Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor Динара.doc
Скачиваний:
217
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
698.88 Кб
Скачать

1 Билет

1 .Жоғарғы жүйке жүйесінің типтері. Гиппократ бойынша.Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш рет грек ғалымы Гиппократ жасадыСангвиник (ширақ) – мінезі жайдарлы,қағңлез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көнілшең адам.Ол өз мақсатына жетуде жігерлілік,қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі қстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді.Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.Флегматик (салғырт)- сабырлы,байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа кісілермен қиын ұласады, күнделікті дағдыларының өзгерісіне қиындау бейімделеді. Оларға тән белгілі кертартпалық қыңырлық байқалады. Әдетте, қатаң, дәстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері және көңіл-күйі тұрақты келеді. Холерик (ұстамсыз)- албырт, қазба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.Оның мінезі қызбы, өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады.Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жұмыс істей алады.Бірақ шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едәуір аяқталып қалған ісі зая кетеді, ақырында ол оған өкінеді. Меланхолик (саудайы)- мұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады. Меланхоликтер өмірінің өзгерістеріне қиын бейімделеді.Қиын-қасіретке бейім, күйрек, сәздік және сезімділік белсенділігі төмен, тұйық мінезді келеді. Темпераменттің төрт түрін салыстырса, мінез ерекшеліктеріне қарай, олар өте қиын жағдайларда өздерін қалай ұстайтындығын болжауға болады.Сонымен темперамент- бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы. Алайда, кісі мінезінің маңызды жақтарын (дүниетану, көзқарас, тілек, сенім) ол ажыратпайды. Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін белгілемейді, өйткені оның мінез-құлығын санасы басқарып отырады. 2) Жұлынның құрылысы мен қызметі. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында

ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. Б

3) Адам анатомиясы пәні, мақсаты мен міндеттері. Пәннің ғылымдағы орныАдам денесінің пішінін, құрылысы мен атқаратын қызметін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылымды анатомия деп атайды.

Қазіргі анатомия фактілерді сипаттап қан қоймай, оларды қорытындылауға, организмнің қалай құрылғанын белгілеп, организмнің оның ағзалары мен жүйелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары қандай екенін анықтауға тырысады.Онымен қатар ол организмнің ішкі, сондай-ақ сыртқы байланыстарын зерттейді. Адам, анатомиясыныи негізгі маңызды максаты тІрІ организмді тексеру. Адам анатомиясының тағы да бір мін-1 деті — адам денсаулығының дүрыс жағдайы мен патоло-. гиялық жағдайын ажыратуға жәрдем етті. Сондықтап да ; анатомия пәні медицина ғылымынык негізгі бір саласы болып саналады. Анотомия қазіргі ересек адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді. Демек осы мақсатпен: 1 Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамзаттың өсіп жетілуі- филогенезі зерттеледі.2 Қоғамның дамуымен байланысты адамзаттың қалыптасуы және даму үрдісі- антропогенез зерттеледі.3 Индивидтің жеке даму үрдісі-онтогенез оның бүкіл өмірі бойы: жатырдағы және жатырдан тыс, постэмбрионалдық немесе постнаталдық яғни, туғаннан өлгенге дейінгі кезеңдер қарастырылады.

2 билет 1.Шартты және шартсыз рефлекстер. Шартты рефлекстің пайда болу механизмі. Рефлекс пайда болу жағдайына байланысты: Шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді.Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстер организмнің тіршілігінде үлкен орын алады. Шартсыз рефлекстердің өтуі үшін арнайы жағдайлардың болуы қажет емес. Олар рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекстер тұқым қуалаушылық факторларға негізделеді. Шартсыз рефлекстер: Жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай рефлекстерге көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну т.б Күрделі рефлекстер өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстердің мұндай түрін түйсік (инстинкт) деп атайды .Түйсікті сезім – мінез-құлықтың күрделі тұқым қуалау актілерінің жиынтығы болып саналады.Мінез-құлық деп организмнің ішкі және сыртқы факторлар әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерте алу қабілетінен жауап игеруін айтады.Күрделі шартсыз рефлекстерге организмнің тітіркендіргішке жауап реакцияларынан басқа, шартсыз –шартты жүйелер қатысады. Мысалы, күрделі шартсыз рефлектерге тамақтану , қорғаныш, жыныстық бағдарлау рефлекстер жатады. Бағдарлау рефлексінің маңызы ерекше. Бұл рефлекс сезім мүшелерде «Бұл деген не?»деген сұрақ туады. Шартсыз рефлекс организмнің бүтіндігін сақтайды және

сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бейімделудің күрделі түрі тек шартты рефлекстер адамның туған күнінен бастап , оның өмірінің соңына дейін пайда бола береді.И.П.Павлов « Шартты рефлекстер»1903 жылы ұсынған .Оның анықтамас бойынша организм тіршілігінде өмір бойы пайда болатын және толғаусыз тітіркендіргіштердің шартсыз рефлекстермен сәйкес келуі нәтижесінде құралатын рефлекс деп аталады. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекс негізінде құралады.Шартты және шартсыз рефлекстер Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады.Шартты рефлекстің пайда болу механизмі.Шартты рефлекстерді зерттеуге Павлов 1900 ж. кіріскен. Алғашқы кезде экспериментатор иттің қасында отырып, тамақ беруді, тітіркендіргішпен әсер етуді өз қолымен орындаған. Бірақ мұндай жағдайда экспериментатродың әрбір қимылының өзі итке қосымша тітіркендіргіш болып, реакцияның жүрісін я күшейтіп, я әлсіретіп отырған. Осындай бөтен тітіркендіргіштер әсер ете алмау үшін, итті ерекше бөлектенген, дыбыс өткезбейтін камераларда ұстайды. Экспериментатор камераның сыртында отырады. Тамақтандыру, тітіркендіргіштер беру – бәрі механизацияланған, сырттан жасалады. Ерекше баллон арқылы сілекей бөлінуін де сырттан бақылауға мүмкіндік бар. Бір-біріне салыстыруға болатын фактылар алу үшін, итті тамақтандыру тәртібі әр уақытта бірдей болу керек. Тамақты тәжірибеге дейін емес, одан кейін беру қажет. Белгілі бір тітіркендіргіштің әсетінен қозған әрбір рецептор орталық жүйке жүйесіне түсетін афференттік импульстердің көзі болып табылады. Бізге белгілі, шартсыз рефлекстер орындалуы үшін мидың жоғары бөлімінің қатысуы мінтетті емес, оның доғасы төменгі бөлімдер арқылы да өте алады. Дегенмен, ми қыртысы сақталған жануарда қандай шартсыз рефлекс болмасын ол ми сыңарлары қыртысында қозу ошағын тудырады. Егер жай тұрған итке бір бөтен тітіркендіргішпен (индиффренттік) әсер етсе (мысалы, электр шамының жарығымен), онда шартсыз бағдарлау рефлексі байқалады және ми сыңарлары қыртысының көру бөлімінде қозу ошағы туады. Ал электр жарығын жаққан соң тез, 10-30 секундтан соң жануарға тамақ берсе, ми қыртысында екі қозу ошағы туады: бірі – көру ауданында, екіншісі – тамақ орталығында. Шартсыз тітіркендіргіш әсерінен туатын қозу ошағы күштірек болады, сондықтан ол біраз доминанттық роль атқарады. Ол өзін көру ауданында туған қозу ошағын тартады және соңғысының күші теріс индукция заңына сай ілсірейді. Ми қыртысындағы осы екі қозу ошақтарының осындай бір-біріне әсері, (функциональдық өзара әрекеттесу) орталықтарды тітіркендіру тоқталса да, өінің ізін қалдырады. Ал егер олар өз әсерлерін белгілі тәртіппен бір

