Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24063.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
260.61 Кб
Скачать

Әдістемелік нұсқаулар

мен ұсыныстар

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Есеп және аудит кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бойынша

050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерттеу бойынша

Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды бекіту парағы

Нысан ПМУ ҰС Н

7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

______________

Н.Э. Пфейфер

20 ж. «__»___________

Құрастырған: аға оқытушы Темірғалиева А.Б.

Есеп және аудит кафедрасы

«Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәні бойынша

050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

пәнді зерттеу бойынша

Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

Кафедра отырысында ұсынылған 200 ж. «____»________№_____хаттамасы

Кафедра меңгерушісі ________________ Р.И. Смагулова

Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

200 ж. «_____»______________№_____хаттамасы

ӘК төрайымы______________ Л.А. Сидорова

ЖжОҮӘКБ МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжОҮӘКБ бастығы _____________ Варакута А.А. 20 ж. «____» ________

20_ж. «_____»______________ университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды №____ хаттамасы

Тақырып 1 Ақпараттық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктеленуі. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі. Бухгалтерлік есептегі этика.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз нақты бір шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект туралы қаржылық ақпаратты жинап, өндеп, пайдаланушыларға беретін жүйе.

Шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъект – бұл мақсаттардың орындалуына бірігіп жұмыс істейтін адамдар тобынан тұратын ұйым.

Бухгалтерлік ақпарат пайдаланушылары келесідей бөлінеді: бірінші топ топ – ішкі пайдаланушылар (әкімшілік, меншік иесі, директорлар Кеңесі, менеджердер, кәсіпорындардың басшылары т.б.); екінші топ – тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (инвесторлар, несиеберушілер); үшінші топ – тікелей емес қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушылар (салық органдары, реттеуші органдар т.б.)

Есеп жүйесінде қалыптасатын ақпарат маңызды басқару шешімдерін қабылдау процесінің негізін құрайды, және келесі функцияларды іске асыру үшін сандық ақпаратты қамтамасыз етеді:

Бухгалтерлік есептің екі негізгі құрылымдық бөлігі бар:

  • қаржылық есебі – бұл кәсіпорынның іс-әрекеті және қаржылық жаағдайы туралы бар есептік ақпаратының бөлігі;

  • басқару есебі - өндіріс процесімен тікелей байланысты және қаржылық есебінің жалғасы. Басқару есеп жүйесінде жинақталған, өндірілген және жүйеге келтірілген ақпарат басқару қызметкерлерінің ішкі қолдануына кәсіпорын іс-әрекетін талдау үшін, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану үшін арналған.

Бухгалтерлік есеп әдісінің келесі негізгі элементтері бар: құжаттау, түгендеу, шоттар мен екі жақты жазу, бағалау, бухгалтерлік баланс, есеп беру.

Бухгалтерлік баланс дегеніміз нақты белгіленген мерзмге қарай мүліктің түрі (құрамы) мен орналасуы және олардың қорлану көздері бойынша экономикалық топтастыру тәсілі. Осы сәтте, баланста мүлік екі жақтан қарастырылады: түрі мен орналасуы және қорлану көздері бойынша.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Бухгалтерлік есеп: анықтамасы, ақпарат пайдаланушылары, түрлері, функциялары және әдісінің элементтері.

2 Бухгалтерлік есептің заңнамасы.

3 Қазақстан Республикасында шаруашылық іс-әрекет жүргізілетін ұйымдар.

Әдебиет

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

  3. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

Тақырып 2 Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары

Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі. Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Шаруашылық субъектінің активтері, міндеттемелері және меншікті капиталы, табыстары және шығындары. Қаржылық есеп берудің элементтерінің бағасы. Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамасы. «Шаруашылық операциялары» жайлы түсінік.

Бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамалары Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бекіткен концептуалды негізінде қарастырылады.

Бухгалтерлік есептің келесі негізгі қағидалары бар:

  • есептеу қағидасы. Бұл қағида бойынша тауарлар және көрсетілген қызметтер , орныдалған жұмыстар үшін алынған табыстар немесе қойылған талапты айтады. Қойылған талап дегеніміз ақша қаражаты алынуға тиісті берілген шот;

  • дербестік принцип. Меншік иелігіне қарамастан әрбір немесе кез-келген ұйым бухгалтерлік есеп шоттарын қолданып, есепті жүргізуге міндетті;

  • үздіксіз іс-әрекет қағидасы. Өз қызметін атқарып келе жатқан ұйым жақын арада жойылмай белгісіз уақытқа дейін іс-әрекетін жалғастыра бермек;

  • консервативтік принцип.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қаржылық есеп түсінігі, негізгі элементтері

2 Бағалаудың түрлері (алғашқы, ағымдағы, нарықтық, дисконтталған, сатудағы құны және т.б.)

