Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Downloads / Дәріс 11

.pdf
Скачиваний:
33
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
92.98 Кб
Скачать

Модуль 4.

Дәріс 11 Тақырып: «Мұнай өндірудің газлифтілі әдісі.» Сұрақтар:

1.Газлифтілі пайдаланулың жалпы жағдайлары.

2.Газлифтілі ұңғымалардың конструкциясы.

3.Газлифтілі ұңғымаларды іске қосу.

4.Газлифт клапандары.

1.Газлифтілі пайдаланулың жалпы жағдайлары.

Қабаттан келетін немесе жер үстінен нығыздалып айдалынатын газ, галифтілік әдіспен пайдалануымызда, ұңғыма өнімінің ағынына қосылып беріледі. Бұл кезде, газсұйық қоспасының тығыздығы кішірейіп, түбіндегі қысымы, берілген өнім шығының алуды және жинақ пункітіне тасмалдауға, жететіндей болады.

Галифтілік пайдалану әдісінің, басқа механизацияланған әдістерден, ерекшілігі келесіде: құрал-жабдықтарының және оларды қолданудың қарапайымдығы; жөндеу аралық мерзімінің быраздылығы; пайдалану коэффицентінің және сұйықты шығару (өнімінің) шығымының молдығы (бірнеше ондық өлшемінен 1800м/таул-дейін); көлбеу ұңғымаларда пайдалану мүмкінділігі; ұңғыма өнімінде, газдың болғанына немесе құмның болғанына, қарамайтан әдісті қолдану мүмкіндігі. Әдістің жетісіздіктеріне, келесілер жатады - алғашқыда газбөлетін жүйелерді немесе компрессорлық, станция салу үшін, күрделі қаржыллындырудың көп мол болғандығы; түптегі қысым аз болған жағдайда, пайдалы әсер коэффиценттігінде (ПӘК) аз болғандығы; меншікті энергия шығынынын үлкендігі. Сондықтан, галифтілік әдісті, қабат қысымы және көлемі үлкен кен орындарда, өнімділік коэффициенті біршама үлкен ұңғымаларда, пайдалынған жөн.

Газлифтің жұмыс істеу принципі Газды қысыммен, құбырлар арасындағы ортаға (сақиналы, кольцевое)

айдаған кезде, сұйықтар төмен ығыстырылып, кіші диаметірлі СКҚ және үлкен диаметрлі, бекітілген пайдалану (эксплуатационные) құбырларда сұйық, бір шама деңгейге көтеріледі. Бұл жағдайда, сұйық қоспасының деңгейі статистиканың деңгейінен жоғары болады. Сондықтан, ұңғыма түбіндегі қысым өсіп, сұйықтың біразы қабат ішіні қайтадан енеді. Кез келген уакытта, айдап жатқан газдың қысымы гидростатиқалық (деңгейден жоғары көтерілген биіктікпен) қысым мен сипатталады.

Яғни, айдап жатқан газдың, қысымы ұлғайған сайын, деңгейлер арасындағы биіктікте ұлғайады.

Газдың шығыны, бір қалыпты болған жағдайда, қысым алғашқыда тез өседі, ал сосын ақырын өседі. Мұны - СКҚ мен үлкен диаметірлі пайдалану құбыр жақтағы сұйықтың деңгейі өскен сайын - ∆h, қабатқа енетін сұйықтың көбейуімен түсіндіреміз.

Практикада келесі көтергіштер түрлерін қолданады:

1)Бірқатарлы, құбыр сақиналары арқылы жұмыс агенті берілетін;

2)Егер ұңғыма өнімі үлкен шығымды және оның ішінде тоттану әрекетіне немесе құбірлар сақинасында жиналып қалатын түздар мен асфалтты-смолалы заттар болмаған жағдайда - бірқатарлы, СКҚ

байымен агент берілетін; Екіқатарлы - ұңғымадағы бегітілген құбырда саңылақ болғанда немесе

құм болғанда.

Егерде, сығылған газ берілетін СКҚ-ға құм келетін болса, ол құбырға диаметрі кішірек қүйыршық (хвостовик) бегітіліп жіберіледі (13-сурет). Бұл қүйыршық, қоспаның қозғалу жылдамдығын, құбыр тізбегінің, басында ұлғайтып, құм мен судың ұңғыма түбінде жиналмай сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.

Сурет 13. Екіқатарлы көтергіштің схемасы.

- көтергіштің ұзындығы; h' - көтергіштің динамикалық деңгейге бататын тереңдегі.

Мұнай өнімін алу үшін үздіксіз галифтілік әдісінде, сығылған газды жер үстінен беру, үшін қолданылып, пайдалынатын, Л-типті (тік ұңғымалар үшін), ЛН-типті (көлбеу бағытты ұңғымаларға арналған) қондырғылар -

газды сақиналар (кольцевое) арқылы айдап беретін, бір-қатарлы көтергіштер, қабылдау клапаны мен, пакер мен және сильфонды Г-типті клапан мен жабдықталған. Сонғы жабдықтар арқылы, ұңғыманы автоматты түрде жіберіп, керекті режимде пайдалану үшін қолданылады. Галифтілік клапандер, СКҚ көтермей ақ, канатты техника жабдықтарының көмегімен орнына салынып, алынады. СКҚ - (сорапты-компрессорлық құбірлардың) диаметрі 60, 70 және 89мм болады, сұықты алу шығымына 120, 300 және 700 м3/тауел, сәйкес келеді.

