Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19-050703_kz (1).doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
196.1 Кб
Скачать

«Алматы энергетика және байланыс институты»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ

«КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН РАДИОТЕХНИКА

ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

_______________ Ұ.И.МЕДЕУОВ

“____”___________2009 ж.

АҚПАРТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

(Sillabus-Силлабус)

050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының

студенттеріне арналған оқу жоспары

Мамандық: 050703 – Ақпараттық жүйелер

Оқу формасы: күндізгі

2курс,2семестр

Кредиттер саны – 3

Барлық сағат саны – 135, оның ішінде:

аудиториялық сабақтар - 56 с.,

дәрістер – 32 с.,

лабораториялық сабақтар–16 с.,

практикалық сабақтар – 8 с.,

студенттің өзіндік жұмысы – 79 с.

Есептеу-графикалық жұмыстар- 3

Емтихан – 4 семестрде

Алматы, 2009

Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ГОСО-2006ж.), 050703 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқу жоспарына және «Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Жұмыс бағдарламасын құрастырушы:

ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев

Жұмыс бағдарламасы «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған (хаттама №_1__ «_28__»_____тамыз______ 2009 ж.)

Кафедра меңгерушісі

ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев

Дәріс беруші-оқытушы:

физика-математика ғылымдарының докторы,

профессор Құралбаев Зауытбек Құралбайұлы,

жұмыс телефоны: 2925095,

Жұмыс орны: А. Байтұрсынов көш., 126, Б331-бөлме

Пәннің пререквизиттері: «Информатика», «Физика», «Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау», «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Программалау технологиясы».

Пәннің постреквизиттері: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Ақпарат қауіпсіздігі мен информацияны қорғау», «Жүйелік программалау», «Визуалды программалау», курстық және дипломдық жұмыстардағы есептеулерді орындау.

1 Пәннің сипаттамасы

«Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінде ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әртүрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі заманғы әдістері мен модельдері қарастырылады.

Пәннің мақсаты: Әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерді құрастырудың арнайы білімдерін қалыптастыру.

«Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінен бұрын жоғары оқу орындарының бірінші және екінші курстарында оқытылатын келесі пәндер: «Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау», «Информатика», «Программалау технологиялары», «Объектіге бағдарланған программалау», «Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика» оқытылуы тиіс. «Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнін оқудан алынған білімі мен машығы келесі курстарда оқылатын келесі пәндерде пайдаланылады: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Ақпарат қауіпсіздігі мен информацияны қорғау» және т.б., сонымен қатар, диплом жұмысын орындауда.

Пән бойынша дәрістер оқытылуымен қатар практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі. Теориялық білімді толықтыру және қарапайым ақпараттық жүйелердің элементтерінің құрастырылу әдістерін меңгеру мақсатында студент үш есептеу-графикалық жұмысты өз бетімен орындайды. Зертханалық сабақтар арнайы программалық жабдықпен және қазіргі талапқа сай компьютерлермен қамтамасыз етілген компьютерлік сыныптарда өткізіледі. Кейбір теориялық мәселелерді де студенттер өз бетімен оқып, қажет болғанда оқытушыдан консультация алуы тиіс. Өз бетімен орындаған тапсырмалар бойынша студент оқытушыға есеп беріп отырады.

Осы пәнді оқудың нәтижесінде студент:

- ақпараттық процестердің құрылымын, оларды ұйымдастырудың негізін білуі тиіс;

- ақпараттық процестерді және объектілерді формальді түрде сипаттаудың әдістерін игеруі тиіс;

- жүйелік талдау мен ақпараттық жүйелерді синтездеудің негіздерін білуі тиіс;

- ақпараттық жүйелерді қою мен алгоритмдеу кезінде жүйелік талдаудың әдістерін пайдалана алу, ақпараттық жүйелердің концептулды модельдерін анықтайтын болу.