3 Қаржылық және шаруашылық процестері.

4 Шаруашылық операциялар түсінігі

Әдебиет

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Тақырып 3 Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы. Бухгалтерлік баланстың түрлері. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік теңдеу. Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері.

Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:

Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.

Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.

Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.

Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.

Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.

Баланстың сол жағы (формаға қараңыз)–актив өзіне екі бқлімді қосып алады. І бөлім–« а ғымдағы активтер» ІІ бөлім «ұзақ мерзімді активтер».

Бухгалтерлік баланста субъектінің белгілі бір мерзімдегі ресурстарының мөлшері көрініс береді (есептік мерзімнің соңы). Алайда, шын мәнісінде субъект ресурстары үнемі қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін шаруашылық операцияларының ықпалымен олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп отырады. Субъектіде өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары оның ресурстарының көлемі мен құрамында, демек балансын да өзгертеді. Сонымен қоса (операция) осы ресурстарда екі жақты өзгеріс тудырады. Мысалы, банктегі есеп айырысу есеп шотынан ақысы тауар–материал игіліктерінің қоймаға түсуі тауар–материал қорының тиісті сомаға ұлғаюына соқтырады және субъектінің банктегі есепайырысу есепшотындағы ақшасын азайтады; шикізаттар мен материалдарды өндіріске беру олардың қоймадағы қорын азайтады және өндіріс шығынын ұлғайтад.

Шаруашылық құралдары мен олардың көзінің өзгеруі баланста соманың баланс статяларына сәйкес ұлғаю немесе азаю түрінде қорытындыланып көрсетіледі.

Шаруашылық операцияларының ықпалымен субъект балансында болатын өзгерістер төрт топқа немесе типке бөлінеді.

Біріншіден типке немесе топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, шаруашылық ресурстарының бір формадан екіншісіне өзгеруіне байланысты туындаған өзгеріс жатады. Олар тек баланс активіне ғана қатысты, шаруашылық ресурстарының (активтің) құрамын өзгеріту, бірақ баланстың жалпы сомасын өзгертпейді (∑А+О-О=∑П. Мұндағы ∑-сома, А–актив, О–операция, П–пассив) мысалы, материалдарды өндіріске жіберу.

Екінші типке немес топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, бір ресурстар көзінің екіншісіне ауысуына байланысты (көздерді қайра білу) туындаған өзгерістер жатады. Олар тек баланс пассивіне байланысты, жекелеген көздердің сомасын өзгертеді, бірақ баланстың жалпы сомасын азайтпайды және актив пен пассив жиынтығының теңдігі бұзылмайды. (∑ А=∑ П+О–О). Мысалы, пайданы басқа да резервтік капиталға жіберу.

Үшінші типке немесе топқа баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, субъектіге жаңа ресурстардың қосылуына байланысты туындаған өзгерістер жатады. Олар баланс активтері мен пассивтеріне қатысты, ресурстардың жекеленген түрлері мен олардың көздерінің сомасы ұлғаюға қарай өзгертеді және баланстың жалпы сомасы осы типтегі жасалған шаруашылық операцияларының сомасына ұлғайтады (∑ А+О=∑ П+О), мысалы, өнім тапсырушылардан материалдардың түсуі.

Өзгерістің төртінші типіне баланстағы шаруашылық операцияларының ықпалымен болған, ресурстардың бірі белгінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығып кетуіне байланысты өзгерістер. Олар баланс активі мен пассивіне қарасты, шаруашылық ресурстарының жекеленген түрелрі мен олардың көздерінің сомасын азайтады және баланстың жалпы сомасын азаю жағына қарай өзгертеді (∑ А-О=∑ П-О). Мысалы, банк несиесін клиенттің банктегі есеп айырысу есепшотынан өтеу.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Баланс түсінігі, түрлері, негізгі элементтері

2 Баланстық тепе-теңдік

3 Балансқа әсер тигізетін шаруашылық операцияылардың түрлері

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  3. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  4. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Тақырып 4 Бухгалтерлік шоттар және шаруашылық операцияларының екі жақты жазу әдісімен көрсетілуі

Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік. Бухгалтерлік шоттардың құрылуы мен мазмұны. Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелуі. Екі жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы.

