Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері 101

Ұсынысқабағаемесфакторлардыңəсерінкөрсетуүшінкелесі сұрақтарды пайдаланыңдар:

1.Минералды тыңайтқыштар бағасы өскенде астық ұсынысы қисығына не болады?

2.Өндіріске шығындарды үнемдеуді қамтамасыз ететін жаңа технология енгізіле бастады деп есептейік. Бұл болат ұсынысы қисығына қалай əсер етеді?

3.А тауарының субститы (алмастырушысы) болып табыла-

тын В өнімін өндіруге кажет ресурстардың бағасы өссе А тауарынын ұсынысы қалай өзгереді?

III. Сұраныс пен ұсыныстың өзара əрекет етуі. Рыноктық тепе-теңдік.

1. Кестеде келтірілген мəліметтер негізінде тауардың тепетең бағасы мен сатудың тепе-тең көлемін анықтаңдар.

2. Кесте мəліметтері негізінде сұраныс пен ұсыныс қисықтарын сызып, тауар рыногындағы тепе-тең жағдайды анықтаңдар.

Баға, Р (теңге)

QD сұраныс көлемі

Qs ұсыныс көлемі

 

(жылына млн. дана)

(жылына млн. дана)

80

9

3

100

8

5

120

7

7

140

6

9

160

5

11

3. Тауарға деген халық сұранысының қызметі Qd = 7 – P, ал осы тауардың ұсынысының қызметі Qs =-5 + 2Р, ондағы Qd – жылына млн. данамен берілген сұраныс көлемі, ал Qs жылына млн. данамен берілген ұсыныс көлемі, Р теңгемен берілген баға.

Тепе-тең баға мен сатудың тепе-тең көлемін анықтаңдар.

4. Тауарғадегенұсыныспенсұранысбірмезгілдетөмендесе, рыноктық тепе-теңдік жағдайында қандай өзгерістер болады?

Екінші сабақ:

I. Икемділік түсінігі. Баға жəне табыс бойынша сұраныс икемділігі.

102 Экономикалық теория

Кестенің материалдарын пайдалана отырып, қорытынды жасаңдар.

Баға

Сұраныс

Икемділік

Жалпы түсім

(мың теңге)

көлемі (кг)

 

(мың теңге)

10

1

5

10

8

2

4

16

6

4

2,25

24

4

7

0,86

28

2

10

0,4

20

Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

а) бағабойыншасұранысикемділігініңдəрежесідегенімізне? ə) баға бойынша сұраныс икемділігі коэффициентін қалай

анықтауға болады?

б) сатып алушылар табысына байланысты сұраныс икемділігі коэффициентін қалай анықтауға болады?

II. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігі коэффициенті шамасын анықтаудағы уақыт факторының рөлі.

Сұраққажауапберуүшінкестемəліметтерінпайдаланыңдар.

Ұсыныстың баға бойынша

Ұсыныс көлемі

Баға (теңге)

икемділік коэффициенті

(бірлік)

 

 

 

 

-

0

20

-

2

40

-

4

60

-

6

80

-

8

100

-

10

120

-

12

140

-

14

160

III. Рыноктық экономикадағы тұтынушының мінез-құлқы.

Тұтынушының мінез-құлқын талдау үшін келесі тапсырмаларды пайдаланыңдар:

1. 1 кг капуста бағасы 20 теңге, ал 1 кг пияз бағасы 15 теңгеге тең деп болжайық. Тұтынушы капуста мен пияз сатып алуға 90 теңге жұмсай алады. Капуста мен пиязды сатып алудың мүмкін бірнеше вариантын көрсетіңдер.

7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері 103

2. Тұтынушы айына X жəне Ү тауарларын тұтыну үшін 120 теңге жұмсайды.

Y

E

16

1030 X

7.3-сызба. Тұтынушы тепе-теңдігі

7.3.-сызбада тұтынушыға деген тепе-теңдік жағдай көрсетілген. Х пен Ү тауарлардың бағаларын анықтаңдар.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Сұраныс заңы ....деп болжайды.

а) ұсыныстың сұраныстан артуы баға төмендеуін тудырады; ə) егер тұтынушылардың табысы өссе, əдетте олар тауарларды

көбірек сатып алады; б) сұраныс қисығы əдетте оң еңкеюге ие болады;

в) тауар бағасы өссе, жоспарланған сатып алулар көлемі өседі.

2.Егер... болса, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногы тепе-тең жағдайда болады.

а) сұраныс ұсынысқа тең; ə) баға шығындармен пайданы қосқанға тең;

б) технология деңгейі біртіндеп өзгеретін; в) ұсыныс көлемі сұраныс көлеміне тең.

3.Егер мемлекет X тауарының шекті бағасын тепе-тең бағадан төмен деңгейде орнатса, онда...

а) осы тауар тапшылығы туады;

104 Экономикалық теория

ə) артық тауар пайда болады; б) осы тауар рыногында тепе-теңдік орнайды; в) тауар сапасы артады.

4.X тауарын өндіруге қажет материалдар бағасы өсуі...

а) сұранысқисығыныңжоғары(немесеоңға) жылжуынтудырады; ə) ұсынысқисығыныңжоғары(немесесолға) жылжуынтудырады; б) сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының жоғары жылжуын ту-

дырады; в) ұсыныс қисығының төмен (немесе оңға) жылжуын тудырады.

5.Қай термин адамдардың бірдеңе үшін төлеу қабілеті мен тілегін көрсетеді?

а) қажеттілік; ə) сұраныс; б) пайдалылық; в) тілек.

6.Сұраныс заңы ... білдіреді.

а) баға мен сұраныс шамасы арасындағы тіке байланысты; ə) баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері байланысты; б) баға мен сұраныс шамасы арасындағы тіке байланысты; в) баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері байланысты.

8-ТАҚЫРЫП

ҚОҒАМ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕНДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

8.1. Адамзат қоғамы дамуының

 

индетерминистік жəне

 

детерминистік тұжырымдамасы...................

106

8.2. Қоғам дамуын кезеңдендіруге

 

формациялық көзқарас..................................

110

8.3. Қоғамның өркениетті даму

 

теориясы.........................................................

112

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

114

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

116

106 Экономикалық теория

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫ ДАМУЫНЫҢ 8.1. ИНДЕТЕРМИНИСТІК ЖƏНЕ

ДЕТЕРМЕНИСТІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуын кезеңдендіруді бағалау тұрғысынан барлық теорияларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тарихи үдерістің бірлігін, адамзаттың прогрессивті əлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы заңды-

лықтарын мойындамайтын теориялар жатады. Екінші топқа осы үдерістің белгілі бір прогрессивті заңдылықтарын мойындайтын теориялар жатады.

Индетерминисттік тұжырымдамаларда адамзат тарихы заңды табиғи – тарихи үдеріс ретінде емес, əрқайсысының жеке жолыбар, қатартіршілікететін, туатынжəнеөлетінмəдени-тарихи түрлер (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский), оқшауланған мəдениеттер (О. Шпенглер) немесе мəдени үлкен жүйелер (П. Сорокин) жиынтығы ретінде көрсетіледі. Арнольд Тойнбидың жүйесінде тарихи үдерістің негізгі бірлігі рухани дəстүрлермен біріктірілген, белгілі бір аумақта өмір сүретін адамдар қауымдастығын белгілеуге қызмет ететін оқшауланған өркениет түсінігі болып табылады. Ол бірінші (тікелей қарапайым қоғамдардың туындайтын), екінші (біріншіден өндірілген) жəне тіпті үшінші өркениетті бөліп көрсетеді. Адамзат тарихында А. Тойнби барлығы жиырма шақты өркениетті атайды. Олардың ішінен XX ғасырдың ортасында қандай да бір дəрежеде жетеуі ғана сақталып қалды (батыс христиандық, православиялық христиандық, ислам, индуистік, қиыр шығыстық, буддистік, христиандық-иудаистық).

