Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Биология Олимпиада тапсырмалары 6-12

.pdf
Скачиваний:
3536
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.32 Mб
Скачать

Г.А.Имашпаева

Гүлжайна Ашанқызы Имашпаева

Биология

Биология

Олимпиадалық тапсырмалар

6-12 сынып Олимпиадалық тапсырмалар

6-11 сынып

1

Пікір жазған:

Биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының аға оқытушысы Ж.Т. Игісінова

Г.А.Имашпаева Биология: Олимпиадалық тапсырмалар . - Өскемен:

2011. - 135 б.

Олимпиадалық тапсырмалар оқушылар білімдерін тереңдетуге арналған тапсырмалар жүйесінен құралған.Тапсырма теориялық білімді тестік негізде және практикалык білімін тапсырмалар жүйесімен нақтылауға негізделіп оқушыларға арналып жасалған. Көмекші құрал ретінде мұғалімдерге де ұсынылады.

2

Түсініктеме

Қазіргі кезде оқушы білімін төменгі сыныптан бастап мектептің ішкі тексеруінен бөлек, әр түрлі ақыл ой олимпиадалары арқылы бақылау мүмкіндіктері өте көп. Осыған орай мемлекеттік міндетті стандартынан бөлек тереңдетілген білім негізін қалау міңдеті тұрады. Себебі сыныптағы оқушылардың ішінен пәнге деген қызығушылығы жоғары, алған білімін арықарай тереңдете оқығысы келетін оқушылар табылып жатады. Осындай ынтасы жоғары оқушыларды дамыта оқыту үшін, өте көптеген ғылыми әдебиеттермен, ақпарат құралдарымен, ғылыми көпшілік басылымдармен жұмыс істеу қажет.

Құрастырылған бұл жинақта бірнеше жылғы жинақталған аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар тапсырмалары берілген. Тапсырмалар теориалық және практикалық кезеңдерден тұрады.

Жинақталған тапсырмалар мазмұны әр түрлі деңгейде тереңдетіліп, логикалық жүйемен құрылған. Кітапша олимпиадаға дайындалатын оқушыларға, даярлайтын ұстаздарға және биология пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

3

Құрметті жас дос!

Сіз қолыңызға бұл кітапшаны алып парақтаған болсаңыз, оған мен қуаныштымын. Өйткені сіз, биология пәніне деген қызығушылығыңызды таныттыңыз. Айналаңыздағы тірі табиғат, сізді қоршаған орта және сіз - сол табиғаттың бір бөлшегісіз. Табиғаттың аялы алақанында өмір сүре отыра, біз сол табиғаттың сындарлы сырларының бірін білсек, бірін біле бермейміз. Егер сіз бұл кітапшаны ары қарай ашып, әріптеріне көз жүгіртсеңіз ,биология пәнінен біліміңіздің қаншалықты деңгейде екеніне көз жеткізе аласыз. Ал егер қызығушылығыңыз жоғары болып, тіршіліктің жұмбақ сырларын ашып, осы пән саласында мамандық аламын деген болсаңыз , халыққа қызмет етіп табиғатқа пайдаңызды тигіземін десеңіз, берілген тапсырмаларды орындап, шешімін таппағандарыңызға іздену жұмыстарын жүргізуіңізге тура келеді. Ол үшін жас дос, мыналар

есіңізде болсын!

Еңбекқор болыңыз

Мақсат пен міндеттеріңіз анық болсын

Атқарылатын ісіңіз жоспарлы түрде жүзеге ассын

Оқыған тапсырмаңыздың, істеген ісіңіздің негізгісін анықтай біліңіз

Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізіңіз

Жасалған жұмыстар ұқыпты, әрі тиянақты болсын

Білмегеніңізді білетіндерден сұрауға ұялмаңыз

Ғылымикөпшілік әдебиеттермен, ғылыми кітаптармен жұмыс істеңіз

Зейін мен ынтаңыз зор болсын

Теориялық біліміңізді күнделікті өмірде қолданып отырыңыз

«Ондай болмақ қайда» деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз деген Абай атамыздың сөзін естен шығармаңыз.

4

Биология пәні бойынша олимпиада тапсырмаларының жинақтамасы 6-11 сынып оқу бағдарламасын және тереңдетілген бағдарламаларды қамти отыра, төмендегідей тақырыптарға негізделе жасалған.

6-11 сынып биология пәні оқу бағдарламасының негізгі тараулары. Цитология негіздері. Жасушаның құрылысы химиялық құрамы және атқаратын қызметі. Жасушадағы зат және энергия айналымы.

Өсімдіктердің өсімді және көбею мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі, түр өзгерістері.

Өсімдік және жануар ұлпасы. Ұлпаның түрлері, қызметі, құрылысы. Өсімдіктер дүниесі.Төменгі сатыдағы, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.

Жануарлар. Бір және көп жасушалы жануарлар тіршілігі. Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерінің эволюциялық дамуы. ( ұқсастықтары, айырмашылықтары)

Жануарлар дүнйесі. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар.

