Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық.rtf
Скачиваний:
28
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
939.18 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................2

1 . Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық

1.1 Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы.....................................................6

1.2 Кеден ісі саласы бойынша сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесі..................................................................................................................9

1.3 Кеден ісі саласындағы сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес реттеу шаралары.............................................................................................16

1.4 Сыртқы экономикалық қатынастар барысындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану.....................................................................18

2. Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Халықаралық конвенциялар түсінігі, ратификациялау, құқықтық негізі..26

2.2 Халықаралық конвенцияларды іс жүзінде пайдаланудың тәртібі..........35

2.3 Халықаралық уақытша транзиттік және тасымалдау туралы кедендік Конвенциялар...................................................................................................42

2.4 Кедендік одақ - кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастығының жаңа көрінісі.................................................................48

2.5 Кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері................................................................53

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................64

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің теориялық аспектілерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Себебі, осы арқылы кеден іс саласындағы қазіргі кездегі әлемдік проблемаларды ғана түсініп қоймай, әлемнің әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын, негізгі бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік туындайды. Осы тұрғыдан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, яғни кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері өзекті сипатқа ие деп айтуға негіз береді. Әуеледе кеден ісі саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық әрине, халықаралық экономикалық байланыстармен өте тығыз байланысты. Сондықтанда бұл мәселелерді біздер осы теориялық зерттеудің бастапқы тарауында арнайы қарастырып өтпекпіз. Айта кету керек, жалпы халықаралық экономикалық мәселелерге қатысты зерттеу жұмысымен әйгілі ғалымдар А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Леонтьев т.б. айналысқан болатын. Бүгінде дүниежүзілік шаруашылық негізін өзара байланысты екі жүйе, яғни ұлттық шаруашылықтың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстар құрайды. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты емес әртүрлі шаруашылық жиынтығынан тұратын әлемдік экономиканың біртұтастығын қамтитын алуан түрлі, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін бірлестіктерді қарастыру қажет. Бұл тұрғыда, әрине әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша, бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Бұның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарының құралы. Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды. ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.Сонымен, әлемдік экономика – экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылыстарды да зерттейді.Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа созылатын процесс.Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда–экономикалық, қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама –қайшылықтар болып тұрады. Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жеттіКеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды.

Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Европа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табылады.

ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.

Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.

Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ –ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады.Ал бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді.Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады.

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жағдайда екі ел тепе –тендікте дами алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халық шаруашылығы аспектіде көрінеді.

Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық болып ұлттық шаруашылықтар жиынтығы табылыды. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.

Диплпомдық жұмыстың мақсаты: кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің теориялық аспектілерін саралау арқылы қазіргі кездегі кеден саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің мәнін ашып көрсету болып табылады және де халықаралық нормативтік актілердің қолдану аясындағы ерекшеліктерін талдау болып табылады.

Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

-кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың маңыздылығын анықтау;

-кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалын талдау;

-кеден ісі саласы бойынша сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесінің ерекшеліктерін айқындау арқылы кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың мәні мен маңызын айқындау көзделіп отыр.

Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы талданып, сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесі сараланды және де кеден ісі саласындағы сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес реттеу шаралары сыртқы экономикалық қатынастар барысындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану мәселелері қаралды.

Екінші бөлімде кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері талданды, атап айтқанда халықаралық конвенциялар түсінігі, ратификациялау, құқықтық негізі, халықаралық конвенцияларды іс жүзінде пайдаланудың тәртібі, кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері және т.б. мәселелер теориялық тұрғыдан зерделенді.