Тарихи үдерістің детерминистік тұжырымдамалары адамзат қоғамының прогрессивті дамуын таниды. Бірақ даму негізіне салынған құбылыстар түрлі пайдаланылады. Анықтаушы себеп ретінде техникалық базис (халық өсуі, табиғи шарттар немесе техника мен технологиядағы өзгерістер) немесе экономикалық (өндірістік қатынастар нысанының дамуы) базистің бір не бірнеше элементтері, не қондырмаға жататын факторлардың бірі құқық, мемлекет, əлеуметтік психология жəне т.б.) жүре алады. Бірінші бағыт шеңберін демографиялық, географиялық жəне

8-тақырып. Қоғам дамуын кезеңдендірудің... 107

технологиялық детерминизм тұжырымдамаларын, сонымен қатарөндірістікқатынастарнысанынабсолюттендіретінтеорияларды бөліп көрсетуге болады. Екінші бағыттың сан алуан түрлері институционализм шеңберінде дамиды.

Демографиялық детерминизм. Адамзат дамуы тари-

хын халық өсуімен түсіндірудің жекелеген қадамдары ежелгі жəне орта ғасырларда пайда болды. Бірақ XVIII ғасырда ғана демографиялық детерминизмнің болашақ тұжырымдамасының элементтері қалыптаса бастады (Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций). Кейінірек Т.Р. Мальтус ілімінде халық өсуі тəуелсіз ауыспалы шама, халық кедейлілік пен қайыршылықтың көзі ретінде қарастырылды. Бірақ халық орналасуының мальтузиандық тұжырымдамасы шын мəніндегі тарихи үдеріс теориясы болған жоқ, себебі ол халық өсуінің сапалық кезеңі мен қоғам нысаны өзгеруінің арасындағы байланысты орнатпады.

Демографиялық детерминизмнің пессимистік нысаны мальтузиандық пен қатар XIX ғ. аяғы XX ғ. басында демографиялық детерминизмнің оптимистік нысаны үлкен дамуға ие болды (А. Кост, А. Секретан, О. Бугле). XIX ғасырдың соңғы онжылдығындахалықөсуініңбаяуқарқынытəнболдыжəнемальтузиандық аса танымал болмаса да, Францияда ол ерекше таралды.

Міне осы кезде француз саяси экономисі А. Кост (1842-1901) «Объективті социология принциптері» (1899) жəне «Халықтар тəжірибесіжəнеоғаннегізделгенұсыныстар» (1900) аттыекіеңбегін шығарды. Оларда ол барлық əлеуметтік құбылыстар демографиялық факторларға байланысты болады деп дəлелдеуге тырысты.

Географиялық детерминизм. Географиялық детерминизм тұжырымдамаларында адам мен табиғаттың өзара əрекеті бір жақты, адамзат қоғамының қоршаған ортаға тəуелділігіне қарай қарастырылады. Ал шын мəнінде қоғам мен табиғаттың өзара əрекеті күрделірек құбылыс. Ол адамзат дамуының бəсеңсінуі немесе жеделдетілуімен ғана шектеліп қоймайды. Бір жағынан, адамзат қызметі əсерінен өмір сүру ортасы өзгеріп, осы өзгерістер жинақталып отырады, басқа жағынан сыртқы табиғатқа əсер етіп, оныөзгертеотырып, адамсолуақыттаөзтабиғатындаөзгертеді. Тарихи даму барысында қоғам өндіріске бұрын адам қолы жетпейтін

108 Экономикалық теория

қоршаған ортаның жаңа компоненттерін үсті-үстіне тарта бастайды. Себебі, қоғам мен табиғаттың өзара əрекеттесуінің тарихы тереңде жатыр. Ол өндіргіш күштер дамуы деңгейіне ғана емес, əрекет етуші өндірістік қатынастар сипатына да тəуелді болады.

