Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖ оу ралы 2.doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.59 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі

ТЖ ЖӘНЕ АҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КУРСТАРЫ

"Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

II Кітап

Алматы - 2004 ж.

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оку қүралының II- кітабында II- «Төтенше жағдайларға байланысты жарақаттар, қатты аурулар және улану» тараудың мәселелері мазмұндалған.

Оқу құралының ІІ-кітабын кұрастыруға ТЖ ЛҚ Республикалық курстарының қызметкері Л.А. Суровцев пен оқытушысы, А.Я. Бойко катысты.

Мемлекеттік тілге аударғандар Жунісбаев Н.А.

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оку орындары студенттеріне арналған

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

II Кітап

«Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу кұралының

МАЗМҰНЫ

II- тарау. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАР, ҚАТТЫ АУРУЛАР ЖӘНЕ УЛАНУ»

VIII- тарау. Жарақаттар 5

  • Жарақаттар түрі 5

  • Бас жарақаттары 13

  • Кеуде мен іштің зақымдалуы 17

  • Сүйектің сынуы. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек 21

-Жаралар. Жаралар инфекциясы 30

- Қанның ағуы 42

IX - тарау. Бақытсыз оқиғалар кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы комек 49

  • Күйік. Үсік шалу. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек 49

  • Суға бату. Электр жарақаты. Күннің өтуі. Және ыстык тию 56

-Жүрек- тамыр аурулары 66

X- тарау. Аса қауіпті жүқпалы аурулар 77

-Аса қауіпті (карантиндік) жүқпалы аурулар тобы...89

XI- тарау. Қазақстандағы әлеуметтік маңызды аурулар 99

- Тернің паразитарлы аурулары 112

XII- тарау. Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсету 115

XIII- тарау. Салауатты омір салтының қалыптасуы 127

-Өмір салты және денсаулық 127

  • Денсаулық және жастардың өмір салты 137

  • Денсаулық және экология 148

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 160

"Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған

II КІТАП

Оқу құралы

VIII тарау. Жарақаттар жарақаттар түрі

(Жарақаттар бүл адам ұлпалары мен органдарының зақ- ымдануы, сыртқы себептердің — аяқ-қолдың сынуы мен буын- ның шығуынан, жұмсак ұлпаның жаралануы мен дененің сыды- рылуынан, органдардын, зақымдануынан және көптеген баска жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бүзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялык, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкің. Балалар жарақа- тының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің со- зылуы.буынның шығуы, аяк-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану — бүл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бүған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жүмсақ ұлпалардың ажы- рауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының' зақымда- луы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі кабыктардың тү- тастығы бүзылады (жарақаттар, сүйектің ашык сынуы).

Организм ұлпасыңда бір сәтте, кездейсоқ, катты әсер ету нә- тижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көпте- ген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шүғылдана- тын адамдардың табанының жалпактығы, машинисткалардың та- рамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентге- нологтардың колындағы котыр мен жара).

Уакьптың шектеулі үзігі аралығында халыктың белгілі бір

тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп ата- лады. Жарақаттанушылық өндірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашы- лығы), өндірістік емес (тұрмыс, спорт, көше, көлік) жәнс әс- кери болып бөлінеді.

Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бүзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудыра- ды (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бүл құбылыстар орталық нерв жүйеснің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуы- нан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және кан көп кеткен ауқымды закымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу — адам миының кансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.

Талықсу көбінесе психикалык жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Талықсуга қажу, ашығу, қанның аздыгы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда бола- ды, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бүл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылган бойда сыр- кат қүлайды.

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем