Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

____________________________________________________________________________

Курс – 2

Семестр – 4

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Семинар – 15 сағат

СОӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – 4-семестрде

Барлығы – 90 сағат

Орал - 2016

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» бойынша

курстың бағдарламасы

2015-2016 оқу жылы, 4-семестр, 2 кредит

2-курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесі отырысының Хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» жұмыс оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.

Құрастырған: ф.ғ.к., БҚМУ доценті Раманова А.А.

Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілді.

«ˍˍˍˍˍ» ˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍˍ _201 ж.__ № ___ хаттама

1. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша бағдарлама

1.1. Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушы: Раманова Айгүл Абибуллақызы – «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Оқытушының мекен-жайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 162, «Қазақ филологиясы» кафедрасы, бас оқу ғимаратының 4-қабаты, 408-кабинет.

Жұмыс телефоны: 51-30-62

Электронды пошта адресі: ramanova2008@mail.ru

2. Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, 2 кредит сағат

Өтетін орны: кесте бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде

Сабақ кестесі:

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 1 кредит-сағат саны болуы тиісті, әр кредит-сағат саны 2 байланыс сағаттан (1 дәріс, 1 семинар) және 2 сағат СОӨЖ, СӨЖ тұрады.

Аптаға кредит-сағат санының бөліну кестесі

Сабақ

Өткізу уақыты

Сабақ

Өткізу уақыты

2 байланыс сағаты

(1 дәріс, 1 семинар)

50 минут

СОӨЖ, СӨЖ

50+50 минут

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

2

4

2

15

15

30

30

90

Емтихан

КІРІСПЕ

«Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы» тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөзжасамдық типтерін, туынды сөздердің түрлерін, сөзжасамдық мағына, әр сөз табының сөзжасамын т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді қамтиды. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, оны тілде жүзеге асыратын сөзжасамдық заңдылықтар, амал-тәсілдер екенін таныту көзделеді.

Курс мақсаты: Сөзжасам курсының негізгі мақсаты – студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру. Осымен байланысты қазақ тілінің сөзжасам жүйесін зерттейтін арнайы пән ретінде студенттерге терең ғылыми-теориялық білім беру мақсатында жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының келешек мамандарына жан-жақты толық білім беруді көздейді.

Курс міндеті:

  • Сөзжасамдық негізгі ұғымдармен таныстыру;

  • Сөзжасам мәселелерінен толық мағлұмат беру;

  • Қазіргі заман тіл ғылымының дамуына сай жаңа технология бойынша модульдік жүйемен туынды сөздердің жасалуын таныстыру, жаттықтыру;

  • Туынды сөздердің ішкі мағыналық құрылымын анықтау;

  • Түбір сөздің шығу төркінін айқындау;

  • Туынды түбірлердің мағыналық байланысын ашу;

  • Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін таныту;

  • Сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық талдауға үйретіп, жаттықтыру, дағдыландыру.

Курс мазмұны:

Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы

Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

Сөзжасамдық тәсілдер

Сөзжасамдық мағына

Туынды сөздер

Сөзжасамдық талдау

Сөзжасамдық ұя

Сөз таптарының сөзжасамы

Зат есім сөзжасамы

Сын есім сөзжасамы

Сан есім сөзжасамы

Есімдіктің сөзжасамы

Үстеудің сөзжасамы

Етістіктің сөзжасамы

Оқыту әдістемесі:

Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, статистикалық т.б. әдістерді қолдансақ, СОӨЖ, СӨЖ барысында эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.

Пререквизиттер: Тіл біліміне кіріспе. Нормативті қазақ тілі.

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.

Курс талаптары:

  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәні негізінде студенттердің білім диапазонын кеңейту, оларды қызықты да қажетті мағлұматтармен қаруландыру.

  2. Студенттер тарапынан сабаққа күнделікті дайындалу міндеттеледі. Себебі студент білімі әр сабақ сайын балдық жүйеде бағаланады. Студент сабақта болмаған жағдайда материалды игеріп, кейіннен тапсыруы тиіс.

  3. Берілген тақырыптар бойынша жинақталған білімін сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу арқылы айқындау.

  4. Қарапайымнан күрделіге қарай көше отырып, өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру.