Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС - ТГП.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
118.27 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

студенттеріне арналған

2012-2013 оқужылы

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша

Силлабус (курс бағдарламасы)

Оқытушылар: PhDдоктор, Алдекенов С.К.

Кафедра (аудитория, офис):203ауд.

1. Курстың мазмұны, оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері

Курстың сипаттамасы:«Мемлекет және құқық теориясы»пәні «заңтану»мамандығы бойынша білім алушы студенттері зеределейтін пәндер арасындағы негізгілерінің бірегейі. Аталған мамандықтың басқа да пәндерін оқып игеруге тұғырнамалық негіз болып табылады. Мамандық бойынша білім алудың (берудің) оқу жоспарында арнайы пәндердің оқытылып зерделенуі қарастырылған. Осы пәндердің бағдарламаларындағы тиісті көлемдегі білім ауқымын оқып зерделету мемлекет және құқық теориясы тұжырым- қағидаттарының негізінде жүргізіледі.

Сондықтан да осы пәнді ұғынуда студенттердің оқығандарын түсініп,одан өз пайымдарын түзуге деген ынта-жігері өте маңызды рөл атқарады. Осы орайда бұған студенттер тарабының көңіл бөлуінің зор мәні бар. Өйткені аталған пәннің теориялық негізгі тұжырымдары мен қағидаларын, қағидаттарын жете ұғыну мамандық пәндерінің бағдарламалары қамтыған білімдер көлемін толық игеруге, оларды талдап-жіліктеп, соны пайымдар тұжыруға, қорытындылар түюге бастау болады.

Сонымен мемлекет және құқық теориясын зерделеп, оқып білудің нәтижесінде өз еліміздегі, сондай-ақ әлем елдеріндегі саяси-құқықтық құбылыстарды да талдап, саралап сараптайтын, жан-жақты түрде оларды пайымдай алатын,кәсіптік тұрғыдан жоғары білімді терең игерген, қоғам болмысы мен оның дамуы туралы көзқарастары ауқымды, халықаралық деңгейге сай заңгерлерді тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік туындайды.

Пән курсының мақсаты мен міндеттері:

- болашақ халықаралық заңгерлердің кәсіби: - ойлау жүйесін құру (жасау) және кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

- нормативтік құқықтық актілерді заң тұрғысынан дұрыс пайымдау дағдыларын қалыптастыру, сөйтіп оларға орынды, әрі қисынды түсініктер жасау әдістерін игерту, шеберлікке баулу;

- құқықты, тұлғаны қорғауға бағытталған аса маңызды әлеуметтік құндылық ретінде ұғынуға мүмкіндіктер жасау;

- құқықтық көзқамандықтардың ел ішінде байқалған көріністеріне төзбеушілік, құқықты құрметтеу және оны бұзбау, заңдылықтың қоғамда орнығуын санада бекітетін түйсіктер мен сезімдерді қалыптастыру;

- осы заманғы қоғамдағы саяси-құқықтық үрдістерге (процестерге) болашақ заңгерлердің өз бетінше талдаулар жасау, тұжырымдар түю, түсініктеме беру қабілеттерін дамыту.

2. Қойылатын талаптар мен болашақта күтілетін нәтижелер

Курс компоненттері мен оны оқу барысында қойылатын талаптар:

Студент міндетті:

  • сабаққа қатысуға;

  • семинар сабақтары мен СӨЖ орындау барысындағы топ жұмысында белсенділік танытуы;

  • СОӨЖ кестесіне сәйкес берілген тапсырмаларды уақытында тапсыруы;

  • сабақтарға жүйелі түрде дайындалу;

Курстың саясаты:

  • студент барлық дәрістер мен семинар сабақтарына қатысуы тиіс;

  • студент семинар сабақтарының 1/3 жауап беруі тиіс;

  • жіберілген барлық сабақтарды ауызша формада тапсыруға;

  • дәріс, семинар сабақтарына кешікпеуге, сағыз шайнауға, тамақ жеуге, сусындар ішуге тиым салынады;

  • аудиториядан шығу қажет болған сәттерде қолды көтеріп, рұқсат сұрауға;

  • аудиторияда отырғанда ұялытелефондарды сөндіруге тиіс;

  • студенттердің белсенділігі, шекті мөлшердегі балл алғандары және барлық тапсырмаларды дер кезінде орындағаны үшін марапатталады, емтиханда автомат “үздік” баға қойылады;

  • курстық жұмыстар мен рефераттар жазбаша формада орындалып, кестеге сай қорғалуы тиіс;