Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силлабус 2013-2014.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
102.4 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Информатика кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Ақпараттық технологиялар

факультетінің деканы

Нұрбекова Ж.Қ.

_______________________

________________2013ж.

Силлабус

Әлеуметтік ғылымдар факультеті мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

Inf 105 Информатика пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

5В00500Әж-11, 5в012300 Әп-11, 5в010800Дшс-11,5в020100-ф-11, 5в020300 т-11, 5в020400 Мт-11, 5в020600 Дт-11, 5в050300 Псх-11, 5в020800 АжЭ-11, 5в050100 ә-11 (мамандықтың шифры және атауы)

Inf 1105 - Информатика

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

Астана 2013

1. Шындалиев Нұржан Тажибаевич – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ң «Информатика» кафедрасының доценті міндетін атқарушы, п.ғ.к., дәріс, зертханалық сабақтарын жүргізеді.

Байланыс телефоны: 87023482228, эл. пошта: nurzhan-11@list.ru

«Информатика» кафедрасы №2 ғимарат, 315 кабинетте орналасқан.

Ғылыми қызығушылықтары: Операциялық жүйелерді әкімшіліктендіру, Компьютерлік жүйелер және желілерді қорғау, Web технологиялар

2. Информатика, 3 кредит.

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны (сабақ кестесіне сәйкес): 1-ші семестр, сабақ кестесіне сай.

4. Оқу пәнінің реквизит алды (пререквизит): орта мектеп көлеміндегі информатика пәнін (ақпарат, ақпараттың өлшем бірліктері, ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, алогритмдер) білуі керек.

Реквизиттен кейін (постреквизит): ақпарат және информатика, ЭЕМ-ң аппараттық және бағдарламалық қамтамалары, қолданбалы бағдарламалық жабдықтар (MS Office пакеті), компьютерлік желілер.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу пәнінің арналуы. Оқытылатын пән болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және әр түрлі мәселелерді шешуде қолданбалы программалар пакеттерін қолдана білуді үйретуге бағытталған.

5.2. Мақсаты. Студенттерді қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар негізімен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру. Дербес компьютер құрылысын ұйымдастыруға және жұмыс жасау принциптерін білуге, құжаттарды өңдеу және дайындау үшін дайын программалық өнімдерді қолдану технологияларын пайдалануға қажет білім, білікті қалыптастыру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері.

  • Ақпарат және информатика бойынша студенттердің теориялық білімдерін қалыптастыру;

  • дербес компьютердің бағдарламалық және аппараттық қамтамалары бойынша студенттердің білім, біліктерін қалыптастыру;

  • студенттердің дербес компьютермен жұмыс жасай білуінің іс – тәжірибелік біліктілігін қалыптастыру;

  • антивирустық қорғаныс тәсілдерін игеруді үйрету;

  • желілік технологияларды қолдануға қажет біліммен және біліктілікпен қаруландыру.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны. Оқу пәні келесідей негізгі тақырыптарды қарастырады: Ақпарат және информатика; ЭЕМ-ң аппараттық және бағдарламалық қамтамалары; Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар (MS Word мәтіндік процессоры, MS Excel кестелік процессоры, MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі); Алгоритмдеу және бағдарламалау; Компьютерлік желілер; Ақпараттық қауіпсіздік.

Апта

Тақырыптар аты

Сағаттар санымен оқытуды ұйымдастырудың формалары

СӨЖ үшін тапсырмалар

1

Кіріспе. Ақпарат және информатика. Ақпараттық процестер. Ақпараттың өлшем бірліктері. Екілік санау жүйесі және ақпаратты кодтау. ЭЕМ-ң даму тарихы.

дәріс -1сағ., СОӨЖ-1сағ., СӨЖ-2сағ.

ЭЕМ-ң даму тарихы. Буындары.

2-3

ЭЕМ архитектурасы. ДК-ң негізгі блоктары. Қосымша құрылғылар. Микропроцессор және оның негізгі сипаттамасы. Аналық тақша. Тұрақты және жедел есте сақтау құрылғылары. Шиналар мен порттар.

дәріс -2 сағ., СОӨЖ-2сағ., СӨЖ-4 сағ.

BIOS (базалық енгізу-шығару жүйесі).

4-5

Бағдарламалық қамсыздандыру. БҚ түрлері. Жүйелік бағдарламалық жасақтар. Операциялық жүйелер. Windows ОЖ-і туралы жалпы түсінік. Негізгі обьектілері. Файлдық құрылым. Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру. Сервистік бағдарламалар қызметі. Аудармашы бағдарламалар

дәріс -2 сағ., СОӨЖ-2сағ., СӨЖ-4 сағ.

ЭЕМ-ң құрылымы. Аппараттық және бағдарламалық бөліктері.

6

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар. MS Word мәтіндік процессоры.

дәріс -1сағ., СОӨЖ-1сағ., СӨЖ-2 сағ.

Word мәтіндік процессоры. Баспа құралы ретінде пайдалану.

7-8

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар. MS Excel кестелік процессоры. Математикалық есептеулерді шығару. Матрицалар. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу. Графиктер, диаграммалар шебері.

дәріс – 2 сағ., СОӨЖ-2 сағ., СӨЖ – 4 сағ.

