Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛАБУС- ИГП ЗС. doc.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
165.38 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

студенттеріне арналған

2012-2013 оқужылы

Шетелдердің мемлекеті мен құқығының тарихы бойынша силлабус (курс бағдарламасы)

Сабақ мерзімі:1 қыркүйек – 25 желтоқсан 2012ж. аралығы

Сабақ уақыты:8.30 – 15.00-ге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін

Оқытушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасыныңPhDдоктор, Алдекенов С.К. Консультациялық сағаттар: ОСӨЖ белгімен консультация кестесіне сәйкес

Сабақты өткізу уақыты:Сабақ бекітілген оқу кестесіне сәйкес өткізіледі.N322 аудитория

Пәннің пререквизиті:“Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы” пәнін терең меңгеруі үшін мына төмендегі пәндерді дұрыс білулері қажет (мектеп бағдарламасын аясында)

Қоғамтану

География

Құқық негіздері

Жалпы тарих

Пәннің постреквизиті:бұл пәнді дұрыс білу барлық заң пәндерін оқып білу үшін қажет.

  1. Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы заң ғылымдарындағы теориялық-тарихи және дүниетанымдық сипаты басым пәндердің бірі.

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы нақты тарихи материалдар негізінде мемлекет және құқықтың пайда болуын, даму заңдылықтарын, мемлекеттік институттардың, құқықтық жүйелерінің мазмұны мен сипатын талдап түсінуге, мемлекеттердің дамуындағы ерекшеліктер мен ортақ заңдылықтарды танып білуге бағытталған. ең бастысы студент өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы мемлекет және құқықтың қалыптасу тарихын, рөлін, жүйесін басқа мемлекеттермен, құқықтық жүйелермен салыстыра алатындай қосымша мәлімет алып, елдің болашағына болжам жасауға талпынуы қажет.

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы – мазмұны күрделі, көлемді оқу курсы. Бұл курсқа өзінің мемлекеттік құрылысын және құқықтық жүйесін жетілдіру арқылы әлемдік даму барысына ықпал етіп отырған алдыңғы қатарлы елдердің тарихы туралы материалдар енгізіліп отыр. Сондықтан да бұл пәнді жүйелі түрде оқып-үйренбей тұрып игеру қиын. Студент мемлекет және құқық тарихына байланысты деректер мен арнайы зерттеулерге көбірек көңіл бөлгенде ғана пәннің жалпы мазмұнын түсіне алады.

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының дүниетанымдық қыры мен әлемдік тәжірибедегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы деректер мен мәліметтердің ақпараттық негізі болып табылатындығы, студент бойында ерекше заңи ойлау мен құқықтық сана қалыптастыруға, мемлекет пен құқықтың болашақтағы даму бағытын болжауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар ХХІ ғасыр заңгерлерінің экономикалық реформалар мен ел өмірін демократияландыру, адам құқығын қорғау және елімізде демократиялық, құқықтық мемлекет идеясын орнықтандыруда қажетті біліммен қаруландырады.

Курстың мақсаты мен міндеттері

Курсты оқып үйренудің мақсаты. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің мақсаты материалдар негізінде мемлекет және құқықтың пайда болуын, даму заңдылықтарын, мемлекеттік институттардың, құқықтық және сот жүйелерінің мазмұны мен сипатын талдап түсінуге, мемлекеттердің дамуындағы ерекшеліктер мен ортақ заңдылықтарды танып білуге үйрету. Ең бастысы студент өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы мемлекет және құқықтың қалыптасу тарихын, рөлін жүйесін басқа мемлекеттердің құрылымы мен құқықтық жүйелерімен салыстыра алатындай қосымша мәлімет алып, мемлекеттің болашағына болжам жасауға талпыну мүмкіндігіне ие бола алу керек. шетелдердің мемлекет және құқық тарихы қазақстанда көптеген уақыттан бері жоғарғы заң білімін берудің құрамдас бөлігін құрауда.

Курсты оқып үйренудің міндеттері:

  • студенттерді мемлекет және құқықтың пайда болуының ортақ тарихи заңдылығымен және жеке өркениеттердегі мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың өзіндік даму ерекшеліктерімен таныстыру;

  • саяси және құқықтық ілімдер тарихы, конституциялық, халықаралық құқық және тағы да басқа салалық заң пәндерін жетік игеруге негіз қалыптастыру;

  • тек біздің елімізде болып жатқан мемлекеттік-құқықтық процесстерді ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдегі мемлекеттік-құқықтық процесстерді ғылыми талдап, түсінуге септігін тигізу.