Адамтірі ағзалардың жоғарғы сатысы. Адам ағзасындағы барлық мүшелердің құрылысы мен атқаратын қызметі. Гигиенасы, алғашқы көмек.

Ағзалардың көбеюі және жеке дамуы.

Генетика

және эволюция.

Өзгергіштік

.

Мутациялар және

модификациалар. Мендельдік

тұқым

қуалау заңдылықтары.

Моногибриттік, дигибриттік және полигибридтік будандастыру. Аллелизм. Рекомбинация, жыныспен тіркесіп тұқым қуалау, Харди Вайнберг заңы.

Эволюция механизмдері. Мутация, табиғи сұрыпталу, репродуктивті оқшаулану адаптация .

Органикалық дүниенің даму жолдары мен заңдылықтары.

Экология. Экосистемалар. Қоректік тізбектер, трофикалық деңгей, продуценттер, консументтер, редуценттер.

Энергия ағындары. Биомасса пирамидалары. Энергия пирамидалары. Көміртегі, азот айналымдары.

Популяция структурасы мен динамикасы.

Популяцияның жастық және жыныстық структурасы. Туу және өлім көрсеткіштері. Экспоненциальды көбеюі. Биосфера. Қоршаған ортаның ластануы және оның алдын алу шарттары.

5

Жоғарғы сатыдағы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі айырмашылықтарын салыстыра сипатта.

Гормондар мен витаминдердің қандай ұқсастығы бар

Белгілі аурумен ауыратын көптеген науқастарға көмектесетін дәрілік препораттар кейбір жағдайда дәрменсіз болып қалатыны әжептәуір жиі кездесетін жағдай. Бұл қандай себептерге байланысты.

Жасушаға қандай физико – химиялық қасиеттер тән? Жауапты дәлелдеңдер

Бір жасушалы ағзалардың көп жасушалы ағзалардан

қандай айырмашылықтары бар?

Неге табиғи сұрыпталу эволюцияның бағыттау факторы болып тұр? Жауапты дәлелдеңдер.

Биологиялық прогресс пен биологиялық регрестің маңызы неде? Биологиялық прогрестің негізгі бағыттары қандай? Түсіндіріңдер.

Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі айырмашылықтарын көрсетіңіздер.

Омыртқасыздар қатарына жататын жануарлардың қозғалу тәсілдеріне толық сипаттама беріңіздер.

Жалпақ құрттар типінің паразиттік және еркін тіршілік ететін өкілдерінің құрылысының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

Витаминдер мен гормондар арасындағы айырмашылықтар мен сәйкестіктер неде?

Рефлекс пен инстинкт құбылыстарының айырмашылықтары мен сәйкестік дәрежелері неде?

Егер белгілі бір түрге жататын өсімдіктердің гүлдерінің формасы мен көлемі тұрақты, ал басқа түрге жататын өсімдіктердің гүлдерінің формасы мен көлемі алуан түрлі cебебі неде?

Жануарлардың жүйке жүйелерінің қалыптасуының негізгі сатылары

Комбинативті мутациялық және модификациялық өзгергіштік құбылыстарының айырмашылықтары.

Адам генетикасын зерттеудің әдістері,

Генетика, цитология және молекулалық биология салаларындағы хромосома терминінің мағынасында қандай айырмашылақтар бар деп ойлайсыз.Геннің молекулалық структурасына қазіргі кездегі көзқарастар

Жануар ағзасындағы майлардың рөлі қандай?

Қанайналу жүйесінің түрлері және оның негізгі ерекшеліктері.

6

Ұғымдар мен терминдерге түсінік беріңдер.

1.Ағзаның құрылысы мен қызметін сақтау және беру қасиеті-

2.Сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына даралардың бейімделуі неге байланысты-

3.Бір популяцияға жататын даралардың арасында -

4.Даралар санының азаюы, ареалдың тарылуы, түрлер санының азаюы популяцияда-

5.Жасуша дегеніміз-

6.Прокариоттар-

7.Сұйықтықты тамшы түрінде сіңіру-

8.Жасуша құрылысын өзгертетін оның құрамын жаңартатын реакциялардың жиынтығы-

9.Ген дегеніміз-

10.Тыныс алу-

11.Ағзаның жеке дамуы-

12.Гаметогенез-

13.Кроссинговер14.Ағзадағы ДНҚ-ның саны мен құрылымының өзгеруі-

15.Ұрықтану кезіндегі гаметалардың кездейсоқ қосылып, гендердің жаңа үйлесімін түзуі-

16.Табиғи сұрыпталу дегеніміз-

17.Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар-

18.Пойкилотермді-

7

Теориялық тур

І. Тестік тапсырмалар

1.Жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегінің бір екендігін дәлелдейтін

А) тірі және өлі табиғаттың ұқсастығы Б) жануарлар мен өсімдіктердің бірлесіп тіршілік етуі В) ағзаның жасушалы құрылысы Г) ағзаның сыртқы ортамен байланысы

2. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерден айырмашылығы неде?

