Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дарис / Дәріс 7

.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
36.86 Кб
Скачать

Дәріс 7. Динамикалық есте сақтау құрылғысы

Динамикалық жадының ұяшықтары (DRAM) өздерiнде заряд жинайтын микроконденсатор ретiнде қарастыруға болады. Бұл өте көп тараған және тиiмдi жазулар. Бұлардың көпшiлiгi деректердi жазу жылдамдығы жай орындауға және оларды зарядтап отырып, деректердi тез өшiрiп алуымыз мүмкiн. Сондықтан онда үнемi регенерация (зарядтандыру) процесi болып отырады.

Оперативті жады деректi сақтауға арналған, кристалл ұяшықты массивi болып олардың көп түрi бар. Бiрақ физикалық жұмыс iстеу процесiне байланысты олар динамикалық (DRAM) және статистикалық (SRAM) болып бөлiнедi. Динамикалық жадының микросхемасы негiзгi жедел жады ретiнде пайдаланылады. Статистикалық жадының микросхемасы көмекшi (кэш - жады) ретiнде қолданылады. Әрбiр жадының ұяшығының өз адресi болады, ол санмен белгiленедi. Қазiр Intel Pentium процессорында 32 – разрядты қолданылады бұл 232 – тең деген сөз. Яғни бұл тiкелей адрестеу 232 = 4294967269 байт (4,3 гбайт) – қа тең. Бiр адрестеген ұяшық сегiз екiлiк ұялардай тұрады, онда 8 бит, бiр байт мәлiмет сақтауға болады. Компьютер оперативті жадының саны өзгерiп отырады. 80 жылдардың ортасында 1 мбайт үлкен болып көрiнсе, 90 – жылдары 4 мбайт, 90 ортасында 8 мбайт, сосын 16 мбайтқа көтерiлдi. Қазiр 32 – 64 мбайт, болса келешекте ол 2 – 4 есе жоғарылайды. Жадының конструкторлық модулiнде орындаудың екi түрi бар. Олар: бiрқатарлы (SIMM - модул) және екiқатарлы (DIMM - модул). Компьютерлердiң Pentium процессорында бiрқатарларында жұп ретiнде (2,4,...), ол DIMM – модулiн бiреуден ғана орнатуға болады. Жедел жадының модулiнiң негiзгi сипаттамасы оның сақтау көлемi мен қатынау уақыты. SIMM – модулдер көлемдерi 4, 8, 16, 32, мбайт, ол DIMM – модулдер – 16, 32, 64, 128 мбайтқа тең. Қатынау уақыты SIMM – модулдiкi 50 – 70 нс, ол DIMM – модулдiкi 7 – 10 нс.

КЭШ жады компьютер өнімділігі артуына арналған құрылғылардың бірі. Кэш жады жадының бір түрі болып әртүрлі тез әрекетті замандас компьютерлерде қолданылып ( ағылшынша . cache - құпия орын , қойма ) деген мағынаға ие. Кэш жады есте сақтайтын құрылғымен немесе буфермен келеді. КЭШ жады оқуға - жазуға арналған қатты дисктің айналдыру санын қысқартады , дәл осылай оған сақтайды. Процессор жағынан оқу процес қайталауларын талап етпейді немесе басқа хабар өңдейді .КЭШ жадының екі түрі бар болады : ішкі ( 8-ден 64 кбайт ), орналастырылушы процессор ішінде және сыртқы ( 256 кбайт-тан 1 Мбайт ),ол жүйелік платада орналастырылған.

ТЖҚ, BIOS және CMOS микросхемалары

Компьютердi қосқан кезде оның ішкі жадысында ештеңе жоқ- деректер де, бағдарламалар да, өйткенi оперативті жады ұяшықтардың секундтың жүзден бiр бөлiгiндей зарядынсыз ештеңе сақтай алмайды, бiрақ компьютерді қоса салған сәттен бастап процессорға бұйрықтар керек. Сондықтан, қосылған сәттен кейiн процессордың адрестiк шинасынан бастапқы адрес шығады. Процессор қойылған адрес бойынша өзiнiң алғашқы командасына оралады да, өзiнiң бағдарламаларымен жұмыс iстеудi бастайды. Iшiнде әзiрше еш нәрсе жоқ оперативті жады алғашқы адреске сiлтей алмайды. Ол басқа тұрақты жадыға сiлтейдi. Тұрақты жадының микросхемасы компьютер сөніп тұрған кезде де ұзақ уақыт бойы ақпаратты сақтай алады. Тұрақты жадыдағы бағдарламаларды қорғалған. Оларды онда микросхеманы дайындағанда жазады. Тұрақты жадыдағы бағдарламалар негізгі оқу/жазу жүйесін құрайды (BIOS- Basic Input/Output System). Бұл бағдарламалар жиынының негiзгi мақсаты компьютердің сыртқы құрылғылармен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн, оның пернелiк тақтамен, монитормен, қатты және жұмсақ дискiлермен дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. BIOS – қа кiретiн бағдарламалар бiзге компьютердiң қосылуымен бiрге көрінетін экрандағы диагностикалық мәлiметтердi қарауды және пернелiк тақтаның көмегiмен қосылуға араласуға мүмкiндiк бередi. Жоғарыда бiз пернелiк тақта сияқты стандартты құрылғылардың жұмысы BIOS – қа кiретiн бағдарламалардың көмегiмен жүзеге асырылатынын көрдiк, бiрақ ондай нәрселермен барлық мүмкiн құрылғылармен жұмыс iстеудi қамтамасыз етуге болмайды. Мысалы BIOS - ты дайындаушылар бiздiң қатты дискiлер мен кейбір жұмсақ дискiлердiң параметрлерi туралы ештеңе бiлмейдi, оларға кездейсоқ есептеуiш жүйенiң құрамы мен қасиеттерi туралы еш нәрсе де белгiсiз. Басқа құрылғымен жұмысты бастау үшiн BIOS – тың құрамына кiретiн бағдарламалар керектi шамаларды қайдан табуға болатынын бiлуi тиiс. Белгiлi себептермен оларды оперативті жадыда да, тұрақты жадыда да сақтауға болмайды.

Динамикалык есте сақтау құрылғылары өз күйін тек белгілі бip уақыт аралығында сақтайтын, сол себептен кейін дүркін-дүркін қалпына келтіріп отыруды талап ететін есте сактау элементі негізінде жасалады. Динами­калык жартылай өткізгішті ЕСҚ-нын есте сактау эле­менті конденсатор болады да, ақпарат зарядтың бар-жоқтығымен сақталып отырады. Зарядтың шығындалуына орай есте сақтайтын конденсаторда ол азаяды, сондықтан зарядтың орнын толтыру үшін есте сактайтын конденсаторды дуркін-дуркін қорек көзіне қосып отырады.

Динамикалық жады DRАМ казіргі кездегі компьютерлерде әдетте жалпыға арналған жедел жады ретінде, сондай-ак бейнеадаптер жадысы ретінде колданылады.

Қазіргі кездегі және перспективті ДК-де колданылатын дннамикалык жады түрлеріері: DRАМ, FРМ DRАМ, ЕDО DRАМ, ВЕDО DRАМ, ЕD RАМ, CD RАМ, Synchronous DRАМ, DDR SDRАМ және SLАМ, бейнежады: МDRАМ, VRАМ, WRАМ, SGRАМ, RDRАМ және т.б.

Соседние файлы в папке Дарис