.56 Кб
Скачать

ҚБТУ, II оқу семестрі 2011-2012, Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Қазақ тіліндегі стиль түрлері

Тексерген: Әбутәліп М.О.

Жазған: 1-курс, АТФ, АБ

Жақсылық А.Е.

15:00,243 каб.

Алматы 2012

Қазақ тіліндегі стиль түрлері

Стиль – латын тілінен аударғанда «stylos» қазақша – жазу құралы деген сөз.Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі жетілген ұлттық жазба әдеби тіліміз 5 түрлі стильге бөлінеді. Олар:

  1. Ауызекі сөйлеу стилі;

  2. Көркем әдеби стиль;

  3. Публицистикалық стиль;

  4. Ғылыми стиль;

  5. Ресми ісқағаздар стилі.

Ауызекі сөйлеу стилі – бұл күнделікті өмірде қолданылатын халық арасындағы қарым-қатынастағы әдеби тіл нормасы. Бұл стилге тән белгілер: атаулы сөйлемдер, толымсыз сөйлемдер,одағай, оқшау сөздер, т.б.

Көркем әдебиет стилі – проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі – тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі – оның көп стильді болып келетіндігі.

Публицистикалық стиль – бұл газет, журнал, телевидение, радиодағы (БАҚ құралдары) ақпарат тарату, қоғамдық пікір туғызу мақсатында қолданылатын әдеби тіл нормасы. Тілдік құралдары: терминдер, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, экспрессивті сөздер, т.б.

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, конфернциялар, диссертациялар, монографиялар жазуда қолданылатын әдеби тіл нормасы. Тілдік құралдары: терминдер, кәсіби сөздер, тура мғынадағы сөздер, т.б.

Ресми немесе ісқағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау. Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми ісқағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Ісқағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: -    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы; -    тұжырымдардың дәл, нақты болуы; -    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы; -    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; -    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы; -    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]