Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

dek_lektsii / Дәріс 12

.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
15.93 Кб
Скачать

Мамандардың есептеуі бойынша, Украинада жыл сайын 120 млн тоннадан аса қатты органикалық қалдықтар шығады, оның әр тоннасы 300-800 м3 биогаз бөле алады. Қалдықтың барлығын қайта өңдегенде 36-75 млрд. м3 биогаз немесе оны метанмен есептегенде жылына 70 млрд. м3 метан бөледі. Қазіргі уақытта Украинада табиғи газға деген қажеттілік 70 млрд м3 болғанда, бары 20 млрд м3 газ өндіреді. Қоқыстың потенциалының жартысын пайдаланудың өзі газды сатып алудағы шығындарды азайтуға, экологиялық проблемаларды шешуге және жоғарысапалы тыңайтқыштарды алуға мүмкіндік берер еді. Кейбір авторлардың мәліметі бойынша биогаздың бағасы органикалық қоқыстардың биоконверсиясының табысының 20%-ын құрайды, ал қалған 75 %-ы жоғарысапалы тығайтқышты пайдаланудан, қоршаған ортаны қорғаудан жіне т.б. түскен табысты құрайды. Биоконверсия нәтижесінде алынған арамшөпдәндері мен гельменттері жоқ тыңайтқышқа фосфор, калий және т.б. минералдар тыңайтқыштың қолданылу мәдениетіне байланысты салынады. Мұндай жағдайда тыңайтқыштың шығыны 60 тонна өңделмеген күбір орнына 1-5 тонна қолданылады.

Тәулігіне жануарды тұрақты күтімде үстаған кезде күбірден келесі мөлшерде биогаз алуға болады: ірі қара мал – 1,5; шошқа – 0,2; тауық, қоян – 0,015 м3.

Ертеректе орындалған ғылыми-техникалық, конструкторлы-технологиялық жұмыс пен бөлек агрегаттар өндірістік қолданылуының тәжірибесі негізінде практикада жүзеге асыру үшін биоэнергетикалық кешен жасалды, ол өз ішіне биологиялық өңдеудің жаңа технологиясы, яғни, құс фбрикаларының, ірі қара мал және шошқа күбірін метан арқылы ашытып, жоғары сапалы органикалық тыңайтқыш пен биогаз алуда қолданылады.

  Метан көмегімен ашытудың жаға технологиясы азотпен қанықтыру және байланыстыру үшін өнімдерді қосымша өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді, бұның нәтижесінде тыңайтқыштың сапасы мен топырақ өнімділігін арттырады. Соған байланысты шаруашылықтың қымбат минералды тыңайтқыштар сатып алуға деген шығындары азаяды. Баспаларда кейбір кездерде ет пен сүт өндірісіне қарағанда, жоғары сапалы органикалық тыңайтқыштарды өндірген артық делінеді.

Метантенкада өндірілетін биогаз құрамында 65-85 % күкіртті байланысы бар метан болады. Технологиямен мынадай процесстер алдын алынған, компримирование, салқындату және биогазды тазалау. Товарлы биогаз жобаланып жатыран электроэнергия шығарылымы бар газодизельді электроагрегаттарда отын ретінде қолданылады, ал биогаздың қалғаны басқа тұтынушыларға беріледі немесе су жылытуда қолданылады. энергокещеннің технологиялық қажетіне қозғалтқыштардан өңделген жылуы және қозғалтқышты салқындату жүйесінің жылуыпайдаланылады.

Орындалған есептеулер малшаруашылық комплексінде 12000ірі бас малдан 65 куб.м биогаз/сағ алуға болатынын көрсетті. Одан сағатына 140кВт энергия өндіріліп, жылыту қондырғысына жылу және де басқа тұтынушыларға 3 м3/сағат су берілді. Бағалау бойынша шаруаға барлық қажеттіліктерін өтеп сонымен қоса үштен бір бөлігін басқа да шаруаға жіберуге болатынын көрсетеді.

Берілген биоэнергетикалық модуль келесі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді:

  • Жеке шарулықты электроэнергиямен қамту;

  • түптің көбеюі (15-25 %-ға);

  • жоғары сапалы экологиялық таза тыңайтқыштың экспорты;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • фермалардың санитарлы – гигиеналық жағдайын камтамасы ету;

    Биогазды қондырғыларды қолдану тиімділігі биогазды энерготасушы ретінде өзгерту әдісімен анықталады. Биогазды қолдануды келесі бағыттар бойынша белгілеуге болады:

  • суды ысыту және тұтынушылар мен технологияларға тарату үшін жағу;

  • биогазды нормативті-техникалық документация бойынша дайындап, газ реттегіш жүйемен тұтынушыларға тарату( табиғи газбен араластыру);

  • тазарту, кептіру, газды балонды көліктерді, тракторларды және де басқа ауылшаруашылық көліктерді биогазбен толтыру және сығу, ;

  • электроэнергияны өндіру;

  • биомассаны алу және т.б..

    Биогазды пайдалану бағыты әр шаруашылық үшін әр түрлі. Қазіргі таңда негізгі сұрақ шаруашылықты электроэнергиямен қамту болып табылады.

4 м3/сағ осындай көлемде жылулық айналмалы суды 30-дан 70оС дейін ысытуға мүмкіндік береді, бұл технологиялық мақсатта метантенканы 3 м3/сағ ысытуға, ал 1 м3/сағ басқа тұтынушыларға арналған. Көрсетілген санақ әр мауысымға арналады, себебі қысқы мезгілде жылуды метантекке көп деңгейде берілу керектігі.

Нақты электроэнергиямен жылудың қатынасы тұтынушылардың қажеттіліктерімен реттеледі.

Соседние файлы в папке dek_lektsii