А) жасушалы құрылысты Б) тіршілік процесстері тек қана жасушада жүреді

В) денесі бір ғана ағзадан тұрады және ядросы жоқ Г) дайын органикалық заттармен қоректенеді

3. Өсімдіктегі фотосинтез үрдісі нені пайдаланады?

А) тыныс алу кезіндегі бөлінетін энергия Б) күн сәулесінің энергиясы В) тыңайтқыштардағы энергия

Г) органикалық заттардағы энергиясын

4. Сүт қоректілерді басқа омыртқалылардан айыратын негізгі белгі

қандай?

А) жылықандылығы Б) жынысты көбеюдің болуы

В) жүйке жүйесінің болуы Г) сүт бездерінің болуы және балаларын сүтпен қоректенуі

5. Сүт қоректілерге тән емес қасиеттер қандай?(адамнан басқа)

А) ойлау арқылы іс - әрекет Б) шартты рефлекстер В) ойлауы және сөйлеуі Г) инстинктер

6. Тамыржеміс – ол

А) жуандаған қосалқы тамыр Б) жуандаған негізгі тамыр

В) негізгі өркеннен пайда болған жуандаған сабақ немесе негізгі тамыр

7.Өсімдіктер энергияға бай заттарды қандай формада жинайды?

А) гликоген Б) глюкоза В) крахмал Г) май

8.Қысқы тыныштық күйде өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?

8

А) зат алмасу процесі жылдамдайды Б) өсуі жылдамдайды

В) жасушадағы судың мөлшері көбейеді Г) зат алмасу баяулайды

9.Ағзаның жеке дамуы неден басталады?

А) жыныс жасушаларының пайда болуынан Б) сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы кезінен В) екі бластомердің пайда болуынан Г) туған кезден

10.Ферменттер дегеніміз –

А) дәрумендер құрамына кіреді Б) гормондар құрамына кіреді

В) жасушадағы реакцияларды тездетіп, белсенділігін арттырады Г) антителдердің құрамына кіреді

11.Фотосинтез қандай жасушаларда жүреді?

А) ядросы жоқ, бактерияларда Б) жануар жасушасында

В) хлоропластары бар өсімдіктерде Г) саңырауқұлақтарда жіпшелері бар

12.Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі неге байланысты?

А) сөз бен ойлау Б) шартсыз рефлекс В) инстинкт Г) шартты рефлекс

13.Темекі тарту зиян, себебі:

А) тамырдың үнемі кеңеюі Б) тамырдың тарылуы

В) тыныс алу жиілігі төмендейді

14. Рефлекс дегеніміз –

А) тітіркенуді қабылдау Б) қозудың пайда болуы В) тітіркенуге жауап

15.Неліктен алкогольдің әсерінен адамдар суықта үсіп қалады?

А) тамырдың кенеттен тарылып, қанның жүрмеуі Б) тамырдың кеңейіп, жылудың азюы В) тері рецепторының сезгіштігінің төмендеуі

16.Көбеюдің қандай жолы алдыңғы ұрпақтардың генетикалық көптүрлілігіне әкеледі?

А) вегетативті Б) жынысты В) партеногенез

17. Инстинкт дегеніміз –

9

А) генетикалық бағдарланған іс - әрекеті Б) өмір сүру кезінде пайда болған тәжірибе В) оқу арқылы пайда болған іс - әрекет

18. Төмендегі қасиеттердің қайсысы, ДНК-полимераза және РНКполимераза ферменттеріне ортақ болып табылады? - 4 балл

а. Дезоксинуклеотидтері пайдаланады б. Рибонуклеотидтерді пайдаланады в. ДНК-матрица қажет г. Праймер (затравка) қажет д. РНК-матрица қажет

19. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы жыныс жолымен көбеюдің артықшылығын көрсетеді.

а. Генофондтың өзгергіштік деңгейі жоғарылайды б. Мутация жиілігі жоғарылайды

в. Ұрпақ организмдер саны, жыныссыз жолмен көбеюге қарағанда жоғары г. Мутация жиілігі төмендейді д. Генофондтың өзгергіштік деңгейі төмендейді

20. Төменде көрсетілген қасиеттердің қайсысы балықтар мен бауырмен жорғалаушылар қан-айналу жүйелеріне ортақ болып табылады?

а. Екі камералы жүрек б. Үш камералы жүрек

в. Жүректерінде венозалық қан болады г. Қан, тыныс алу органдарынан жүрекке оралады

д. Венозалық (деоксигенделген) қан жүрекке оралады

21. Ашық (тұйықталмаған) қан-айналу жүйесі бар насекомдарға төмендегі қасиеттердің қайсысы тен?

а. Капиллярлар (қылтамыр) б. Аорта в. Эритроциттер

г. Капиллярлар (қылтамырлар) және эритроциттер д. Аорта және эритроциттер

22. Төмендегі оргонойдтардың қайсысы жануар және өсімдік клеткаларына ортақ болып келеді?

а. Пластидтер, митохондриялар б. Вакуольдер, лейкопластар в. Митохондриялар

г. Гольджи аппараты, хлоропластар

23. Өзен шаянына қандай зәр шығару органы тән?

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]