Газлифтің түрлері Компрессорлы және компрессорсыз, галифтілік пайдалану әдістерді

ажыратамыз. Бірінші жағдайда, агент, компрессорлық станцияларда сығылып (нығыздалып) дайындалады, ал екінші жағдайда, агент ретінде кен орының газы, табиғи қысыммен беріледі. Компрессорсыз галифтілік әдіске - ұңғыма ішіндегі газлифт әдісі жатады. Бұл әдісте, мұнайды көтеру үшін, өсы ұңғыманың өзімен ашылған газды қабатының газ энергиясы қолданылады.

Үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл пайдалану режимдерін айырамыз. Мезгіл-мезгіл пайдалану режимінде, ұңғыма бір мезгіл тоқтатылады, бұл ауқыттың арасында, сұйық көтергіште жиналғаннан кейін, ұңғымаға қысыммен агент беріліп, жер бетіне, мезгіл-мезгіл үрленіп шығарылады.

Өндірістегі компрессорлық станциялар, негізінді поршындық ГКМ және ГКН типті газмотокомпрессорлар және үлкен өнімді ортадан тепкіш компрессорлар мен жабдықталған. Ұңғыманы игеріп, жіберу үшін және кейбір жөндеу жұмыстарын істеу үшін, қозғалмалы компрессорлық установкалар колданылады - 1,6-4,0МПа қысым мен 3,5-54м3/мин шығын мен агент айдайтын. Олар шаналарда, гусеницалы арбаларда, автоприцептерде орнатылады.

Компрессорлық және компрессорсыз галифтілік әдістерде, жұмыс агентісін алдын ала дайындау қажет: газдан көмірсутекті фракциясын және конденсатын айырады, неге десеніз олар, гидраттардың пайда болуына ықтимал жағдай жасайды. Коррозия шақыртатын, механикалық коспалардың, күкіртсутекті және басқа қоспалардан, айырып дайындайды.

Гидраттың пайда болуына қарсы күрес үшін, ең қарапайым әдіс-газды 950(С-қозғалмалы қыздыратын қондырғылар арқылы, (150000м3/тауел.), ұңғыманың сағасына, газқұбырының бойына немесе газбөлетін пункіті басынан, қыздырып айдайды.

Газ, компрессорлық станциялардан немесе газ дайындайтын комплекстен, газбөлініп таралатын пункітке, бағытталады. Мұндай пункіттер біреу немесе бірнеше блоктардан құрастырылған, газ бөлетін ГР5-14 типті батарейден тұрады - 14 ұңғымаға арналған. Газ шығымын, қолмен (инелі вентилдерді пайдаланып) немесе автоматты түрде (мембранды механизымы бар клапандер) реттеніп, қысымы өлшенеді. Бұл пункіттерде, бір жерден (бір ортадан) ингибиторларды, беттік әрекетті заттарды, (БӘЗ), т.с.с. қосу үшін, дозалік (аз мөлшерлі) сораптарды қойып пайдаланады.

Газлифтілі ұңғыманың жабдықтары

Жіберуші қысымның мәнінен, жұмыс қысымының мәні, әр уақытта кіші болады, неге десеңіз, ұңғымадағы динамикалық деңгей, статикалық деңгейден төмен болады. Сондықтан да, жіберуші және жұмысші қысымын келтіріп, галифтілік ұңғыманың тиімды, жұмыс істеуі үшін, өнеркәсіпшілікте энергия көзінің болуы қажет. Шындығында, кейбірде компрессорлер тобын қойып, жіберуші қысымның мөлшері, ұңғыманы іске қосуға, жеткілікті болу үшін. Мұндай жағдайда, газды бөліп тарататын батареяға, екі желіс әкеп қосады: жіберуші және жұмысші қысымдарына арналған. Кейде ұңғыманы іске қосу (жіберу) үшін, қозғалмалы компрессорлық қондырғыларды қолданады. Көбінде, жіберуші қысымын азайтатын тәсілдерді қолданады. Ең көп тараған әдіс (тәсіл), жіберуші клапындер арқылы, жіберуші (іске қосу) қысымын азайту. Жіберуші клапындер 1 СКҚ тізбегінің ішінде, әдейі арналған камерада (қалтада), орнастырылады. Бұл клапандер, көтергіш құбырдың башмағы мен сұйықтың, статикалық деңгейі аралығына қойылады. (14a-сурет). Бірінші клапынның, қойылатын тереңдігі, айдап жатқан газдың қысымы, сұйықты осы клапынан 20м төмендікке тұсірген мерзімді, қамтамасыз ету керек.

Сурет 14. Галифтілік ұңғыманы жіберу үрдісінің схемасы. статикалық деңгей.

Газ СКҚға, ашық клапан арқылы, айдалып кіріп, сұйықты газдандырады, онда, пайда болған қоспаның деңгейі көтеріліп, ылақтырма желісінен асып аққанда, СКҚ ішіндегі қысым, бірінші клапын деңгейінден төмендеп түсіп, ұңғыма, түбіндегі кысымы өзгермейді (клапынның өткізгіштік қасиеті компрессордың өнімділігімен аз болғандықтан. Сондықтан, түптегі қысым азайған сайын, сақина ортасындағы сұйықтың деңгейіде түседі. Енді, СКҚның ұлғайған интервалында сұйық газданып, сағадан асып қүйылады. Ол түптегі қысымды, тағыда азайта түседі.

Соседние файлы в папке Downloads