Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Buxxx.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
127.49 Кб
Скачать

6М050508 - Есеп және аудит

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан

БАҒДАРЛАМАСЫ

«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні

Бухгалтерлік есептің теориясы

Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның мэні мен маңызы, міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны пайдаланушылардың жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жетілдіруге (дамытуға) әсер ететін факторлар. Қазақстан Ресапубликасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі және оның дамуы. Бухгалтерлік есептегі этика. Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудін, элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: толассыздық, есептеу принципі, Үздіксіз қызмет ету принципі, екі жақгы жазу ақшалай елшеу принципі, құпиялылық принципі. Қаржылық және шаруашылық процестері. "Шаруашылық операциялары" жайлы түсінік.

Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрыльшы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік тендеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі (негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.). Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы. Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айңалым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары.

Есептік цикл. Шаруашылық операцияларын бағалануы мен жіктелінуі. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. (Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Журналдағы бухгалтерлік жазуларды бас кітаптың шотта-рына кешіру. Айналым ведомосты-бухгалтерлік іс-әрекеттердін бақылаушы құралы. Мерзімдік шоттардың жобылуы. Сынама (тексеру) балансы. Трансформациялық кестелерді құру кезеңдері. Қорытынды баланс.

Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.

Активтердің есебі.

Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.

Дебиторлық борыштын танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық қорлардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойын-ша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы.

¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардың атқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы). Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс). Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]