Сонымен, қоршаған орта өндіріс дамуының шарты, өндіргіш күштер дамуының факторы ретінде ғана жүріп қоймай, белгілі бір жəне өсіңкі көлемде осы даму нəтижесі болып табылады.

Технологиялық детерминизм. Ғылыми-техникалық револю-

ция əсерінен техникалық прогресті абсолюттендіретін теория, кеңтанымалболды. ОсытеориялардыңбастауынXX ғ. басындағы П. Энгельмейер (Ресей), Ф. Десеауера, М. Шнейдер, М. Эйта (Германия) сияқты ғалымдар еңбегінен байқауға болады. Ғылымитехникалық факторларды артық бағалау жəне қоғамдық-тарихи жағдайларды кем бағалау «легалды марксистер» (П. Струве) мен неміс социал-демократтары (Э. Бернштейн, К. Каутский) жəне орыс меньшевиктеріне (П. Мартов, Н. Суханов) тəн болды. Бірақ тарихи үдерістің технологиялық теориясының ең кең дамыған кезі соғыстан кейінгі жылдар болды.

1960 жылы америкалық экономист Уолт Уитмен Ростоудың «Экономикалық өсу кезеңдері» атты кітабы жарық көреді. «Коммунистік емес манифест» аталған осы кітапта У. Ростоу өсудің негізгі 5 кезеңін бөліп көрсетеді: 1) дəстүрлі қоғам; 2) өрлеудің алғышартынқұрукезеңі; 3) өрлеу; 4) толысушегінеұмтылу; 5) жоғары жаппай тұтыну заманы.

Бірінші – «Дəстүрлі қоғам» кезеңі үшін дейді У. Ростоу, өндірушілердің төрттен үшіне азық-түлік өндірумен айналысу тəн болады. Ұлттық табыс негізінен мақсатсыз пайдаланылады. Қоғам құрылымы саяси өкімет жер иелері немесе орталық үкімет иелігінде болатын иерархияны құрайды. Екінші кезең – «өрлеудің өтпелі кезеңі» болып табылады. Осы кезеңде үш өнеркəсіптік емес саладаелеуліөзгерістержүреді: ауылшаруашылығында, көлікпен сыртқысаудада. Үшіншікезең– «өрлеу», уақыттыңсалыстырмалы, шағынғанааралығын, яғнибір-екіонжылдықтықамтиды. Осыкезде капитал салу қарқыны өседі, халық басына шаққандағы өнімді шығару елеулі өседі, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығына жаңа техниканы тездеп енгізу басталады. Экономиканы жетілдіруді

8-тақырып. Қоғам дамуын кезеңдендірудің... 109

қолдаушылардың дəстүрлі қоғамдықорғаушыларды жеңуі жүреді. Төртінші – «толысу шегіне ұмтылу» кезеңін У. Ростоу техникалық прогрестің ұзақ кезеңі ретінде суреттейді: урбандалу үдерісі дамиды, білікті еңбек үлесі артады, өнеркəсіп басшылығы білікті басқарушылар – менеджерлер қолына шоғырланады. Бесінші – «жоғарыжаппайтұтынузаманы» кезеңіндеұсыныстансұранысқа, өндірістен тұтынуға жылжу іске асырылады.

Өзінің «Саясат жəне өсу кезеңдері» атты жұмысында (1971) У. Ростоу алтыншы – «өмір сапасын іздеу кезеңін» қосады. Онда бірінші орынға адамның рухани дамуы шығарылады.

Индустриядан кейінгі қоғамға кең тарихи жол тəн болады (Р. Айрис, Д. Белл, Г. Кан, Т. Стоуньер жене т.б.). Мысалы, Том Стоуньер өзінің «Ақпараттық байлық: индустриядан кейінгі экономика профилі» атты кітабында (1983) адамзат дамуындағы үш сапалы кезеңді бөліп керсетеді: аграрлық, индустриялық жəне ақпараттық экономика кезеңдері.