уақытта ұзақ қайталап отырса, осындай өзара функциональдық әрекеттесуден алдыңғы қалған із күшейе береді де (жиынтықталу жүреді), ақырында ол екі ошақтың арасанда бұрын болмаған шартты байланыс орнайды. Бұл байланыстың сыртқы көрінісі шартты рефлекстің жасалуында. 2 Эритроциттер мөлшері мен қызметі. Эритроциттер ” (грек. erythros – қызыл және kytos – ыдыс) – адам мен жануарлар қанындағы қызыл түйіршіктер. Эритроциттер омыртқасыз жануарлардың (тікентерілердің) қанында да болады. Адам Э-інің пішіні екі жағынан ойыс диск тәрізді, диам. 7 – 8 мкм. Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4 – 5 млн., әйелдерде – 3,9 – 4,7 млн. Эритроциттер болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай). Э-дің тіршілік ету ұзақ. 125 тәуліктей (әрбір секундта 2,5 млн-дай Э. түзіліп, сондай мөлшерде Эритроциттер өз тіршілігін жойып отырады). Э. өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді, қан плазмасынан аминқышқылдары мен липидтерді адсорбциялап, оларды тіндерге жеткізеді. Адам мен жануарлардың Эритроциттерның құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың Эритроциттерінде ядро болады. Эритроциттердің құрамындағы қызыл түсті гемоглобин ағзада маңызды рөл атқарады.Эритроцит (erythrocyti, грек, erythros — қызыл, kytos — жасуша) — сүтқоректі жануарлар филогенезінде газ алмасу процесіне байланысты мамандану нәтижесінде ядросы мен органеллаларынан айырылған ядросыз қанның кызыл жасушасы. Эритроцит пішіні дөңгелек, екі жағы ойыс келген жасуша. Тек түйе мен ламада оның пішіні сопақ болып келеді. Балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалушыларда, құстарда эритроциттің ядросы сақталған, пішіні сопақ болып келеді. Эритроцит құрамының 60% су, 40% құрғақ заттар. Құрғақ заттардың 95% ағзадағы газ алмасу процесін жүргізуге маманданған, қызыл түсті күрделі протеин — гемоглобин кұрайды. Гемоглобинді глобин протеині мен құрамында екі валентті темір болатын қызыл түске бояғыш зат — гем құрайды. Гемоглобин өкпеде оттегімен тотығып, оксигемоглобин түзеді. Организм ұлпаларында ол тотықсызданып (оттегті бөліп, көмірқышқыл газымен байланысады, карбоксигемоглобинге айналып, өкпеде көмірдің қостотығын ауаға шығарып, оттегімен тотығып, қайтадан оксигемоглобинге айналады да, жануарлар ағзасындағы газ алмасу процесін іс жүзіне асырады. Газ алмасу процесімен қатар, эритроцит плазмолеммасына амин қышқылдарын, қарсы денелерді, уларды, дәрі-дәрмектерді сорып алып, тасымалдау қызметін де атқарады

3.Адам анатомиясы пәнінің зеттеу әдістеріАдам анато-мияоының зерттеу әдсітері жалпы екі салаға| бөлінеді. Оныц бөлшектеу салаларын аналитикалық, ал адам мү-шелерін тұтастай тексеретін саласын экспериментальдыщ әдістер деп ата-йды. Бірінші немесе аналитикалық әдіс-тсрге өлік денесін кескілеу, иньекциялық, коррозиялык, мацерациялык, фиксациялау және микроскоп и ялық одіс-тер жатады. Ең ыегізгі жәнс ежелден келе жатқан «кес-КІлеу» әдісі казіргі кезде де өз манызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар жасауға, адам денесініц барлық .мү-шелерімен танысуға жағдай жасайды.Иньекциялық немесе кұйып толтыру әдісі тез ката-тын бояулы заттарды пайдалану арқылы өтедІ. Сол бояулы сұйықтықпен куысты органдардын іші толтыры-лып, олардын. пішіні, құрылысы тексеріледі.Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі қүрылысты органдардыц (өкпе, бауыр) қүрылысын зерттейді. Осы органдардын тамырларын тез қататын заттарды құйьш, катқан соң әр түрлі қышқыл| ерітінділерімен сырткы жұмсақ, тканін ыдыратып, ішкі құрылысы мен пішіні анықталады.Мацерациялық әдіс өлік денсін шірітіп, одан кейін қайпағап сумен шаю арқылы сүйектердеп тұтас каңка жасауға мүмкіндік береді. Ол сүйектер жүмсак тканьнен ажыратылып, .ксптіріліп, сабакқа оку құралы ретінде беріледі.Фиксациялау (бальзамдау) әдІсі түтас депені, жеке орғандарды бұзбай, үзақ уақытқа сактау үшін қолданы-'лады.Микроскопиялык әдіс — анатомиялык зерттеу кезінде органдардын, нозік қурылысын байқау үшін микропрепа-раттар аркылы микроскоп аспабын колданумен өтеді

3-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]