Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ылмыс жасау сатылары

.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
57.34 Кб
Скачать

Қылмыс жасау сатылары

Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.

Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.

Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.

Қылмысқа дайындалу — бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.

Дайындау — бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.

Бейімдеу — заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).

Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.

Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп — адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.

Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды).

Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).

Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі).

Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмыстық бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.

Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп көрсеткен.

Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысудың дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.

Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық деп айтамыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың объектвтік жағының бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай ретте қылмыстың зардабы қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің жиынтығының нәтижесі болуда. Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің қатысушыны білмеуі де мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір-бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты бірге тікелей істейтінін білуі қажет.

Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны орындаушы өзінің істеген әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады. Тар мағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілердің бірі қылмысқа қатысушылардың өзара ролдер бөлісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың бұл түрі   бойынша қылмыстың объективтік жағының белгілерін тікелей орындаушы ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушілер болса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті жөнінде хабардар болады.

Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, олар кейде қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы: көп жағдайларда ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге тікелей қылмыстың объективтік жағының тұтас белгілерін немесе оның бір бөлігін орындауға қатысуы мүмкін. Мұндай ретте қылмысқа алдын ала келісіп қатысу (қатысу нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа қатысушылық (қатысушылардың түрлері) көріністерінің қабаттасуы орын алады. Қылмысқа қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс анықтау қылмысты саралауға және жазаны даралау мәселесін шешуге әсер етеді. Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін белгілеу бірлесіп істеген қылмысты іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтауға және қылмысқа қатысушылардың әрекеті мен келісушілігінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың өзара байланысы тығыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан сипатты білдіреді. Мұның өзі олардың істеген қылмысының қауіптірек болатынын керсетеді.

Қылмыстық кодекстің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын ала келісу, ұйымдасқан топ және қылмысты бірлестік арқылы жасауы деп көрсетілген. Осы аталған бапта қылмысты іс-әрекетті істеудің келісушілігінің дәрежесіне сәйкес қылмысқа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс жүзінде қатысушылардың өзара қылмыс істеуге деген алдын ала келіспеушілігінің болғанына немесе болмағанына байланысты қылмысқа қатысу нысаны төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.

Алдын ала келіспей қылмысқа катысу (31-бап, 1-бөлігі). Мұндай ретте қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей, қоса орындаушылық түрінде, қылмысқа қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыс істелгенге дейінгі уақытта орын алмаған жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмысты топқа қатысушылардың өзара келісуі қылмыс істеу барысында, қылмыстың объективтік жағының белгілерін орындауға кіріскен уақыттан бастап жүзеге асырылады[1]. Алдын ала келіспей топ болып қылмыс істеу көп жағдайда төбелеске қатысып кісі өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйел зорлауда жиі кездеседі. Бұл қылмысқа тән белгі — кылмыс істеуге, яғни қылмыстың объективтік жағын орындауға кіріскен орындаушының әрекетіне баска қатысушылардың қосылып кетуі болып табылады. Мұндайда әрбір қылмысқа қатысушы қылмыстың объективтік жағының белгілерін толық немесе ішінара орындайды.

Қазакстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 23 сәуіріндегі «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» қаулысының топ болып жасалған зорлау деп — бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлағандығы, сондай-ақ айыпкердің бірнеше адам (екеуден кем емес) жәбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен жыныс қатынасын жасаса, бұл әрекет топ болып зорлау деп саралануға жатады. Өздері зорлап жыныс қатынасын жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш қолдану арқылы басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар топтасып зорлауды орындаушылар болып табылады»— делінген. Алдын ала келіспей қылмысқа топ болып қатысу өте қауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз кездесетін қылмыс болып табылады.

