Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
179.21 Кб
Скачать

1-т а қ ы р ы п ЖЕР ҚҮҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Жер қуқыгының қуқық саласыретінде, гылым саласыретінде және оку пәні ретінде түсінігі.

  2. Жер қуқыгының пәні. Жер қуқық қатынастары: тусінігі, объектісі, субъектісі және түрлері.

  3. Жер қуқыгының әдістері және жуйесі.

  4. Жер қуқыгының қагидалары.

  5. Жер қуқыгының басқа қуқық салаларымен байланысы және ара- қатынасы.

1. Жер құкығының қүқык саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі

Адам коғамыныңбарлықөмірінде, оның қалыптасуы мен да- муында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер — табиғаттын берген сыйы ретінде. адам коғамының пайда болуына дейін болған. Бірақ, жер өзінің еңбектің жалпы заты кызметін аткаруы үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі кажет және өндірістік процесін жүзеге асыруы кажет.

Қазіргі кезде жердің экономикалык маныздылығы өте жоға­ры деңгейде. Жер адам коғамының кез келген шаруашылык кызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалык касиеті- мен катар, экологиялык маңыздылығында ескеру кажет. Жер — коршаған ортанын ажырамас бөлігі, табиғи ресурс.

Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін кажетті және басты материалдык ресурс болып табыдады. Аталған бұл термин көп кырлы болып табылады және бірнеше мағынада колданылады:

    1. Жер кең магынада алғанда жер шары ретінде түсініледі.

    2. Жер — адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлык- тардан, жер бедерінен, ландшафттардан кұралатын Жер шары- ның кабаты ретінде.

Жер кұкығы аталған талаптардың барлығына жауап береді, сол себептен жеке дербес кұкык саласы болып табылады. Соны­мен, жер кұкығының бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілері бар:

      1. Жер кұкығы катынастарының калыптасуы және дамуы;

      2. Жер күкык катынастары саласындағы зандардың калыпта­суы мен дамуы;

      3. Қалыптаскан жер кұкык катынастарының мемлекет тара- пынан реттеу механизмінің болуы;

      4. Жер кұкығының өзіне тән кағидаларынын болуы.

Казіргі танда жер кұкығын бірнеше мағынада түсінуге бола-

ды. Олар: жер кұкығы кұкык саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оку пәні ретінде.

Куқық саласы ретінде жер қщыгы дегеніміз - жерді пайдалану мен корғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану кұкығына берумен байланысты туындайтын коғамдык катынас­тарды реттеуғе бағытталған кұкык нормаларының жиынтығы.

Ғылым саласы ретінде жер қщыгы дегеніміз — көптеген ғылыми теориялардын, тұжырымдардын, ой-пікірлердің жөне әртүрлі ғылыми көзкарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың максаты - ғылыми түрғыда жер кұкығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі карай даму жолына болжам жасау. Со­нымен бірге, жер катынастарын кұкыктык реттеудегі актандак- тарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы сала- дағы зандардын өзара карама-кайшылыктарын жою болып та­былады.

Оку пәні ретінде жер қщыгы - дәрістік және тәжірибелік са- бактардың жиынтығы, яғни, жер кұкығы ғылымының негізгі ережелерінін белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

2. Жер құқығының пәні. Жер қүкық катынастары: түсінігі, объектісі, субъектісі және түрлері

Жер күкығының пәні дегеніміз - жер кұкык нормаларымен реттелген коғамдык катынастардың жиынтығы, яғни жер күкык катынастары. Жер кодексінің 12-ба- бының 10) тармакшасына сэйкес, жер күкық катынастары деге­німіз - жерге меншік күкығын және өзге де күкыктарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын баскаруға, жекелеген субъек- тілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайда­лану мен корғау жөніндегі катынастар болып табылады.

Жер қүкык катынастарының өзіне тән белгілері:

  • бүл катынастар жерді пайдалану мен корғауды камтамасыз етуге бағытталған;

  • бүл катынастар жерді меншік объектісі, пайдалану объектісі, аумактык кеңістігі және табиғат байлығы ретінде карастырады;

  • бүл катынастар жер күкық нормаларымен катар, озге де күкыксалаларының нормаларымен реттеледі;

  • бүл катынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен катар, жер учаскесінде орналаскан жылжымайтын мүлікті де пай- даланумен байланысты катынастар;

Жер күкык катынастарының да өзге қүкык катынастары си- яқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі және мазмүны бо- лады. Жер күкык катынастарынын объектісі ретінде Казакстан Республикасынын жер коры, жер учаскесі жөне жер үлесі танылады.

Жер коры Казакстан аумағының барлык жерлерінің жиын­тығы. Казіргі жер коры нысаналы максатына сәйкес, жеті санат- ка бөлінеді:

  1. ауыл шаруашылығы максатындағы жерлер;

  2. елді мекендердін (калалардың, кенттер мен ауылдык елді мекендердін) жері;

  3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, корғаныс және өзге де ауыл- шаруашылығы максатына арналмаған жерлер;

  4. ерекше корғалатын табиғи аумақтар, сауыктыру максатын­дағы, рекреациялык және тарихи-мәдени максаттағы жер;

  5. орман корының жері;

  6. су корыныңжері;

  7. босалкыжері;

Казіргі кезде республикада көпжылдык екпелер 121,8 мың гектарды, онын ішінде: бактар — 97,6 мың гектар, жүзімдіктер - 13,7 мың гектар жерді алып жатыр. Жер реформасы жылдары көпжылдық екпелер ауданы 41,4 мың гектарға немесе 25%-ға, оның ішінде есепті жылда - 1,2 мың гектарға кеміді.

Республикада жер реформасын жүргізу мемлекеттік монопо- лиянын жойылуына және жерге жеке меншік кұкығының бірте- бірте таралуына алып келді. Азаматгар мен мемлекеттік емес заң- ды тұлғалардың жеке меншігінде жалпы көлемі 589,9 мың гектар 3 миллионнан астам жер учаскелері бар.

Жер күкығы катынастары субъектілерінің кұкык келемі мы- надай жағдайларға тәуелді болады:

  • субъектінің түріне;

  • субъектінің заңи маңызы бар әрекетіне;

  • аталған жер кұкығы қатынастарының ерекшелігіне;

  • кұкык катынастары субъектісінің өз функциясын жүзеге асыру жағдайына байланысты болады.

Жер кұкығы катынастары субъектілерінің катары, мазмұны және олардың кұкыктарының ара-катынасы елдегі жер саясаты және әлеуметтік-экономикалық кайта кұрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады.

Кеңес одағы кезінде мемлекет жерге меншік кұкығы катынас­тарының айрыкша жеке субъектісі болғаны бәрімізге аян. Ал, жерге жеке меншік институтын енгізген соң жерге меншік кұкығы катынастарынын субъектілері қатарына жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес занды тұлғалар косылды.

Жалпы, жер күкығы катынастары субъектілерінің барлык күкык түрлері субъективті сипатка ие болуымен катар, субъек- тінің еркіне толыкіәуелді болып табылады.