Шот дегеніміз – бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпаратты сақтау бірлігі. Сондай–ақ, шот ұйымның мүлігі, қаржыландыру көздері және шаруашылық процестермен жүргізілетін операцияларынтіркеу, топтастыру және ағымдағы бақылау жүргізу тәсілі.

Шоттар актвитердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдық, сонымен қатар, табыстар мен шығыстардың әрбір түріне ашылады.

Сыртқы түріне қарағанда шот – бұл екі жақты кесте. Шоттың үлгісі суретте көрсетілген.

Дт (Дебет) Шоттың атауы Кт (Кредит)

Құрылысына қарай бухгалтерлік шоттар екі түрлі болады: активтік және пассивтік.

Екі жақты жазу дегеніміз – ол бір шаруашылық операция екі рет көрініс табады, яғни бір шоттың дебеті бойынша, ал екінші шоттың кредит жағында бірдей сомада. Осы сәтте, шоттар арасында өзара байланыс пайда болады. Осындай байланыс шоттар корреспонденциясы деп аталады.

Шоттар корреспонденциясын дұрыс анықтау үшін арнайы кезеңдерді орындау керек. Осы кезеңдердің орындалуын келесі мысалдың негізінде қарастырамыз.

Бухгалтерлік есеп жүйесінде әр түрлі ақпаратты жинақтау үшін және тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін шоттардың екі түрі қолданылады: синтетикалық және аналитикалық.

Синтетикалық шоттар ұйымның шаруашылық құралдары мен қорлану көздері, шаруашылық процестермен шаруашылық нәтижелері туралы жалпыланған көрсеткіштерінен тұрады. Олар тек қана ақша бірліктерінде жүргізіледі.

Бірақ, ұйымның қаржы – шаурашылық іс–әрекетін басқару барысында жалпыланған көрсеткіштер қажетті ақпаратпен қамтамасыз етпейді. Сондықтан, кез-келген өнімбершуі, сатышалушы, ұйым жұмыскері бойынша мәліметтер талданып көрсетілуі тиіс. Осы сәтте, синтетикалық шоттардың дамуына аналитикалық шоттар қолданылады.

Әрбір шот есептің тек қана бір объектісін сипаттайтын, көрсеткіштер көрініс табады. Барлық есеп объектілерін бір жерге жинақтап, жалпы сипаттамасын алу үшін айналым тізімдемесі қолданылады. Бұл тізімдемеде шоттағы қалдықтар және есептің кезеңдегі айналымдар қортындылары көрсетіледі.

Синтетикалық шоттар бойынша айналым тізімдемесін құрастырғанда басты шарт үш теңдеудің пайда болуы.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Бухгалтерлік шоттар: активтік, пассивтік, топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы

2 Шоттар корреспонденциясы: жай және күрделі

3 Айналым ведомостері, олардың мәні мен оларды құру

4 Шаруашылық субъектілерінің қаржы – шаруашылық қызметінің Үлгі шоттар жоспары

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Тақырып 5 Есептік кезеңмен қаржылық есеп беруді дайындау

Есептік цикл. Кіріспе бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларын тіркеу мен талдау және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі. Қорытыңды баланс.

Әрбір жаңа есептік кезеңді шаруашылық етуші субъект кіру балансынан, яғни есептік кезеңнің алғашқы мерзіміне құрылған баланстан басталады. Шаруашылық операцияларды тіркеу және олардың бухгалтерлік шоттарда көрінісі «Шаруашылық операцияларды тіркеу журналында» жүргізіледі. Бухгалтерлік процедуралардың бақылау құралы болып айналым ведомості немесе сынама баланс табылады. Оны айналымды және барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдықтарды бақылау үшін қолданады.

Бухгалтерлік баланста субъектінің белгілі бір мерзімдегі ресурстарының мөлшері көрініс береді (есептік мерзімнің соңы). Алайда, шын мәнісінде субъект ресурстары үнемі қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін шаруашылық операцияларының ықпалымен олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп отырады. Субъектіде өтіп жататын әрбір шаруашылық операциялары оның ресурстарының көлемі мен құрамында, демек балансын да өзгертеді. Сонымен қоса (операция) осы ресурстарда екі жақты өзгеріс тудырады. Мысалы, банктегі есеп айырысу есеп шотынан ақысы тауар–материал игіліктерінің қоймаға түсуі тауар–материал қорының тиісті сомаға ұлғаюына соқтырады және субъектінің банктегі есепайырысу есепшотындағы ақшасын азайтады; шикізаттар мен материалдарды өндіріске беру олардың қоймадағы қорын азайтады және өндіріс шығынын ұлғайтад.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Есептік циклдың анықтамасы, негізгі кезеңдері