Қылмысқа катысу нысанының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала сөз байласып, келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттерді орындағанға дейін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі көрсетілген баптардағы іс-әрекеттерді істегенге дейін басқа бір адаммен болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын ала келісіп істеуінің белгілері: біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны екіден кем болмайды; екіншіден, олардың қылмыс істеу туралы келісімі қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады. Қылмысқа қатысудың бұл нысаны Қылмыстық кодексте нақты қылмыс құрамының негізгі немесе жетілдірілген (квалифицирующий) белгілері немесе жауаптылықты ауырлататын  мән-жайлар ретінде керсетілген. Мысалы: 175-баптың 2-белігінде бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлау — делінген. Бұл жерде қылмыс істеуге келісу деп қылмысқа қатысушылардың дайындалып немесе істейін деп жатқан қылмыс жөніндегі өзара ауызша, жазбаша келісімге қол жеткізуін айтамыз. Келісімнің түпкі мақсаты қылмысқа қатысушылардың барлығынан да істейтін қылмыс құрамының объективтік жағын орындауға тікелей қатысатыны туралы болады, яғни қылмыс қоса орындаушылықпен жүзеге асырылады. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдаскан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден — қылмысқа кем дегенде екі адам катысады, екіншіден — ондай қатысу алдын ала қасақана бір немесе бірнеше қылмыс істеу жөнінде келісіледі, үшіншіден — қылмыстық топ тұрақты топқа жатады. Алдын ала ұйымдаскан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары, әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың өзара ролін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және жоспарланған әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді атқаруы арқылы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тұрақты топ дегеніміз бір немесе бірнеше қасақана қылмыстар істеу үшін құрылған топ болып табылады. Мұндай тұрақты топтың мүшелері болып кейде мемлекеттік өкімет: басқару органдарының жауапты қызметкерлері де болуы мүмкін. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес ұйымдасқан топ болып қылмыс істеу қылмысты жетілдіретін, ауырлататын белгі ретінде бірнеше бапта көрсетілген. Мысалы, 175 бап, 3 бөлік, «а» тармағы, 178-бап, 3-бөлігі, «а» тармағы, 177-бап, 3-бөлік, «а» тармағы, т. б.

Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластық қылмысты ұйым жасаған қылмыс деп танылады. Қылмыстық сыбайластыққа тән өзіндік белгілердің бірі қылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушілігінің ең жоғары дәрежеде болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан кұрылым екендігіне байланысты. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар істеу үшін адамдардың біріккен тұрақты және топтасқан тобының көрінісі болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) қатысушылардың тұрақтылығы, топтасқандығы қылмысқа қатысудың тек қана осы түріне тән белгілері болып табылады. Бұл жерде қылмыстық сыбайластықтың (кылмыстық ұйымның) тұрақтылығы деп оның мүшелерінің өзара үнемі байланыста болуын және олардың бірнеше ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеуге даярлану, оқталу, жүзеге асыру әрекетінің өзіндік әдістерінің көрініс беруін айтамыз. Алдын ала келісімнің және өзара тығыз сыбайластықтың, бірлестіктің тұрақтылығын көрсетеді. Қылмысқа бірге қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық белгілерін сипаттайтын қылмыстық мақсатты жүзеге асырудағы ортақ бірлігінің бар болуын қылмысты сыбайластыққа (қылмысты ұйымға) топтасқандық деп танылады. Қылмыстық сыбайластықтың (кылмыстық ұйымның) істеген қылмысының қауіптілігі сол, бұл ұйым жәй ғана өзара келіскен адамдар тобынан емес, қылмысты кұкыққа қарсы әрекеттермен шұғылдану үшін жасалған тұрақты, басқарылатын ұйымға топталған адамдардан тұрады. Бұл басқарылатын тұрақты ұйымның мақсаты ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты әрекеттермен шұғылдану болып табылады. Мұндай ұйым, әдетте бірнеше, саны белгісіз, қылмыстарды жасау үшін, орындалуы қиын, ауқымы кең, тәсілі мен әдісі жөнінен күрделі ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстарды жүзеге асыру үшін құрылады. Қылмысты топтың мүшелері арасында әрқайсысының атқаратын рольдері белгіленеді. Мұндай басқарылатын ұйым көп жағдайларда ауыр немесе ерекше ауыр қауіпті қылмыстарды жүзеге асырады. Қылмыстық сыбайластықпен (қылмысты ұйыммен) істелетін қылмыстардың кейбір түрлері қылмыстық заңда жеке қылмыс құрамы ретінде көрсетілген. (Мысалы, 237-бап. Бандитизм). Банда дегеніміз — азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты, қарулы топ құру. Бұл қылмыс тұрақты басқарылатын ұйымға топтасқан адамдар арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды қылмыстық құқық теориясы қылмыстық ұйыммен, бірлестікпен жасаған қылмыс  деп таниды. Қылмыстық құқық теориясы мұндай ұйымның кұрылуын және оған қатысудың өзін аяқталған қылмыс қатарына жатқызады.

Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін қылмыстың зияны да, қауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) айырмашылығы бар. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты — ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеу, қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оны күн көріс көзіне айналдыру. Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналып кетеді. Сол сияқты қылмыстық сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай белгі болмайды.