У. Ростоуға қарағанда Т. Стоуньер қоғам дамуында бір емес (өнеркəсіптік), екі(өнеркəсіптікжəнеақпараттық) революцияныбөліп көрсетеді, Сонымен қатар ол өндіргіш күштер дамуындағы сапалық кезеңдерді экономика мен саясаттағы революциямен байланыстырады. Өнеркəсіптік революция нəтижесінде «алдымен зкономикалық, содан соң саяси өкімет біртіндеп ақсүйектер қолынан капиталистер қолына» біртіндепөтті, алақпараттықүдерісте«экономикалықжəне саясиөкіметақпараттыөндірушілерге» өтебастады.

ХІХ ғ. аяғы XX ғ. басында институционализм – адам қоғамының дамуы өндірістік қатынастармен ерекшеленуін мойындамайтын жəне жылжушы күштер ретінде психобиологиялық (Т.Веблен), əлеуметтік-құқықтық (Дж. Коммонс), мемлекеттік (К-А. Виттфогель) жəне басқа институттар сияқты экономикалық емес факторларды танитын ағын пайда болды.

Соғыстанкейінгіжылдарыинституционализмдежалпыадамзат дамуын суреттеуге қадам жасалды. Тарихи үдерісті түсіндіруге тырысатын ірі жұмыстардың бірі Вашингтон университетінің қытай тарихының профессоры Карл Август Виттфогельдің (1896-1988) «Шығыс қанаушылығы. Жаппай билікті салыстыра зерттеу» (1957) еңбегі болды.

110 Экономикалық теория

К.А. Виттфогельдің тұжырымдамасындағы құрылымдық құрушы мемлекеттің жетекші рөлімен сипатталатын шығыс деспотизмі (өктемшілдік) болып табылады. Мемлекет бюрократтық аппаратқа сүйеніп, жеке меншіктік тенденциялардың дамуын басып тастайды. Бұл қоғамдағы үстем таптың байлығы өндіріс құралына деген иелікпен емес, мемлекеттің иерархиялық жүйесіндегі орнымен көрінеді. Сонымен, табиғи жағдайлар мен сыртқы əсерлер мемлекет нысанын, ал ол өз кезегінде əлеуметтік стратификация (жіктеу) түрін анықтайды.

Экономикалық қызметтерді орталықтандыру дəрежесі бойынша Виттфогель қанаушылықтың үш негізгі түрін бөліп көрсетеді; 1) «гидравликалық қоғам» (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай, Мексика, Перу жəне т.б.); 2) «маргиналдық қоғам» (Византия); 3) «субмаргиналдық қоғам» (Түркия жəне Ресей). Егерде қоғамның бірінші түрінде қандай да бір орталықтандырылған деспотизмнің пайда болуы табиғи қажеттілікті (бөгендер, каналдар мен басқа суландыру құрылыстарын салу) қажет етсе, екінші жəне үшінші түрдегі қоғамдарда деспоттық өкімет «гидравликалық қоғам» қысымы əсерімен пайда болады. КСРО-да социализм құруды Виттфогель қазіргі машина-техникалық базасында «гидравликалық қоғамға» оралу ретінде бейнеледі.

Институционалистер тұжырымдамасы үшін талдаудың бірқатар маңызды буындарын бағаламау тəн. Оның ішінде Виттфогельде өндіріс тəсілінің өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сияқты құрастырушы элементтерін талдау түсіп қалып отырды.

8.2. ҚОҒАМ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕНДІРУГЕ ФОРМАЦИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС

Адамзат қоғамы дамуы тарихының формациялық жолы негізінде «материалдық игіліктерді өндіру тəсілі» түсінігі жатыр. Қоғамдық-экономикалықформациятүсінігінегізіндеКарлМаркс қоғам дамуының тұжырымдамасының талдауын жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]