Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология Эконом фак.doc
Скачиваний:
362
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
5.85 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу-әдістемелік құралы

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

жаратылыстану ғылымдары

факультетінің деканы

____________Шапекова Н.Л.

_______________________

________________2014ж.

Экономика факультетінің барлық мамандықтарының1 курсында оқитын білім алушылар үшін

Есо 1107 Экология және тұрақты даму пәні бойынша

Оқу-әдiстемелiк құралы Астана 2013

Оқу-әдiстемелiк құралдағы материалдар тiзiмi

1. Силлабус (Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша білім алушыларға арналған оқу пәнінің бағдарламасы);

  1. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар;

  2. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау;

  3. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі;

  4. Білім алушының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар және/немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау;

  5. Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;

  6. Семинар (практикалық) және/немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау;

  7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;

  8. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға арналған оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал және олармен жұмыс істеу бойынша әдістемелік нұсқау;

  9. Пәнді оқуға қажетті қосымша материалдар жинағын көрсететін хрестоматия немесе қосымша;

  10. Курс жұмысын орындау бойынша нұсқаулар (егер оқу жоспарында қарастырылса);

  11. Оқу пәндерінің бағдарламалық және мультимедиялық материалдары (пәннің мазмұнына байланысты).

1. Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы, байланыс телефоны: Бакешова Жұмабике Уалихановна, т.ғ.м., аға оқытушы. 709500, 33-324 «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» халықаралық кафедрасы. Үй телефоны 53-78-10. ұялы телефоны 87011342527. (zhumka.73@mail.ru)

Ғылыми қызығушылық: экологиялық нормалау, экологиялық сараптама

2. Пәннің аты. Экология және тұрақты даму. Жалпы міндетті модуль 3.ЕТD 1107. 2 кредит.

Пәннің пререквизиттер

Бұл курсты оқып меңгеру үшін мектеп бағдарламасындағы келесі пәндер бойынша білімдер қажет: биология, география, химия.

Пәннің постреквизиттері

- философия

- экономика

- саясаттану

- мәдениеттану

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес құрылады.

4. Оқу пәндерінің деректемелері Экология және тұрақты даму курсын тиімді игеру үшін орта мектептегі алған биология және экология негіздері жөніндегі білімі қажет.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты.

Оқу пәні болашақ мамандардың қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты тиімді пайдалануын, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі білімін қалыптастырады.

5.2. Пәнді оқытудың Сабақтың мақсаты.

Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері

- негізгі функциональді экологиялық бірліктерді: жеке түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды, экожүйелерді жайындағы білімді меңгеру.

- табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру

- биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру

- қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны

Аутэкология

Дэмэкология

Синэкология

Биосфера және тұрақты даму