Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»

5В072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығы бойынша

студенттің анықтамалық-жолсілтегіші

Орал - 2013 жыл

Кіріспе

Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Қазақ ССР Министрлігі Кеңесінің қаулысымен 1963 жылы ауыл шаруашылығы институты болып құрылды.

2000 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрамына кіріп, ал 2002 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болып қайта құрылды. Қазір Университет қазақ халқының ұлы ағартушысы Жәнгір ханның есімімен аталды.

Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – жоғары кәсіптік білім берудің 35 мамандығы бойынша (бакалавриат), жоғары арнайы білім берудің 2 мамандығы және 30 ғылыми мамандығы бойынша – магистратура (24), докторантура (6) білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын аймақтағы жалғыз және жетекші, көп профильді аграрлық техникалық оқу орындарының бірі.

БҚАТУ миссиясы – аймақтың қажеттілігін жаңа тұрпатты кадрлық және ғылыми ресурстармен қамтамсыз ете отыры, Батыс Қазақстанның инновациялық экономикалық қорғаушы күші болу.

Мақсаттарымыз:

  • әлемдік білім беру қызметі нарығына шығаратын инновациялық оқу ғылыми кешенің қалыптастыру арқылы еліміздің жоғары аграрлық-техникалық білім беру жүйесінде көшбасшы болуға қол жеткізу;

  • тұтынушылармен өзгеде мүдделі тараптардың білім беру стандарттары деңгейінде сапалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қоятын талаптарын қанағаттандыру деңгейін арттыру;

  • дамыта оқытудың интерактивті технологияларын қолдануды кеңейту арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін ішкі инновациялық білім беру және бәсекелестік ортаны дамыту;

  • қызметкерлер мен білім алушылардың бойында корпоративтік мәдениет пен этиканы сондай-ақ көшбасшылық, ынталандыру, ортақ іске тарту, ынтымақтастық, сенім, толеранттылық, командамен жұмыс істеу принцптері бойынша жұмыс істеудің саналы қажеттілігін қалыптастыру;

  • экологиялық аспектілер мен өндірістік үрдістердің салдарына мониторинг жүргізу;

  • апатты жағдайларды болдырмау үшін, операцияларды басқару және табиғатты қорғау қызметін жетілдіру;

  • оқу-әдістемелік, ғылыми және ақпараттық инфрақұрылымды қазіргі күнгі білім беру стандарттарына сәйкестендіре жаңарту.

5В072800-«Өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығының бағдарламасының мақсаттары

Жалпы білім беру пәндері циклының мақсаты –кәсіби дағдыларды меңгеру, шығармашылық әлеуетті, жаңашылдық қасиеттерін дамыту, білімін жоғары кәсіптік білімнің келесі сатыларында жалғастыру үшін қажет жағдайламен қамтамасыз ету.

Базалық пәндер циклының мақсаты – кәсіби дағдырларды меңгеру, шығармашылық әлеуетті, жаңашылдық қасиеттерін дамыту, білімін жоғары кәсіптік білімнің келесі сатыларында жалғастыру үшін қажет жағдайлармен қамтамасыз ету.

Кәсіптендіру пәндер циклының мақсаты мамандығы бойынша кәсіби қызметке тез арада орналасу және қызмет бойынша өсуін қамтамасыз ететін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау; білім саласында және кәсіби жетіктілігін қамтамасыз ететін студенттің өздігінен оқу бағдарламасын таңдау.

Басты міндеті – аграрлық сектор саласында толыққанды, сапалы кәсіби білім мен кәсіби жетіктілікті меңгеру үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ету.