Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.11.2011 17:08:08

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысы

 

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 шілдедегі

№ 767 қаулысымен

бекітілген

 

 

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысандарына қарамастан міндетті болып табылады.

3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

багаж түбіртегі - осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;

борт журналы - осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, мөрмен бекітілген және жергілікті атқарушы орган тіркеген, автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткені туралы белгілер қойылады. Борт журналының қолданылу мерзімі оны тіркеген күннен бастап күнтүзбелік бір жылдан аспауы тиіс;

жол жүру құжаты (билет) - осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушының сапарды жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушыны автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын растайтын құжат;

жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) - осы Қағиданың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;

қозғалыс кестесі - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер бар құжат (кесте, графикалық бейне);

қауіпті учаскелер - автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;

маршрут - автобустың, шағын автобустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;

маршрут схемасы - аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;

рейс - маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың, шағын автобустың жолы.

4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты және тұрақты емес болып бөлінеді.

5. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) алдын ала анықталады.

6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлік құралының техникалық тексеруден өткені туралы белгілер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресімдейтін жол қағазының болуын қамтамасыз етеді.

7. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды тасымалдаушылар ұйымдастырады және осы Қағида талаптарына сәйкес келетін автобустарды, шағын автобустарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.

8. Тұрақты емес тасымалдау:

1) заңды және жеке тұлғалардың бір жолғы тапсырысы (өтінімі) бойынша тасымалдау. Мұндай тасымалдауға: туристік, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету жатады.

Бір жолғы тасымалдау белгілі бір кезең ішінде шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін;

2) таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]