Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. Силлабус филос.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
375.81 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-

техникалық университеті

Барлық факультеттің

барлық мамандықтарының 2 курс студенттеріне арналған

М-1 Әлеуметтік-гуманитарлық модулінің

«Философия» пәні бойынша

Оқу бағдарламасы ( силлабус)

Орал – 2015 ж

КЕЛІСІЛДІ

«Агрономия» факультетінің ОӘБ

төрайымы _______ Калиева Л.Т.

«___» _________ 2015 ж.

БЕКІТЕМІН

«Агрономия» факультетінің

деканы______ Тулегенова Д.К

«___» _________ 2015 ж.

М-1 Әлеуметтік - гуманитарлық модулінің

«Философия» пәні бойынша (міндетті компонент)

оқу бағдарламасы ( силлабус)

Құрастырушылар: Есенгалиева В.А. филос.ғ.к., доцент

Хайруллина Г.М.аға оқытушы

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Агрономия» факультеті 320 - кабинет

Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2014 жылы бекітілген «Философия» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды

Кредит саны – 3

Дәріс – 15 сағат

Практикалық – 30 сағат

БАОӨЖ – 25сағат

БАӨЖ – 65 сағат

Барлығы – 135 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Кафедра отырысында талқыланды «___» _______ 2015 ж. № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі: ___________ Есенгалиева В.А.

  1. Пәннің сипаттамасы: Рухани өндірістің ерекше формасы ретіндегі философия фенонемі және оның мәдени-тарихи дамуы мен қазіргі болмысы аталған курстың объектісі болып табылады. Курсты оқудың аясында өзара сабақтастығы әлемдік және отандық философияның негізгі бағыттары мен мәселелері де қарастырылған.

1.1. Пәннің пререквизиттері: жоқ

1.2 Пәнді оқудың мақсаты: болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарын қалыптастыруға көмектесу; студенттерді философиялық білімнің тарихымен таныстыру; философияның дүниетанымдық, гуманитарлық, экзистенциалдық, даналық және түсінік функцияларын паш ету; студенттердің жаңа заман талаптарына сай болып, жаңа Қазақстанды құрып, жетілдіретін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу мен қалыптастыру.

Философияны оқып-үйрену процесінде студенттер білуге тиіс:

- философияның негізгі анықтамаларын және атқарып келген, атқаратын қызметтерін;

- философияның мәдениет аясындағы алатын орнын, қоғамдық сананың басқа формаларымен арақатынасын;

- философияның тарихи даму кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін;

- философия негіздеген және алға тартатын құндылықтарын түсіну;

- дүние, адам, қоғам, тарих, мәдениет, таным жайлы негізгі философиялық тұғырнамаларды;

- мәдениет аясындағы және өмірдегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін;

- философияны оқып-үйрену үрдісінде алған білімдерді нақты пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]