Санау жүйелері. Түрлері.

9-10

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар. Мәліметтер қоры туралы түсінік. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Мәліметтер қорының құрылымы. Кестелер. Өріс пен жазба. Форма. Кестелерді байланыстыру.

дәріс – 2 сағ., СОӨЖ-2 сағ., СӨЖ – 4 сағ.

ЖОО мәліметтер қорын басқару жүйесін құру.

11

Қолданбалы программалық жабдықтар. MS PowerPoint бағдарламасы. Презентациялар құру.

дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ.

ОЖ. ОЖ түрлері.

12

Алгоритмдеу және бағдарламалау. Алгоритмді бейнелеудің тәсілдері мен қасиеттері. Бағдарламалаудың негізгі бағыттары. Бағдарламалау тілдері. Трансляторлар мен компиляторлар.

дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ.

Windows ортасын баптау.

13-14

Компьютерлік желілер. Түрлері. Желілік және телекоммуникациялық технология. Интернет және электрондық пошта.

дәріс – 2 сағ., СОӨЖ-2 сағ., СӨЖ – 2 сағ.

Интернет ғаламдық желісі.

15

Ақпараттық қауіпсіздік. Криптография туралы түсінік. Ақпаратты қорғау тәсілдері.

дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ.

Компьютерлік вирустар. Антивирустық бағдарламалар.

Зертханалық сабақтар

Тақырыбы

Көлемі

1

“Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасы”

2

2

«Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар.»

2

3

«Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»

4

4

«Word текстік процессоры . Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату»

2

5

«Word текстік процессоры . Формулалар редакторы. Кестелерді құру және форматтау. Кестелердегі есептеулер»

2

6

«Word текстік процессоры. Макростар құру»

2

7

«Кестелік процессор MS Excel». Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі

4

8

«Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу»

2

9

«Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»

2

10

«Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»

2

11

«Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»

4

12

«Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар»

2

13

«Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»

4

14

«Excel програмасының экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары»

4

15

«Периодты төлемақыны есептеу. Амортизацияны есептеу »

4

16

«Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»

2

17

«Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау»

4

18

«Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»

4

19

«Сұратуларды құру»

2

20

«Есеп беруді құру»

2

21

«Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суреттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»

4

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1 Негізгі әдебиеттер

1. Абдрашева Г.Қ. Информатика. – Астана. Еуразия гуманитарлық институты, 2007.

2. Балапанов Е.Қ. Информатикадан 30 сабақ. –Алматы. Шартарап. 1998.

3. Cимонович С. Общая информатика. – Москва. АСТпресс. 2000.

4. Симономич С.В. Информатика. – Москва. Питер. 2006.

5. Мукашева М.У., Андасова Б.З., Ермаганбетова М.А. Информатика. Зертханалық практикум. Астана. ЕҰУ. 2006.

6. Шарипбаев А.А. Информатика. – Астана. Нұржол, 2004.

6.2 Қосымша әдебиеттер

1. Козырев А.А. Информатика: Учебник для вузов. –СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2001.

2. Могилев А.В. и др.. Информатика: Учеб. пособие для студентов пед. вузов. –М.:Изд. Центр «Академия», 2001.

7. Оқуды бақылау және бағалау нәтижелері.

Бақылау түрі

Бақылау әдісі

Бағалау критерийлері

Баға

1

Ағымдық тексеру

Зерт. жұмыстарды тапсыру, реферат даярлау

Жұмыстарды орындау, рефераттарды жазу, баяндау деңгейлері

15-25

2

Аралық бақылау

Бақылау жұмысын жазу, аралық тест тапсыру

Есеп шығару, тест сұрақтарына жауап беру деңгейлері

15-35

3

Қорытынды тексеру

Емтихан, компьютерлік

Тест

тест сұрақтарына жауап беру деңгейлері

20-40

Әріп бойынша бағалау

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшерлеме

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

A-

4,0

3,67

95-100

90-94

Өте жақсы

B+

B

B-

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

Жақсы

C+

C

C-

2,33

2,0

1,67

70-74

65-69

60-64

Қанағаттанарлық

D+

D

1,33

1,0

55-59

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

8. Оқу тәртібінің саясаты.

«Информатика» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу пәні барлығы 3-кредит (соның ішінде дәріс-15 сағат, зертханалық сабақ- 60 сағат)

Студенттердің міндеттеріне сабақтан себепсіз қалмау, зертханалық жұмыстарды, тапсырмаларды уақытында орындау, өзіндік жұмысты тапсыру, кітапхана мен Интернет залда жұмыс жасау кіреді.

Келісілген академиялық күнтізбектегі бекітілген мерзімде аралық бақылау (Р1 және Р2) өтіледі.

Оқу жүктемесінің көлемі мамандықтың оқу жоспары бойынша анықталады. Дәрістерге және зертханалық сабақтарға алдын-ала дайындық, студенттердің өзіндік жұмысы үшін арналған тапсырмаларды міндетті түрде орындау, білімді бақылаудың барлық түрлеріне қатысу талап етіледі.

Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2013 жылғы «5» желтоқсан № 5 хаттамасы.

Кафедра меңгеруші бекіткен _____________________ А.К.Альжанов