Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kazakh til2

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
114.87 Кб
Скачать

Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңдерінің тарихы

  1. Хан жарлықтары

Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңінің басы Қазақ хандығынан басталуы бекерден емес. Өйткені сол кезде алғашқы заңдар жинағы, хандар мен билердің халыққа үндеулері мен жарлықтары жазыла бастады. Әрине тағы бір себебі ол- қазақтың қазақ болып аталуы сол уақытқа сәйкес келуі, яғни Қазақ хандығының пайда болуы. Заңдар жинақтарына келетін болсақ, олардың атақтылары: “Қасым ханның қасқа жолы” ,  “Есім ханның ескі жолы”, «Жеті жарғы». Соңғысығна қысқаша тоқтала кетейік, себебі ол алдыңғы екеуінің біріктіріліп, толықтырылғын түрі болып табылады.

Жеті жарғы- Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты  Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.

Мазмұны:

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады». Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек». Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

  1. Кеңес үкіметі қүрылған кезең

Кеңес үкіметі орнаған кезде әрине төрт ғасырға жуық уақыт орнап келген патшалық заман аяқталып, комунисттік партиялар заманы орнады. Сол себепті Қазақстандағы басқару жүйесі, ісқағаздар жүйесі күрт өзгерді. Оны біз 1920 жылдан бастап, жазылып шыққан мына құжаттардан байқаймыз:

  • 1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестернің бірінші құрылтай съезнде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мекткептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылдады;

  • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті, т.б.

Әрине бұндай құжаттар, декреттер, съезде қабылданған заңдар өте көп. Олар Кеңес Одағы ыдырағанға дейін, яғни 1991 жылға шығып отты.

  1. ҚР Тәуелсіздік алған кезең

Тәуелсіздік алғаннан кейін ана тілімізді қолданысқа қайтадан енгізіп, мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру көзделді. Сол себепті алғаш қабылданған заңдар тілге қатысты болды. Ол 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» заңы болып тбылады. Кейіннен 1993,1995 жылы ҚР Конституциямыз, 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.

Міне, негізгі атап кетуге болатын ісқағаздар даму тарихы осы 3 кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңнің заманына сай өзіндік ерекшеліктері бар. Байқап отқанымыздай жаңа кезеңге өткенімізге аз ғана уақыт өтті. Сол себепті қазір құжаттардағы етіп жатқан қтеліктерге түсінушілікпен қарап, оның дұрыс жазылуына өзіміздің септігімізді тигізген жөн деп санаймын.

ҚБТУ, II оқу семестрі 2011-2012, Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңдерінің тарихы

Тексерген: Әбутәліп М.О.

Жазған: 1-курс, АТФ, АБ

Жақсылық А.Е.

15:00,243 каб.

Алматы 2012

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]