Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
umkd sotsiologiya kaz.doc
Скачиваний:
288
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелі кешені

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк

Әлеуметтану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Әлеуметтік ғылымдар

факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор А.Ж.Шәріп.

_______________________

________________2014 ж.

ALE ӘЛЕУМЕТТАНУ

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

_Әлеуметтанулық емес мамандықтардың студенттеріне арналған

(мамандық атауы және шифры)

Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана

2014

Силлабус

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, әлеуметтану кафедрасы

1. Оқытушының аты-жөні : Бурбаева Перизат Төлеуғалиқызы, ә.ғ.к., аға оқытушы. 70 95 00 (35 108)– әлеуметтану кафедрасы

Ғылыми зерттеу бағыты: Жалпы әлеуметтану, жастар әлеуметтануы, отбасы әлеуметтануы, демография

2. Пәннің аты: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALE 1108

3. Оқу пәнінің жүргізілетін уақыты мен орны: кесте бойынша

Семестр: мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес

Аудитория: кесте бойынша

4.Пререквизиттер: тарих, философия, экономикалық теория негіздері

Постреквизиттер: мәдениеттану, саясаттану

5.Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу пәнінің бағыты. Әлеуметтану қоғамды, ондағы байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттейді. Адамдардың, топтар, таптардың өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік институттармен байланыстарын түсіндіреді. Қоғамдағы қалыптасқан, пайда болған күрделі байланыстар мен қарым-қатынастарға сипаттама береді, қоғам өміріндегі бүкіл құбылыстарды анықтап, тиісті шешім, даму жолдарын көрсетіп беріп отырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Студенттердің санасында қоғам мен оның құрылымы жайлы, ондағы әлеуметтік құбылыстар мен байланыстар жайлы дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыру. Оларды бүгінгі таңдағы қоғамда болып жатқан өзгерістермен таныс ете отырып, ол өзгерістерге талдау жасап, жеке тұлға ретінде баға беруге баулу.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттері әдістемелік және дүниетанымдық жағынан қоғамды тану мәселесін көтергенде қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа көзқарас, теория, тәсілдермен таныстыру:

  • әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның тарихи дамуын түсіндіретін түрлі талаптарды талдап түсіндіру;

  • қоғамдағы теңсіздікті, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды азайту жолдарын қарастыру;

  • әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейде теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету:

  • әлеуметтік институттар мен индивидтер арасындағы байланыстарға бақылау жасап, реттеп отыру.

5.4.Пәнді оқу барысындағы студенттер қалыптастыруға тиіс жайлар мен дағдылар.

  • Әлеуметтану ғылымының қалыптасу логикасын айқындап көрсету, қоғамның дамуын түсіндіретін түрлі әлеуметтанымдық концепцияларды талдап түсіндіру;

  • Қоғамдағы теңсіздікті, жіктік, таптық бөліністердің себебін ашып көрсету, оларды әлеуметтік әділеттілік принципі арқылы шешілу жолдарын түсіндіру;

  • әлеуметтанудағы макро, микро, орта деңгейдегі теорияларға талдау жасап, оларды іс жүзінде қолдануға үйрету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]