2 Трансформациялық кесте, оны құрастыру тәртібі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  3. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Тақырып 6 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелуі. Есеп регистрлері. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Түгендеу. Есеп саясаты.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке жалпы құқықтық және әдістемелік басшылықты ҚР Қаржы министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі әдістемелік Департамент жүзеге асырады. Соңғы жылдары бухгалтерлік есепті құқықтық және әдістемелік жағынан ретке келтіретің бүкіл жүйесін одан жетілдіру жөніндегі белгілі бір жұмыстар, ол нормантивті құжаттардың төрт деңгейі жүйесін енгізуге көздейді.

Бухгалтерлік есеп сатандарттар–бұл қандай да бір үлгідегі шаруашылық операциясының қалай есепке алынуға тиісті және қаржылық есепке берілген түсіндірме хатта қандай ақпарат ашып көрсетілуі керек екені туралы түсінік беретін ресми ереже.

Есеп саясаты–субъектінің өзі жасап, бекітетін және есеп жүргізу қаржылық есеп дайындау мен тапсыру ережелерді белгіленген ішкі нормантивтік құжат.

Есеп саясатын қалыптастырудың базасы бухгалтерлік есептің стандарттары болып табылады. Бұлар субъектінің шаруашылық операцияларын, активтерін, жеке меншік капиталын, міндеттемелерін, табыстары мен шығындарын көрсетудің баламалы тәсілдерін ұсына алады.

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын тәсілдердің бірін таңдауда, оларды субъект қызметінің жағдайланына қарай негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есеп берудің негізі ретінде қабылдауда маңызды да жауапты іс болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырудың жауапкершілігі субъектінің бірінші басшысының мойнында. Есеп саясатын және ондағы өзгерістерді бекітетін құжат–бірінші басшының бұйрығы.

Субъектінің есеп саясатына мынадай тараулар енуге тиіс:

  • кәсіпорының жалпы сипаттамасы.

  • есеп саясатының жалпы ережелері.

  • бухгалтерлік есеп әдістемесі.

  • бухгалтерлік есеп жүргізу техникасы.

  • бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

Есеп саясатының негізгі аспектілері қаржылық есептің түсіндірме хатында ашылып көрсетілуге тиіс, оған үлкен мән беріледі.

Субъектінің есеп саясаты салық пен бухгалтерлік есеп салалындағы заңдар өзгерген жағдайда, сондай–ақ есеп пен бухгалтерлік есеп ақпараттарының анықтығын арттыру мақсатындағы субъектінің өз шешімі бойынша өзгеруі ықтимал.

Егер есепті кезең ішінде нақ осы саясатта өзгеріс бола қалса, онда оның есептері көрсетілуі керек. Егер бұл өзгерістер елеулі қаржылық және материалдық шығын келтірер болса, онда оларды түсіндіру кезінде мұндай өзгерістердің шығынына баға беру қажет.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Бухгалтерлік құжаттар түсінігі, олардың түрлері және толтыру тәртібі

2 Есептік регистрлер

3 Бухгалтерлік есепте қателерді түзету тәсілдері

4 Есептік саясат

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы, 1998

Тақырып 7 Ағымдағы активтердің есебі: ақша қаражаттары

Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы.

Ақша қаражаттарын сақтау , қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассада материалды жауапты адам – кассир, оны касса операицяларын жүргізу тәртібімен таныстырады және содан кейін онымен материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы шарт жасалынады.

Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі ҚР Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға ақшаны қабылдау кассаны кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кіріс ордер екі бөлектен тұрады: ордер және оның қиынды бөлігі (квитанция). Квитанция ақша салған тұлғаға беріледі.

Кассадан ақшаны беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.

Касса кітабының әрбір парағы мең екі бөліктен тұрады. Оларрдың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі – көшіргі қағаз арқылы толтырылады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады.

Касса операцияларының синтетикалық есебін жүргізу үшін шоттардың Үлгі жоспарының 1010 активтік шоты арналған, ал есептік регистр ретінде №1 журнал-ордер мен ведомость қолданылады, олар кассир есебі негізінде толтырылады.

Қолма-қол ақшаны сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айрысуларды жүргізу үшін кәсіпорындар банкте ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шотты ашады.

Есеп айрысу шотындағы операциялар келесі құжаттар арқылы рәсімделеді:

  • қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама;

  • ақшалай чек;

  • төлем тапсырысы;

  • төлем талап-тапсырысы.

Есеп айрысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 шотында жүргізіледі, ал есептік регистр ретінде №2 журнал-ордер мен ведомосі қолданылады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Кассалық кіріс және шығыс ордерлері, оларды кұру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның еңгізілуі.

2 Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.

3 Ақша қаражаттарының синтетикалық есебі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

  3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы, 1998

Тақырып 8 Дебиторлық борыштардың есебі

Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Алынуға тиісті қосылған құн салығы. Қаржылық есеп беруде ашып көрсету.

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе тауарларын сатып алады, және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айрысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.

Аванс тек басшының жарлығымен (және нақты қажеттілік жеткен кезде) есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберрілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруге тиісті адамдарға берілетін сомалар оны куәландыратын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырылады.

Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, содан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді.

Есеп берруге тиісті адамдар өздеріне берулген аванстарды толық қайтармаса, онда ол сомасы олардың жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталынады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмссалған сома еңбекерлерге кассадан беріледі.

Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабаның тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады.

ҚР аясында іс-сапарда жүргендерге екі айлық есептік көрсеткіш деңгейінде тәулік ақысы төленеді.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Іссапарға шаққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іссапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары ұсынылған құжаттардың негізінде төленеді. Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Дебиторлық берешектің түсінігі, оның түрлері

2 Дебиторлық берешектің синтетикалық және аналитикалық есебі

3 Дебиторлық берешекті түгендеу және қаржылық есепте көрсету тәртібі

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  2. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Тақырып 9 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің үзіліссіз және мерзімді жүйелері. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезендік жүйелерін қолдану. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Тауарлы-материалдық босалқылар дегеніміз –

  • әдеттегі іс-әрекет барысында өткізуге арналған немесе;

  • өндірістік процесте сатуға арналған активтер;

  • өндірістік процесте немесе қызметтерді көрсеткенде тұтынатын материалдар немесе жеткізулер түріндегі активтер;

  • қызметтерді көрсету процесінде тұтынатын босалқылар түріндегі активтер.

Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ) келесі активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар мен материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

ТМҚ есебі Халықаралық қаржылық есеп берудің 2 «Босалқылар»стандартымен реттеледі.

Өндіріс барысында функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Босалқылардың барлық түрлерін есепке алу үшін бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарының 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті шоттары пайдаланады.

Босалқылардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

Материалдық босалқыларды бағалау өзіндік құнымен және өткізудің таза құнының арасындағы ең төмен құнымен бағаланады.

Шикізат пен материалдар ұйым балансында нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құныдылықтар синтетикалық есепте де көрсетіледі, ал аналитикалық есепте – тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі.

Сатылатын таза құнын да, өнімнің өзіндік құнынан да төмен бағасы бойынша материалдық босалқыларды бағалау үшін келесі әдістерді қолдануға болады: баптық әдіс, негізгі тауарлық топтар әдісі, босалқылардың жалпы деңгейі әдісі.

Материалдық босалқылардың бір түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін келесі үш әдістердің біреуін қолдануға болады:

  • орташа өлшенген құн әдісі;

  • алғашқы сатып алу бағалары бойынша босалқыларды бағалау (ФИФО) әдісі;

  • арнайы (бірыңғай) идентификациялау әдісі.

Тауарлы-материалдық босалқылар есебінің үздіксіз және мерзімді жүйелері бар.

Үздіксіз есеп жүйесінде босалқылардың есебі үздіксіз әрбір сатып алу және өткізулер (сатулар) бойынша жазбаларды жасау жолымен жүргізіледі. Сонымен қатар, мерзімді есеп жүйесі қолданылады.

Босалқылардың синтетикалық есебін ұйымдастыру үшін бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарының 1300 «Босалқылар» бөлімінің шоттары пайдаланады.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Тауарлы-материалдық қорлардың түсінігі, жіктелуі

2 ТМҚ бағалау әдістері және оларды салыстыру

3 Кәсіпорындағы тауарлы-материалды қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, 28ақпан 2007 ж. №234-II

  2. Қаржылық есеп берудің №1 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 218

  3. Қаржылық есеп берудің №2 ұлттық стандарты 2007 ж. 21 маусым 217

  4. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

  5. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы,2007.-296б.

  6. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета – М., 1996

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]